Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет20/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Байланысты:
ЖТБ Силлабус 2021

Тіл – таңба.
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Лингвистер бұл мәселеге ертеден бері-ақ назар аударып келеді. Фердинанд де Соссюр өзінің «Жалпы тіл білімінің курсы» (1916) атты еңбегінде тілді таңбалар жүйесі деп қарастырған және оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстырған.
Таңбалар жүйесінің мынандай түрлері бар: жол бойының белгілері, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер т.б. Бұларды шартты таңбалар деп атайды.
Тіл – таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы. Ендеше, тілді де, оның элементтерін де (морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді) тілдік таңбалар деп білеміз. Мұндағы негізгі мәселе – таңба мен мағынаның байланысында.
Тілдің немесе тілдік бірліктердің таңбалық сипатына не жатады?
Біріншіден, тілдік бірліктер (сөздер) нені білдірсе де жалпылап білдіреді, екіншіден, сол білдірген (танытқан) нәрсесін ойға, санаға тіркейді (таңбалайды) және оны сақтайды, сөйтіп оны келешек ұрпаққа жеткізеді. Яғни тілдің таңбалық сипатына тілдік бірліктердің үш түрлі қызметі жатады. Олар: 1) атауыштық қызмет (затқа ат қою;белгілеу, тіркеу – нормативті қызметі), 2) коммуникативтік қызметі (бір нәрсені хабарлау, пікір алысу қызметі), 3) эстетикалық қызмет (сезімге әсер ету – эмоционалдық, экспрессивтік қызмет).
Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы – формасы, екінші жағы – мазмұны. Мысалы, көшедегі бағдаршамның (светофордың) жасыл түсі – сол таңбаның формасы, ал «көшеден өтуге рұқсат» деген мағынасы – оның мазмұны. Тілдік таңбалардың да (бірліктердің де) дәл осындай екі жағы болады. Мысалы, бала, -лар/-лер, -дың/-дің т.б. Бұл формалар мен мазмұндар тек сол таңбалар жүйесінде ғана мәнге ие бола алады; ол жүйеден тыс әлгіндей мағыналарды білдіре алмайды. Айталық, қазақ тілінің түбір морфемасы (бала) немесе аффикстік морфемасы (-лар) орыс тілінің, болмаса басқа бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Сондықтан да, біз «қазақ тілінің жүйесі», «орыс тілінің жүйесі» деген терминдерді жиі қолданамыз.
Шартты таңбалар мен тілдік таңбалардың айырмашылықтары бар. Егер шартты таңбаның бір формасына әдетте бір ғана мазмұн сәйкес келсе, тілдік таңба әр уақыт солай бола бермейді. Кейде тілдік таңбаның бір формасына бірнеше мазмұн (мағына) сәйкес келуі мүмкін, болмаса керісінше: бір мазмұнға бірнеше форма сәйкес келуі мүмкін.
Мұны былайша көрсетуге болады: бір форма >бірнеше мазмұн (көп мағыналық омонимия) немесе бірнеше форма > бір мазмұн (синонимия, дублет, вариант).
Тілдік таңбаның түрлері (типтері) : фонемалар, грамматикалық морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.
Тілдік таңбаның екі түрлі белгісі бар. Олар еріктілік және шарттылық.
Еріктілік және шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан да, бір зат әр тілде әр түрлі сөздермен (әр басқа дыбыстық кешенмен) аталына береді(белгіленеді). Ол зат пен оның атауының арасында шартты түрде ғана (табиғи емес) байланыс болады.
Енді тілдік таңба мен шартты таңбалардың арасындағы айырмашылықтарға келелік. Бұлардың арасында ұқсастық бар, сонымен бірге, оларды бірдей, тең деп есептеуге болмайды. Ұқсастығы: екеуінде де форма мен мазмұн бар, екеуі де – бірдеме жайында «хабарлаудың» құралы. Ал айырмашылықтары:
1)Тіл – ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Шартты таңбалардың қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар,хабарлау мүмкіндігі анағұрлым аз. Мысалы, бағдаршамның қызыл түсі «көшеден өтуге болмайды» дегеннен басқа еш нәрсе хабарлай алмаса және ол хабары сол маңға ғана қатысты болса, тіліміздегі қызыл деген сөз бірнеше ұғымды қамтиды және ол ұғым барлық аймаққа ортақ : бірінші – түстің атауын, екінші – «ет» немесе «бидай» деген ұғымды, үшінші – «большевик» дегенді, төртінші – «қылша, қызылша» (корь) деген ауру атын білдіреді.
2)Тілдік шартты таңбалардан екінші айырмашылығы – ол (тіл) мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, адамның хабарлайтын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, қуанышын немесе қайғысын да білдіреді. Мысалы, жоғарыда аталған қызыл сөзінің «ет» немесе «бидай» деген мағынасы жағымды сезімімізді тудырса, ауруды еске салып тұрған төртінші мағынасы («балама қызыл шығып жатыр» деген) – аяныш сезімін тудырады. Қызыл сөзінің «большевик» деген мағынасы да сондай. Ол бұрын жағымды мағына тудырса, қазір жағымсыз мағына туғызады. Мұндай қасиет таңбалардың басқа жүйелерінде (мысалы, жол белгілерінде) жоқ.
3)Шартты таңбалар келісім бойынша қолдан жасалады, келісім бойынша өзгертіле алады. Мысалға қазақ тіліндегі Ұ дыбысын аталық. Ол дыбысты біз араб әліпбиін (алфавитін) пайдаланып жүрген кезде ` әріпімен белгілеген едік. Кейін, яғни 1929 жылы латын әліпбиіне көшкенде оны U әріпімен таңбаладық. 1940 жылы орыс графикасына (кириллицаға) көшкен кезде әлгі дыбысты (тағы да келісім бойынша) Ұ әрпімен таңбалауды жөн деп таптық.
Тілдік таңбалар қоғам мүшелеріне бағынышты емес. Мысалы, қара, сары деген сөздерді адамдар келісіп жасаған жоқ. Тым ерте замандарда ата-бабаларымыз қара, сары түстіде солай атаған. Әрбір жаңа ұрпақ қалыптасқан сөзді сол күйінде қабылдайды, сол күйінде үйренеді. Ол ешқашан өзгермейді. Егер өзгере қалса, келісім бойынша емес, тілдің даму заңдары бойынша ғана өзгереді. Мысалы: сарық >сарығ>сары.
4)Барлық шартты таңбалар сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді, олардың мағыналары тіл арқылы айқындалады, тіл арқылы түсінікті болады. Мысалы, бағдаршамның қызыл түсін тіл арқылы: «қызыл шам – өтуге болмайды деген белгі» деп түсіндірмесек, қызыл шам өздігінен еш нәрсені білдіре алмаған болар еді.
Сонымен, тілдік таңбалардың қызметі, мәні зор екен; оның ауқымы кең. Шартты таңбалар тілдік таңбалардың қызметін атқара алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет