2. Бағдарлама: 2.1. Кіріспе 1978 ж. дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматыда өткен конференциясында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің анықтамасы берілді, қажетті медициналық көмек көрсетудің экономика жағынан ең тиімді жолы деп және алғашқы медициналық көмек концепсиясының дүние жүзінің барлық денсаулық сақтау жүйесінде аса маңыздылығы айтылды. Қазіргі уақытта жалпы дәрігерлік практика кең тарады және біздің елде денсаулық сақтаудың реформалануының негізінде денсаулық сақтаудың алғашқы буынының дамуы жатыр. Алғашқы денсаулық сақтауға бағытталуы емдеумен күтімге шығынның аз шығуымен, науқастардың қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандырудың сапасының артуы және тұрғындардың денсаулық деңгейінің көрсеткіштері артып, дәрі-дәрмектерді аз қолдануымен байланысты.
Жалпы практика дәрігері көбінесе қоғамдық денсаулық сақтаудың, алдын алу медицинасының және науқастардың денсаулығын өз бетімен нығайтудың қиылысында жұмыс істейді. Егер бойында жан жақтылық, қол жетерлік қасиеті болса және науқасқа үздіксіз қызмет көрсете білсе, нақты науқасқа және көпшілікке бағытталып ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетсе кез-келген маман дәрігер жалпы практика дәрігерінің рөлін атқара алады
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойыншатәжірбиелік сабақтың, БӨЖ және ОБӨЖ сағат саны