Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет25/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Байланысты:
ЖТБ Силлабус 2021

Тіл дамуының ішкі мәнбірлері
Тілдің өзгеруіне, дамуына ішкі мәнбірлердің де тигізетін әсері аз болмайды. Оның сыртқы мәнбірлерден негізгі айырмашылығы – егер ішкі мәнбірлер барлық дәуірде бірдей және үздіксіз әсер етеді.
Тілде болатын өзгерістердің (дамудың) көпшілігі ішкі мәнбірлерден болады. Яғни өзгеріс тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша іске асады.
Ол заңдар мыналар:
1) Айтуды жеңілдету заңы (талабы). Бұл заң бойынша, сөйлеуші әрқашан тілдік элементтердің айтуға жеңіл болуын, сөйлеу мүшелеріне күш түсірмеуін көздейді. Мұны көбінесе тілдердің дыбыстық құрылымындағы құбылыстардан, орфография мен орфоэпия арасындағы өзгешеліктерден байқауға болады. Соны жеңілдету үшін сөйлеу процесінде қатар тұрған екі дауысты дыбыстың біреуі түсіріліп айтылады: Сарыарқа >Сарарқа, келе алмады > келелмады, т.б. Сол сияқты, қазақ тілі үшін сөз басында екі не үш дауыссыз дыбыстарды шоғырландырып айту да қиын. Мұндай жағдайда олардың басына не араларына қысаң дауыстыларының бірін қосып айтушылық бар. Станция – ыстансия – ыстанса, трактор – тырақтыр – тірәктір, т.б. Тіл-тілде кездесетін алуан түрлі үндесулер (сингармонизм) де осындай қиындықтарды жеңілдетуден туған құбылыстар.
2) Кез келген тілде өзінің тілдік элементтерін жалпылап (абстракциялап) қолдану заңы бар. Бұл заң бойынша, бір кездердегі толық мағыналы сөздер келе-келе грамматикалық морфемаларға, шылау сздерге айналып кетеді. Мысалы, бара тұрған > баратын, келе тұрған > келетін, т.б.
3) Тіл дамуына тән тағы бір заңдылық – бөліну (дифференциялану) заңы деп аталады. Бұл заң бойынша, бір сөз бірнеше сөзге сараланады. Мысалы, ар, хухумат: өкімет «власть», үкімет «правительство»; ар.ғилм: ғылым, ілім, білім т.б. Аталған заңды кейде әр түрлі мағыналарды әр түрлі формалар арқылы беру заңы деп те атайды. Оған бәйге (бәйгеге қатысты, ат жарысына қатысты) – бәйгі (бәйгі алды- жүлде, сыйлық алды), ғұмыр-өмір, ауа-әуе, матыпру-батыру, дөңгелек-доңғалақ т.б дегендерді мысалға келтіруге болады.
4) Тілдік элементтерді үнемдеп немесе ықшамдап қолдану заңы. Бұл заңы бойынша, тілдегі күрделі элементтер ықшамдалып, қолдануға ыңғайлы, пайдалануға жеңіл болады. Мысалы, аюдың ақ дәрісі (репонтикум) >аюдың дәрісі > аю дәрісі > аюдәрі немесе ақдәрі;тәуелсіз мемлекеттер достастығы > ТМД; бара+мын > барам т.б.
5) Басы артық элементтерді қолданбау заңы. Мысалы, тіліміздегі “жомарт адам жоқтығын білдірмес, жүйрік ат тоқтығын білдірмес” деген мақал қолдануда “жомарт жоқтығын, жүйрік тоқтығын білдірмес”деп, қысқартылып алынады. Болмаса “мен бардым” дегенді – “бардым”, “сен келдің” дегенді – “келдің” дей саламыз. Бұлар олсыз да түсінікті басы артық элементтерді қолданбау мақсатынан туған құбылыстар.
6) Тілдердің дамуына ұқсастық (аналогия) заңының да әсері елеулі. Бұл заң бойынша, тілде бұрыннан бар құбылысқа ұқсастырылып, екінші бір тілдік элементтер туады. Мысалы, тілімізде бар жатақ, тұрақ сөздеріне ұқсастырылып, кейінгі кездерде ұшақ сөзінің, сәлемдеме сөзіне ұқсастырылып – көрермен сөздерінің тууы, міне, осы заңның нәтижесі.
Қысқасы, тіл – дамып отыратын құбылыс. Заман өткен сайын оның фонетика, лексика, грамматика деп аталатын қабаттарының бәрі де өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Ескертетін нәрсе: тілдің әр қабаты (деңгейі) әр түрлі сипатта өзгереді, дамиды. Бұл әр қабаттың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.
Енді осы мәселелерге аздап тоқталалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет