Тапсырма Сұрақтарға жауап беру:
1)Хромотография деген не және ол түрлі заттарды қалай айыра алады?
2)Хроматография әдісінің мәні неде?
3)Бұл әдіс қандай принципке негізделген?
Сабақ жоспары № _11_(теориялық оқыту)
Барлық оқушылар үшін:
Галогендердің тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерін анықтайды
Көпшілік оқушылар үшін:
Галогендердің тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастырады
Кейбір оқушылар үшін:
Галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиетттерін біледі
Бағалау критерийлері
Галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды
17 тобында балқыту температурасы мен қайнау температурасының өзгеру бағытын анықтайды
Атом құрылымы мен элементтердің физикалық қасиеттері арасындағы өзара байланысты анықтайды.
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
Интербелсенді тақта арқылы оқушыларға көрсетілімдер, атап айтқанда кремний және оның қосылыстарының қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамалары, олар туралы статистикалық деректер көрсетіледі.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-шаралар
Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)
Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық орта қалыптастыру.
Суретте не көрсетілген?
Бүгінгі сабақ тақырыбын анықтап көрейік?
Периодтық кестедегі элементтердің топ және период бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылығы бейнеленген.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Білімді жаңарту
(15мин.)
Активити 1
(С) Кестеде берілген мәндерге қарай отырып галогендердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіріңіз.
Дескриптор:
Галогендердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын кестедегі мәндерге қарай отырып сипаттайды.
Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)
(Жж)Топ бойынша (жоғарыдан төмен қарай) галогендердің қасиеттерінің заңды өзгеру тенденциясын жазыңыз:
А) атом құрылысындағы электрон саны
В) атомдарының радиусы
С) химиялық белсенділігі (реакцияға түсу қабілеті)
D) электртерістілік
F) бейметалдық, металдық қасиеттер
G) тотықтырғыш қасиеті, тотықсыздандырғыш қасиет
H) электрондық қабат саны
Дескриптор:
-галогендердің қасиеттерінің өзгерісін сипаттайды.
(С) сұрақ:
Галогендер қасиеттерінің заңды түрде өзгеруінен астаттың физикалық, химиялық қасиеттеріне болжам жасауға бола ма?.
Активити 3. Периодтық кестемен жұмыс
(Жж) Оқушыларға ↑ және ↓ белгілері беріледі.Оқушылар төмендегідей сұрақтарға осы белгілер арқылы жауап береді.
1.Топ бойынша металдық қасиеті .. .артады? (жоғарыдан төмен қарай)
2.Топ бойынша металдық қасиеті ... кемиді? (төменнен жоғары қарай)
3.Топ бойынша атом радиусы ... артады?
(жоғарыдан төмен қарай)
4.Топ бойынша атом радиусы ... кемиді?
(төменнен жоғары қарай)
5.Период бойынша атом радиусы ...кемиді?
(солдан оңға қарай)
6.Период бойынша металдық қасиет кемиді?
(солдан оңға қарай)
7. Период бойынша бейметалдық біртіндеп артады?
(солдан оңға қарай)
ноутбук, ғаламтор сайттары
PowerPoint
«Identifying metal ions and negative ions»
Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)
А. Топтағы галогендердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері қалай және не себептен өзгереді;
В.Фтордың байланыс энергиясы хлорға қарағанда не себептен аз түсіндіріңіз; (немесе не себептен сутек және галогендер молекулаларында байланыс энергиясы төмендегі мәндермен сипатталады ):
молекула
Е, кДж/моль
Н2
435,1
F2
154,8
Сl2
242,7
Вг2
192,5
I2
150,6
С. сутек молекуласында галогендерге қарағанда байланыс энергиясы мәні неліктен үлкен және реттік нөмірінің өсуімен байланыс энергиясы галогендер молекуласында алдымен артып, содан кейін кемуінің себебін түсіндіріңіз
Сабақ мақсатына қайта оралу, бағалау критерийлерінің орындалуы.
Нені білдім, нені үйрендім...
Нені толы
түсінбедім...
Немен жұмысты жалғастыру қажет...
Рефлексия (5мин.)
Галогендер VIIA топшада орналасқан, олар: фтор F, хлор Сl, бром Вr, йод I, астат At. Астат - радиобелсенді элемент.
Жалпы мәліметтер
Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns2 nр5 (n=2-6). Бұл элементтердің топтық атауы «тұз түзуші» деген түсінікке сәйкес келеді.
Галогендердің соңғы электрондары р-деңгейшесіне түседі, сондықтан олар р элементтеріне жатады. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай олардың атом радиустары артады, қайнау температурасы мен тығыздықтары да осы бағытта өседі. Олардың агрегаттық күйлері газдан (F2, С12) сұйықтыққа (Вr2), ары қарай қатты (І2) күйге өзгереді, түстері де біртіндеп қоюлана түседі.
Галогендер типтік бейметалдар, себебі олардың сыртқы валенттілік қабаттарының толысуына бір ғана электрон жетіспейді, оны қосқанда тотықтырғыштық қасиет көрсетіп, өзінен кейін тұрған бекзат газдардың электрондық кұрылысын алады.
⠀
Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді, себебі атом радиустары артқандықтан ядроның электрон тарту күші азаяды.
Фтор қосылыстарында тек бір валенттілік қана көрсетеді, тотығу дәрежесі үнемі -1,0-ге тең, себебі ол электртерістіктілігі ең жоғары элемент; оның екінші энергетикалық деңгейінде екі ғана деңгейшесі бар, электрондардың дараланып көшетін орны болмағандықтан топ нөміріне сәйкес валенттілік көрсете алмайды. Қалғандары топ нөміріне жеткенше тақ мәнді валенттіліктерді (I, III, V, VII) көрсетеді, тотығу дәрежелері: -1, 0, +1, +3, +5,