Білім (когнитивті) домені: Қолдану: Науқастармен қарым қатынаста этикалық принциптерді қолданады.
Дағдылар (психомоторлы) домені:
Дәлділік: Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін дәлділікпен орындайды.
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру: Коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіре алады.
Б2.3.
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)
КОММУНИКАТИВТІ
Б2.3. МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР:
Білім (когнитивті) домені: Есте сақтау: ЖПД тәжірибесінде кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін және халықтың денсаулығын нығайту шараларын есте сақтайды.
Түсіну:кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін түсінеді.
Қолдану: амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинауда, амбулаториялық жағдайда науқасты қарау арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қоюда білімін қолданады.
Дағдылар (психомоторлы) домені:
Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды.
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: науқастың жай-күйін бағалауда білімді қолдана отырып тиісті іс-әрекеттердің дәйектілігін дұрыс ұйымдастыра алады.
Б2.4.
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1)
КОММУНИКАТИВТІ
Б2.4. АЙҒАҚТЫ МЕДИЦИНА
Білім (когнитивті) домені: Түсіну: Айғақты медицина анықтамасын, кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың, емдеу мен тексеру жүргізудің дәлелмен нақтылап жүргізу принциптерін түсінеді.
Қолдану: Пәнді дұрыс игеру үшін дәлелді медицина бойынша, науқастарға кеңінен таралған ауруларын амбулатория жағдайында тексеру, диагностикалау барысында нақты дәлелденген принциптерді қолдана алады.