Әрқашан жаңа ұғымдарды қалыптастыру барысында қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстарына сүйену керек. Мысалы орта мектеп географиясында кездесетін геометриялық ұғымдар келтірілген төмендегі кестені мұғалім математика сабақтарында (геометрияда) қолдануға болады, 1-кесте.
Формула ұғымы бастауыш сыныптан бастап енгізіледі. Бұл ұғыммен оқушылар кейін де математиканы оқу барысында кездеседі. Сондықтан жоғары сынып оқушыларына бұл терминнің математикадағы мағынасын оңай түсіндіруге болады. «формула деп бір сөйлемді өрнектейтін математикалық белгілердің және әріптердің комбинациясын айтады». «Формула» терминінің жалпы мағынасы «тұжырымды айтылған жеке қорытынды» болып табылады.
«Формула» терминінің басқа пәндерде басқа мағынаны білдіретінін оқушылар білу керек. Мысалы, химия пәнінде формула деп және тағы басқа түрдегі өрнектерді айтады. Яғни химияда формула дегеніміз «химиялық күрделі заттектер мен процестердің әріп арқылы шартты белгіленуі».
Тарихта, экономикада өз формулалары бар. Экономикада «ақша-тауар-ақша» қатынасы – формула.
Қазақ тілінде де формула ұғымы қолданылады. Сөйлемдерді формализациялауға арналған тиімді тәсіл болып табылатын сөйлемдердің шартты формулалары. Мұндай формулалар арқылы сөйлем мүшелерінің сызықты түрде орналасуын сызықты формула, ал оның құрылымын құрылымдық формула көрсетеді.
Әртүрлі ғылымдарда бір термин әртүрлі ұғымдарды белгілейтін жағдайлар кездеседі. Ұғымдар мен олардың атауларының арасында бірмәнді сәйкестік болуы керек деген пікір жиі кездеседі. Бұл әрине жақсы болар еді. Бірақ өкінішке орай, бұлай еш уақытта болған жақ және болмайды да. Әрқашан синонимдер мен антонимдер кездеседі.
Мысалы «гипербола» математикада кері пропорционал тәуелділік түріндегі функцияның графигі болатын қисықты, ал әдебиетте асырып айтуды анықтайды. «Өріс» сөзі математикада белгілі математикалық құрылымды, ал физикада қандай да бір күштің әсер ету кеңістігін, биологияда өңдеу учаскесін белгілейді.