Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі


Тілдің грамматикалық жағынан дамуы



бет27/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
Байланысты:
ЖТБ Силлабус 2021

. Тілдің грамматикалық жағынан дамуы
Фонетика сияқты тілдің грамматикалық құрылысы да өте баяу өзгереді. Оның себебі грамматикалық құрылым – әрі қат-қабат, әрі күрделі жүйе. Ол тілдің басқа салаларына қарағанда өзіндік категорияларының молдығымен де, көнелігімен де ерекшеленеді. Мәселен, бүкіл түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де тән жалғамалылық қасиетті алсақ, ол сонау III-IV ғасырлардың өзңнде-ақ жасалынып, Орхон-Ерисей жазбаларының өзінде ( Vғ.) әбден орныққанын көреміз.
Алайда, тілдің грамматикалық құрылымы да дамуда болады. Мысалы, көне жазбаларда етістіктің жедел өткен шағы үш жақта да –дұқ/дұғ, -дүк/-дүг формалары арқылы берілген: Мен иармақ тер-дүк. Біз иак құр-дұқ. Ол сүт сағ-дұқ. Алар үвгә кір-дүк. Ал кейінде жедел өткен шақты білдіру функциясы алдыңғы –дұ (ды),-дү (-ді) формантында ғана сақталған да, оның соңындағы –қ/ғ, -к/г қосымшалары әрі жақтық, әрі көптік формантқа айналған: Ол кітап оқы-ды, сен кітап оқы-ды-ң, біз кітап оқы-ды-қ. Сол сияқты, көне жазбаларда шартты рай жасайтын жұрнақ –сар/-сер түрінде қолданылған. Қазір олар –са/-се түрінде қолданылады.
Тілімізде қазіргі есімше жасайтын –тын/-тін (айт-а-тын) жұрнағы үстіміздегі ғасырдың бас кезіндегі жазбалардың өзінде –тұрған/-тұғын (айта тұрған> айта тұғын) түрлерінде айтылып, жазылып келгені мәлім. Қазір ол –тын/-тін (бара-тын, келе-тін) түрінде қолданылады. Ал жіктік жалғауының үшінші жағын білдіретін –ды/-ді қосымшасы ол кезде –дүр (бар-а-дүр, кел-е-дүр) түрінде айтылса, қазіргі –ушы форманты бұрын –ғушы (жазғушы) түрінде қолданылған.
Грамматикалық құрылымдағы дамудың, жетілудің мәнбілері (фактілері) синтаксистен де табылады. Тегінде, жаңалық грамматиканың морфологиясынан гөрі оның синтаксис саласына молырақ енетін тәрізді. Мысал үшін «Дала уалаяты» газетінен бір үзінді алып көрелік: « Осыған қарағанда көрініп тұр жатақдың ұяғаятын себебі уақтысыменен егінге айналыспағаннан екені һәм егін салуды бағзыларының білмейтүнінен екендігі және бар қарасынан айырылып қалған соң егін салуға шамасы келмей қалатұнынан» (05.01.1890).
Бұл сөйлемде пікір қайталауын туғызатын орынсыз ежіктеулер, сөйлем сымбатын бұзатын басы артық элементтер көп. Сөздердің орын тәртібі сақталмай және олар бір-бірімен қиыса жымдаспай, олпы-солпы болып тұр. Сондықтан да, ондағы ой анық емес, бытыраңқы, бас-аяғы жинақталмаған.
Мұны айтқандағы мақсатымыз – «Дала уалаяты» газетінің тілін сынау емес, қазіргі тіліміздің сол кездегімен салыстырғанда қаншалықты ілгері басқандығын, қандай өзгерістерге ұшырағандығын көрсету ғана.
Сонымен, тіл дамып отырады екен. Ол даму ішкі, сыртқы себептерге, мәнбірлерге байланысты болады. Қай себептің әсерінен болса да, дамудың түпкі мақсаты – тілдік механизмді жетілдіре беруге, оның икемділігін, орамдылығын арттыра беруге бағытталуға тиісті. Егер олай болмаған жағдайда тілдегі өзгеріс – тілді дамыту емес, оны кері кетіру болып шығатындығы сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет