Сабақтың мақсаты: XIX ғасыр тіл білімі, зерттелу жайы, тіл философиясын дамытудағы В.Гумбольдттың рөлін баяндау.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: XIX ғасыр тіл білімінің зерттеу жайы
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы жетістіктері мен кемшіліктері.
Тіл философиясын дамытуда В.Гумбольдттың ролі.
Типологиялық зерттеулердің ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Өткізу формасы: баяндау
Бағалау критерийлері:
пәннің зерттеу нысанын білу;
ғылымның өзге салаларымен байланысын дәлелдей алу;
Әдебиеттер: 1. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1999.
2. Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. А., 2004.
3. Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. А., 2005.
4. Жолмаханов Ш. Тіл білімінің тарихы, Қарағанды, 1999.
5. Рүстемов Л. Тіл білімі тарихына қысқаша шолу А., 1984
6. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
№5 семинар сабақтың тақырыбы: XIX ғасыр тіл біліміндегі ғылыми бағыттар мен мектептер.
Сабақтың мақсаты: XIX ғасыр тіл біліміндегі ғылыми бағыттар мен мектептерді тереңірек талдау
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Тіл біліміндегі натуралистік бағыттар.
Логикалық және психологиялық бағыттар.
Жас грамматикалық бағыттар және оның Москва, Қазан лингвистикалық мектептері.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.