Білім беру бағдарламаларының ОҚу-бағдарламалық ҚҰжаттамалары



бет14/77
Дата03.08.2023
өлшемі7,37 Mb.
#105008
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77
Тапсырма
Сұрақ жауап
1. Жұмыс ұғымына анықтама беріңіз және оның болмысын түсіндіріңіз.
2. Ішкі энергия ұғымына анықтама беріңіз және оның болмысын түсіндіріңіз.
3. Әртүрлі үдерістер үшін термодинамиканың бірінші заңынын аналитикалық тұжырымдамасын жазыңыз және болмысын түсіндіріңіз.

Сабақ жоспары № 6__(теориялық оқыту)



Күні






Дайындаған оқытушы

Әбдіхамит А.Қ

Пән /Модуль

Химия

Топ

107,110,115

Сабақтың тақырыбы

Химиялық реакция жылдамдығы

Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)

реакцияның орташа жылдамдығын есептеуді жүргізу

Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)

Оқушылар орындаулары тиіс
Реакцияның орташа жылдамдығына арналған есептерде формуланы қолданып жазбаша есеп шығарып, ауызша есептің шығарылуын түсіндіре білу.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
орташа жылдамдық, бастапқы концентрация, соңғы концентрация, константа, температура

Бағалау критерийлері



1.Химиялық реакцияның жылдамдығын біледі.2.Күнделікті өмірмен байланыстырады.

Сабақтың түрі



Жаңа сабақ

Оқыту әдістері мен тәсілдері



Топтық жұмыс, ыстық орындық

Пәнаралық
Байланыс

Физика, математика

Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Тапсырма қағаздары,

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт



Жоспарланған іс-шаралар



Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Оқушылардың бірінші сабақта алған білімдерін тексеріп, әр оқушының қаншалықты түсінгенін білу үшін кері байланыс алынады. Ол үшін оқушыларға «бос орынды толтыр» кестесі таратылады




Білімді жаңарту
(15мин.)

Жаңа білім
Оқушылардың алдыңғы білімдері туралы кері байланыс алған соң, сабағымыздың екінші оқу мақсатын ашу үшін мұғалім есептің шартын презентация арқылы шығарады. Оқушыларға есептің шартын жартын жазып, шығару жолын ұсынуларын сұрайды.
Оқушыларға ойланып, болжам жасаулларына 3 минут уақыт береді, әр оқушының болжамдары тыңдалған соң, мұғалім олардың жауаптарын білу үшін жаңа оқу мақсатымен таныс болу керектіктерін және бүгінгі сабақта осыған ұқсас есептердің қалай шығарылатынын білетін боласыздар деп, оқушыларға оқу мақсатын таныстырады.




Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)

Оқушыларға формула презентация арқылы шығарылады. Сол формуаланы пайдаланып, реакцияның орташа жылдамдығын анықтауға болатынын түсіндіреді.
Оқушыларға жұмыс парағын үлестіреді. Әр оқушы жұмыс парағын тыныштықта орындайды, мұғалім сынып ішінде жүріп, оқушылардың жауаптарын тексеріп, бағыт бағдар беріп, жүреді. Қиындық туындап отырған оқушыларды тақтаға шығарады.

ноутбук, ғаламтор сайттары

PowerPoint


«Identifying metal ions and negative ions»

Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)

"Ойлан,жұптас,топтас"әдісі Әрбір топ оқулықтан өздеріне берілген тапсырманы оқып,түсінгенін топта талқылайды.(58бет) 1-топ:Химиялық реакция жылдамдығын арттырудың тұрмыста тиімді жақтары? 2-топ:Химиялық реакция жылдамдығын арттырудың тиімсіз жақтары? 3-топ:Күнделікті өмірде кездесетін химиялық реакциялардың гомогенді және гетерогенді реакцияларды ажыратып жазыңдар?
Критерий Дескриптор Құрылысы мен алынуын біледі Тиімді және тиімсіз химиялық реакцияларды сипаттай алады. Қосылыстарын атауымен біледі.. Маңызды химиялық реакцияны қолданылу аясын атай алады. Оқулықпен жұмыс жасайды. Топта талқылайды. Топ жұмысын қорғайды. ҚБ: "Серпілген сауал" стикерлер арқылы бағалау






Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)

Есептер шығару,тақырыпқа презендатция жасау




Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)

Оқушылардың жұмысын бағалау топтарды марапаттау




Рефлексия (5мин.)



Әр оқушы оқу мақсатқа сәйкес 1 есептің шартын ойдан құрастырып, шешу жолын ұсынып, мұғалімге тапсырып кетеді.



Химиялық реакция тездеу үшін, реакцияласушы заттардың молекулалары жиі түйісуі қажет екендігі анықталды. Түйісуді жиілендіру үшін алдымен реакцияласушы молекулалардың санын, демек, концентрациясын өсіру керек.



  • Мысалы: Н2 + І2 = 2HI реакциясын алсақ, реакцияның жылдамдығы минутына 0,001 моль болсын. Енді, реакцияласушы заттың бірінің айталық, йодтың концентрациясын 3 есе өсірдік; онда йод пен сутегі молекулаларының белгілі уақыт ішінде түйісу саны үш есе артады, демек, олардың арасындағы реакцияның жылдамдығы да үш есе артады; 2 есе өсірсек, онда реакцияның жылдамдығы алты есе артып, минутына 0,001 ∙ 3 ∙ 2 = 0,006 моль болады.

Химиялық реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрациясының әсерін зерттеген, Норвегияның екі ғалымы Гульдберг пен Вааге 1867 жылы мынандай қорытындыға келеді:

  • Химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттар концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал. Мұны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды. Енді сол заңды математика тіліне аударып, реакцияны жалпы теңдігі :А + В = С А және В затының концентрацияларын [A] және [B] деп, реакцияның жылдамдығын υ арқылы белгілесек, онда, υ = k ∙ [A] ∙ [B] болады; бұл арадағы k – пропорционалдық коэфициенті деп аталады. Егер алынған теңдікте [A] = 1 және [B] = 1 болса, онда, υ = k болады, демек, k – реакцияласушы заттардың концентрациялары бірге тең (1 моль/л) болған жағдайдағы реакция жылдамдығы, k - әрбір реакцияның өзіне лайықты тұрақты шама, ол тек қана реакцияласушы заттардың жаратылыстық қасиетіне қарай және температураға тәуелді өзгереді, сондықтан оны реакцияның жылдамдық константасы деп атайды.

Реакцияласу үшін заттың біреуінен теңдік бойынша бір емес бірнеше молекула керек болса, онда, реакция жылдамдығының теңдігі басқа түрде болады, мысалы:

  • 2А + В = D не A + A + B = D

Осы реакция жүру үшін А затының екі молекуласы мен В затының бір молекуласы бір мерзім ішінде түйісу керек. Мұндай жағдайда математикалық анализге сәйкес реакция жылдамдығының теңдігінде А заты концентрациясының мәнін екі рет алу қажет: υ = k ∙ [A] ∙ [A] ∙ [B] = k ∙ [A]2 ∙ [B] жалпы алғанда А затының m молекуласымен В затының п молекуласы реакцияласса: тА + пВ = Г реакцияның жылдамдығының теңдігі мынадай түрге ауады:

Тапсырма


Сұрақтар

  1. Ион алмасу реакциясы (-лары).

  2. Химиялық ракцияға түсетін қосылыс (–тар).

  3. Карбонат, сульфит, сульфат иондарын анықтайтын реактив (-тер).

  4. Реакция іс жүзінде аяғына дейін жүретін реагент (-тер).

  5. Fe3+, Cl− иондарының сапалық құрамын анықтайтын реактив (-тер).

  6. KOH+ Cl2(суық ерітінді)→ реакция нәтижесінде түзілетін зат (-тар).

  7. KOH+ Cl2(ыстық ерітінді)→ реакция нәтижесінде түзілетін зат (-тар).

Сабақ жоспары № _7_(теориялық оқыту)



Күні




Дайындаған оқытушы

Әбдіхамит А.Қ

Пән /Модуль

Химия

Топ

107,110,115

Сабақтың тақырыбы

Химиялық тепе-теңдік

Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)

реакцияның орташа жылдамдығын есептеуді жүргізу

Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)

Оқушылар орындаулары тиіс
Реакцияның орташа жылдамдығына арналған есептерде формуланы қолданып жазбаша есеп шығарып, ауызша есептің шығарылуын түсіндіре білу.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
орташа жылдамдық, бастапқы концентрация, соңғы концентрация, константа, температура

Бағалау критерийлері

1.Химиялық реакцияның жылдамдығын біледі.2.Күнделікті өмірмен байланыстырады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Оқыту әдістері мен тәсілдері

Топтық жұмыс, ыстық орындық

Пәнаралық
Байланыс

Физика, математика

Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Тапсырма қағаздары,

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт



Жоспарланған іс-шаралар



Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Оқушылардың бірінші сабақта алған білімдерін тексеріп, әр оқушының қаншалықты түсінгенін білу үшін кері байланыс алынады. Ол үшін оқушыларға «бос орынды толтыр» кестесі таратылады




Білімді жаңарту
(15мин.)

Жаңа білім
Оқушылардың алдыңғы білімдері туралы кері байланыс алған соң, сабағымыздың екінші оқу мақсатын ашу үшін мұғалім есептің шартын презентация арқылы шығарады. Оқушыларға есептің шартын жартын жазып, шығару жолын ұсынуларын сұрайды.
Оқушыларға ойланып, болжам жасаулларына 3 минут уақыт береді, әр оқушының болжамдары тыңдалған соң, мұғалім олардың жауаптарын білу үшін жаңа оқу мақсатымен таныс болу керектіктерін және бүгінгі сабақта осыған ұқсас есептердің қалай шығарылатынын білетін боласыздар деп, оқушыларға оқу мақсатын таныстырады.




Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)

Оқушыларға формула презентация арқылы шығарылады. Сол формуаланы пайдаланып, реакцияның орташа жылдамдығын анықтауға болатынын түсіндіреді.
Оқушыларға жұмыс парағын үлестіреді. Әр оқушы жұмыс парағын тыныштықта орындайды, мұғалім сынып ішінде жүріп, оқушылардың жауаптарын тексеріп, бағыт бағдар беріп, жүреді. Қиындық туындап отырған оқушыларды тақтаға шығарады.




Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)

"Ойлан,жұптас,топтас"әдісі Әрбір топ оқулықтан өздеріне берілген тапсырманы оқып,түсінгенін топта талқылайды.(58бет) 1-топ:Химиялық реакция жылдамдығын арттырудың тұрмыста тиімді жақтары? 2-топ:Химиялық реакция жылдамдығын арттырудың тиімсіз жақтары? 3-топ:Күнделікті өмірде кездесетін химиялық реакциялардың гомогенді және гетерогенді реакцияларды ажыратып жазыңдар?
Критерий Дескриптор Құрылысы мен алынуын біледі Тиімді және тиімсіз химиялық реакцияларды сипаттай алады. Қосылыстарын атауымен біледі.. Маңызды химиялық реакцияны қолданылу аясын атай алады. Оқулықпен жұмыс жасайды. Топта талқылайды. Топ жұмысын қорғайды. ҚБ: "Серпілген сауал" стикерлер арқылы бағалау



ноутбук, ғаламтор сайттары

PowerPoint


«Identifying metal ions and negative ions»

Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)

Есептер шығару,тақырыпқа презендатция жасау




Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)

Оқушылардың жұмысын бағалау топтарды марапаттау




Рефлексия (5мин.)



Әр оқушы оқу мақсатқа сәйкес 1 есептің шартын ойдан құрастырып, шешу жолын ұсынып, мұғалімге тапсырып кетеді.



Химиялық тепе-теңдік — бір немесе бірнеше қарама-қарсы жүретін қайтымды реакциялар жылдамдықтарының теңескен күйі. Қайтымды реакция аяғына дейін жүрмейді, ол басталғанда тура жүретін реакцияның жылдамдығы (v1) жоғары, кері реакция жылдамдығы (v2) баяу болады. Тура реакция жүрген сайын реакцияға алынған заттың концентрациясы азайып, v1 — жылдамдығы кемиді, керісінше, тіке реакциядан пайда болған өнімнің концентрациясы артып, v2 күшейеді. Біртіндеп екі реакция жылдамдығы теңеседі: v1=v2. Осындай жағдайды химиялық тепе-теңдік деп атайды. Тепе-теңдік орнағанмен қарама-қарсы бағытталған екі реакция да тоқтамай жүре береді. Егер сыртқы жағдай (қысым, концентрация, температура) өзгермесе реакция жылдамдықтары тең болып, химиялық тепе-теңдік орнаған қалпында қала береді, сондықтан оны жылжымалы немесе [динамикалық] тепе-теңдік деп те атайды. Реакцияласушы жүйенің бір тепе-теңдік күйден басқа басқа тепе-теңдік күйге ауысуын химиялық тепе-теңдіктің ығысуы дейді. Химиялық тепе-теңдік орнаған кездегі реакцияға қатысқан әр заттың концентрациясы тепе-теңдік концентрациясы деп аталады. Химиялық тепе-теңдікті сан жағынан сипаттайтын көрсеткіш тепе-теңдік константасы (тұрақтысы) (К) деп аталады: aA+bB=pP+qQ, мұндағы бас әріптер — заттардың формулалары, кіші әріптер — реакциядағы молекула сандарын көрсететін коэффициенттер. Тепе-теңдік константасы тура және кері реакциялардың жылдамдық константаларының (k1,k2) қатынасы деп те аталады: K=k1/k2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет