Білім беру бағдарламасы: 5B130100 «Жалпы медицина» Академиялық кредит/академиялық сағат: 15/450 Тәжірибелік сабақ 6/180



бет8/32
Дата09.10.2024
өлшемі121,54 Kb.
#147445
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
жаңа 2023-2024 силлабус ЖДП негіздері каз дұрыс

Дағдылар (психомоторлы) домені:
Дәлділік: Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін дәлділікпен орындайды.
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені:
Құндылықтарды үйлестіру:, айғақты медицина кезеңдерін және заңдылықтарын, ережелерін, коммуникациялық дағдылар мен нақты ауруға қатысты іс шаралар принциптерінің құндылыктарын түсіндіріп үйлестіре алады.

2.5. Пәннің алғы және кейінгі реквизиттері:
2.5 Пәннің алғы реквизиттері: ішкі аурулар негіздері, балалар аурулары негіздері, хирургиялық аурулар негіздері, акушерия іс және гинекология негіздері.
2.5 Пәннің кейінгі реквизиттері: жоқ.


2.6. Пәннің қысқаша мазмұны
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» (ішкі аурлар) пәні ішкі ағза ауруларының этиологиясын, патогенезін, жіктемесін, клиникалық көріністерін, синдромдық диагностикасын, диагнозды дәлелдеу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін оқытады. Айғақты медицина тұрғысынан тиімді емдеу принциптерін үйретеді. Сауығу критерийлерін, болжамын, алдын-алу шараларын оқытады.
Жүкті әйелдерді амбулаториялық жағдайда жүргізу. Амбулаториялық жағдайдажүктілік диагностикасының алгоритмі. Қауіп тобын анықтау. Жүктілердегі ерте гестоздарды және гипертензиялық жағдайларды диагностикалау. Гестоз кезіндегі ЖТД іс әрекеті. Түсік қаупі. Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Жүктілерді госпитализациялауға көрсеткіштер.
Босанған әйелдерді амбулаториялық жағдайда жүргізу.Сүт бездерінің жағдайы және босанған әйелдердегі жатырдың субинволюциясы. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетулер мен маститтің алдын алу шаралары.
ЖДП жұмысындағы әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулар. Әйел жыныс мүшесі қабыну ауруларының тиімді диагностикалау ұстанымдары. Зертханалық диагностиканың минимальды скринингі. МЖЖС жағдайында емдеу протоколы. Профилактикалық мониторинг. Уақытша жұмысқа жарамсыздық мерзімі. Балалық және жеткіншек шақтағы жыныс мүшесі қабыну ауруларының ерекшелігі.
Етеккір қызметінің бұзылысы. Әртүрлі жас кезеңіндегі етеккір қызметінің бұзылысы. Перименопауза және менопауза. Климактериялық бұзылыстар.
Жанұяны жоспарлау сұрағы бойынша кеңес беру.Жанұяны жоспарлау сұрағы бойынша кеңес берудің негізгі ұстанымдары. Контрацепция әдістері. Көрсеткіш және қарсы көрсеткіштері. Гормоналды контрацептив қолданатын пациенттерді бақылау ұстанымдары. Жеткіншектердегі, босанған әйелдердегі және соматикалық аурулары бар әйелдердегі контрацепция ерекшелігі.
Хирургиялық аурулар бойынша жалпы практика дәрігерінің практикасында кеңінен тараған жағдайлардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және динамикалы бақылаудың жалпы принциптері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.
Балалар ауруы бойынша мектепке дейінгі және мектептен кейінгі балалармен жасөспірімдерді амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін оқып білу және іскерлікті қалыптастыру.
МЖЖС жағдайында емдеу протоколы. Профилактикалық мониторинг. Уақытша жұмысқа жарамсыздық мерзімі. Балалармен жасөспірімдерді мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет