Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет23/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Байланысты:
ЖТБ Силлабус 2021

Тіл дамуының заңдылықтары
Тілдің дамуы жөніндегі мәселе - жалпы тілтану ғылымының күрделі проблемаларының бірі. Сондықтан тілдің даму заңдылықтарына тоқталмас бұрын алдымен оның зерттелу тарихына тоқталып өтелік.
Тілдің дамып отыратын тарихи құбылыс екенін зерттеушілердің бәрі мойындайды. Бірақ сол “ даму қалай болады ?” дегенге келгенде елдің бәрі бірауызды болмады. Мәселен , тарихи – салыстырмалы тіл білімін негіздеушілердің бірі – Франц Бопп: “ Тілдегі даму оны бүлдіруге әкеп соқтырады”,-деп білді. Ф.Гегель (философ): “ Дамудың екі кезеңі - тарихқа дейінгі және тарихтан кейінгі кезеңі болады. Тарихқа дейінгі дәуірде тіл қалыптасады, дамып жетіледі. Екінші, яғни тарих басталғаннан кейінгі кезеңде тіл дамуды тоқтатады ; кері кетіп заман өткен сайын бардан айырылып кедейленеді”,-дейді.
Неміс ғалымдары Фридрих және Август Шлегельдер мен Август Шлейхер тілдерді морфологиялық типологиялық белгілеріне қарай жіктеп , оларды түбір тіл, жалғамалы тіл, қопарылмалы тіл деп үшке бөліп алды да, кейінгі кезде бұлар төртке бөлініп жүр – Б.Қ, бұл үш түрлі типті дамудың үш дәуірі, үш кезеңі атады. А .Шлейхердің пікірінше бұл кезеңдердің үш ең төменгі басқышы – түбір тіл де , ал ең жоғарғы сатысы- қопарылмалы, яғни флективті тіл. Дамуға, прогреске бейімі, жетілгені – флективті тілдер”- дейді. Бұл көзқарас кейініректе тілдердің тең еместігі жөніндегі шовинистік, нәсілшілдік теориясымақтарға негіз болды.
Сондай-ақ, А. Шлейхер: “ Тілдік өзгерістер жалпы организмдер жалпы организмдерде болатын өзгерістермен бірдей, бәрі де бір ғана заңға бағынады.Жалпы организмдер сияқты тіл де туады, өседі, өледі”- дейді. Бұл да қате пікір еді. Өйткені тілдетуу,өсіп қартаю, өлу дейтіндер болмайды. Онда тарихи даму ғана болады.
Тілдік өзгеріс биологиялық өзгерістерден мейлінше басқа. Биологиялық организмдер туып, өсіп, қартайып, өліп жатса, тілдегі даму бірте –бірте және үздіксіз жүріп жататын құбылыс. Тілдегі өзгерістер тілді дамытып, жетілдіруге, оны шыңдап, сұрыптап, қабілеттілігін, орамдылығын, икемділігін арттыруға бағытталады.
Қозғалыс, яғни даму - тілдің барлық жағдайындағы (синхрондық жағдайындағы диахрондық жағдайындағы) күйіне тән қасиет. Бірақ бұдан тілдің екі жағдайындағы даму бірдей деген қорытынды шықпауға тиіс. Шартты түрде мұның алғашқысы – түрленіс (варирование), соңғысы – өзгеріс( изменение) деп атауға болады. Даму дегеніміз - міне, осы екеуінің жиынтығы.
Түрленіс тілдің синхрондық жағдайдағы күйіне тән. Мұнда тілдің жүйесі, құрылымы өзгермейді. Құрылымның барлық қабаттарында да тек сандық қозғалыстар, түрленістер болады. Сөйтіп, олар бірте- бірте болатын сапалық өзегріске (эволюцияға) әзірлік жасайды.
Ал өзгеріс – тілдің диахрониялық жағдайдағы күйіне тән қасиет. Ол - тілдің синхрондық тілдегі түрленістерден келіп туады ; соның жоғарғы сатысы , яғни аяқталуы болып табылады. Мұндағы тілдің құрылымына , жүйесіне әсерін тигізеді.
“Өзгеру, даму дегеніміз, - деп жазды “ Жалпы тіл білімі ”атты еңюектері төлиелері авторлары, бір элементтің екінші бір элементті ығыстырып шығаруынан, соның орнын басуынан бастап, бірте- бірте формалық, функциялық немесе семантикалық өзгеріске ұшырауына дейінгі процесс.Ал түрленіс дегеніміз - бұрыңғы мен жаңа тұлғаның қатар өмір сүруі”.
Ф.де Соссюр : Бір дәуірде өмір сүрген екі тілдің біреуі күшті өзгеруі, дамуы, екншісі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Бұлардың біріншісіне диахрондық , екіншісіне синхрондық зерттеулер қажет, - деп көрсетеді. Мұнысы дұрыс. Өйткені синхрондық зерттеу тілдің бір ғана дәуір ішіндегі жүйесін, құрылымын сипаттайды. Ал диахрондық зерттеу тілдің белгілі бір дәуірдегі жүйе элементтерін екінші бір кезеңдегі жүйе элементтерімен салыстырады.
Қысқасы, өзгеріске ұшырамайтын, бір қалыпта қалып қоятын тіл болмайды. Тіл атаулының барлығы сөздік құрамы, фонетикалық және грамматикалық құрылымы жағынан заман өткен сайын өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Өйткені, даму, өзгеру – тіл атаулының табиғатына тән қасиет. Бұл тілдің қоғам өміріндегі атқаратын қызметіне байланысты.
Тілде болатын өзгерістер алуан түрлі болады.Бірақ солардың барлығы бірдей тілдің дамуы деген ұғымға жата бермейді. Мысалы, қазақ тіліне Қазан төңкерісінен кейін орыс және орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінің сан мыңдаған сөздері еріксіз ендірілді. Олардың айтылуы да жазылуы да орыс тілінде қалай болса, қазақ тілінде де солай болу үшін, қазақ тіліне орыс тілінің 12 дыбысы зорлықпен енгізілді. Қазір қазақ тілінде 29 дыбыстың орнына 42 дыбыс (әріп) бар. Бұл не? Даму ма ?
Әрине жоқ!
Тілдің дамуы – оның бөтен дыбыстариен, бөтен сөздериен молаюы емес, морфологиялық, синтаксистік құрылымдарының шыңдалып, жетілуін,лексикалық құрамының жаңа төл атаулармен толығуын, сөйтіп, тілдің өз ерекшелігін жоғалтпай, икемділік, орамдылық қасиеттерінің артуын айтады.Сондықтан да, тілдің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысында, лексикасында болатын дамулар – құрылымдық дамуда деп аталады.
Тіл дамуы деген ұғымға, сонымен бірге,оның қоғамда атқаратын қызметінің молаюы мен кеңеюі де жатады. Дамудың бұл түрін функциялық даму деп атайды. Ол негізінен экстра- лингвистикалық жағдайларға тәуелді.
Тіл дамуының өзіндік заңдылықтары болады. Ол қандай заңдылықтар ? Санап көрелік
1) Даму бірте – бірте ілгері жылжу жолымен болады, яғни ол ревалюциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен дамиды.
2) Тілдің дамуы қоғам дамуымен тығыз байланысты. Бірақ бұл екеуінің дамуы бірдей емес. Олардың әрқайсысының өзіндік даму заңдылықтары , ерекшеліктері бар.
Тілде қоғам өміріндегі сияқты эволюциялық ырғулар,секірулер, ескіні күшпен жою деген сияқты өрескелдіктер болмайды. Тілне енетін жаңалық мысқылдап, біртіндеп сіңіседі.
3) Тілдік қабаттардың (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) барлығы бірдей біркелкі бір деңгейде дамымайды. Олар әр түрлі қарқында, әр түрлі мөлшерде дамиды.
Мұндай өзгерістерге ( дамуға ) екі түрлі мәнбір (фактор) себепші болады. Оның бірі – ішкі мәнбір, екіншісі – сыртқы мәнбір.
Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына себеп – тілдің өзі, оның ішкі даму заңдылығы болса, ол ішкі мәнбір болады, ал себеп тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, яғни әлгі тілді қоршаған ортадан (қоғамнан) болса, ол сыртқы мәнбір болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет