Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі


Тіл дамуының сыртқы мәнбірлері (факторлары)



бет24/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
ЖТБ Силлабус 2021

Тіл дамуының сыртқы мәнбірлері (факторлары)
Сыртқы мәнбірлердің ішіндегі бастысы – қоғам, қоғамдық құрылыс. Қоғамның дамуы тілдің дамуына әсер етеді. Өйткені тілдің тағдыры сол тілде сөйлейтін халықтың тағдырымен тығыз байланысты. Ал халықтың тағдыры қоғамның дамуына тәуелді.
Тілдің даму жолында екі түрлі процесс болады. Оның біріншісі – біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі. Бұл – тіл білімінде бөліну (дифференциялану) процесі деп аталады. Екіншісі- жеке диалектілердің, тілдердің бір-бірімен жақындасу,бірігу процесі. Бұл – бірігу (интеграциялану) деп аталады. Тілдердің дамуында болатын, мұндай бөліну (ажырасу) процесі де, бірігу (қосылу) процесі де қоғамға тікелей байланысты. Қоғамның бөлшектенуі тілдің де бөлшектенуіне әкеп соғады. Болмаса керісінше: әр түрлі тілде сөйлейтін қауымдардың бірігуі олардың тілдерінің бірігуін туғызады.
Тілдік өзгерістерге себепші болатын сыртқы мәнбірлердің ең күштісі – қоғамдық прогресс. Егер қоғам экономикасы, техникасы, ғылымы жағынан күшті дамыса, мәдени өзгерістер мен жаңалықтар көп болса, ондай қоғамдағы халықтың тілі де жақсы дамиды. Оған дәлел ретінде көпшілік халықтардың тілінде соңғы ғасырларда пайда болған телефон, телеграф, радио, теледидар, компьютер, пойыз, ұшақ,тікұшақ деген сияқты сөздерді келтірсек те болады.
Тіл дамуына себепші болатын сыртқы мәнбірлердің тағы бір елеулі түрі – тілдердің бір – бірімен байланысы, қарым – қатынасы. Бір – бірімен дұрыс қарым – қатынаста, байланыста болған тілдер, сөз жоқ, бірінде жоқты бірінен алып, байып отырады.
Бірақ бұл – екі халықтың арасындағы қарым – қатынастың сипатына байланысты. Егер олардың арасындағы қарым – қатынас достық ниетте емес, қараниеттік, арамдық пиғылда болса, яғни бірін екіншісі ассимиляциялау (бір халықты екінші халыққа зорлықпен сіңіріп жіберу, қосып алу) мақсатында болса, онда тілдік даму деген болмайды. Ал егер тілдер арасындағы қатынас достық, теңдік ниетте болса, онда олар, сөзсіз, бірінің дамуына бірі себепші, жәрдемші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет