Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет28/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Тілдердің өзара әсерлілігі
Тілдерде неге өзгерістер болады?
Оның себептері көп. Солардың бірі-тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, өзара әсері.
Тілдердің өзара әсері екі түрлі жолмен болады. Бір жолы-тоғысу түрінде, екінші жолы-тілдік элементтердің(дыбыстардың, морфемалардың, сөздердің, сөйлем құрылысының) енуі түрінде.
Тілдірдің тоғысуы(этникалық топтардың бірігуі) процессінде субстрат, суперстрат, адстрат, деп аталатын құбылыстар пайда болады.
Субстраттың нәтижесінде жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке дыбыстарды, кейбір морфемаларды қабылдайды. Яғни, субстрат дегеніміз-жеңілген тілдің жеңген тілдегі элементтерді. Мысалы, қазіргі Франция жерінде ертеде келт(галл) деген халық тұрған. Оларды римдіктер (француздар мен испандар) жаулап алды да, ол халықтың тілі жойылды. Бірақ, қазіргі фарнцуз, испан тілдерінде сол жойылған келт тілдерінің кейбір элементтері сақталған. Келт субстраты дегеніміз-француз, испан тілдеріндегі сол қалдық элементтер(мысалы, француз тіліндегі И дыбысы) Суперстрат дегеніміз – жоғарғыға керісінше: жеңген халықтың жеңілген халық тілінде қалдырған ізі әсері. Ал адстрат дегеніміз – екі халықта да жарыса қатар өмір сүретін тілдік элементтер.
Енді тілдердің өзара әсері нәтижесінде тілдік элементтердің енуне (яғни, екінші жолға) келелік.
Удмурттар (фин-угор жатады) мен татарлар (түркі тобына жатады) баяғыдан

14 дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам


Тіл және этникалық бірлік. Тіл бірлігі – бір қалыптан өзгермейтін, қатып қалған құбылыс емес, өзгеріске ұшырап отыратын тарихи құбылыс. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да, араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болу да мүмкін.Соған қрай тілдік бірліктің географиялық көлемі де әр түрлі. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері. Негізінен алғанда, тайпалық бірліктің бірнеше рулардың, халықтық бірліктің бірнеше тайпалардың бірігуінен барып қалыптасатын ғылым бекер демейді.Этникалық топтардың бұлай күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің де бірігіп, күрделенуін туғызады.Бұлай шоғырлануда тайпа құрамына немесе халықтық бірлік құрамына енген белгілі бір этникалық топтың тілі басқалар арасына кеңірек тарап, бара – бара бірлік құрамына енгендердің барлығына ортақ тілге айналады да, өзге тілдер бірте – бірте соның құрамына еніп сіңеді.Бұл жағдай қоғамның этникалық бірліктерінің ұсақтан іріге қарай күрделене дамитындығы сияқты тілдің де көптеген ағза күрделене дамитындығын байқатады. Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір – бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен. Тілдің қай – қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған. Адам қоғамының алғашқы рулық бірліктен ұлттық бірлікке қарай дамитыны сияқты, тіл де ру тілінен тайпа, халық, ұлт тіліне ауысып күрделене дамиды. Ертедегі шағын қауымдастықтар тілінен кейінгі замандардағы күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында тілдер дамуында екі түрлі процесс болды.Оның біріншісі – белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі.Бұл процесс – тіл білімінде дифференциация деп аталады.Екіншісі – жеке диалектілердің, тілдердің бір – бірімен жақындасу, бірігу процесі.Бұл процесс тіл білімінде интеграция деп аталады. Тіл дамуында болатын дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында молырақ болады.Өйткені адамдардың жеке – жеке ұсақ қауым болып өмір сүруі – алғашқы қауымдық бірліктің негізгі белгілерінің бірі. Интеграция – дифференциацияға тура қарама – қарсы процесс. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі. Тілдік жағдаят (ситуация). Бір тілдің немесе бір территориялық - әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси - әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік жағдаят деп аталады. Тілдік жағдаят. Билингвизм. Билингвизм. Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір – бірімен қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас – құралас халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп, өздерінің күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана береді.Осыдан барып екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм деп аталады.
Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адамдар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы – көп ұлтты мемлекет болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір – бірімен қарым – қатынас жасау үшін, орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі – орыс ұлтының ана тілі болуымен қатар, екінші жағынан, Кеңес заманында халықтардың ұлтаралық тіліне де айналды. Креол тілдер. Африка, Оңтүстік – Шығыс Азия, Океания, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция отаршыларының ұрпағы – креолдардың тілдері. Креол тілдердің пайда болуы тілдердің пиджинделу процесімен, яғни пиджин (ағылшынның бұрмаланған business іс сөзінен) тілдердің қалыптасуымен байланысты.

15 дәріс тақырыбы: Тілді зерттеу әдіс- тәсілдері


Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс – тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт – бағдарына қарай жіктеушілік бар.Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы – тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б.жатады. Салыстырмалы – тарихи тіл білімі – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған. Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 – жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған. Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін тіл білімінің саласы. Психологиялық тіл білімі – сөйлеу процесінің қалай іске асатыны, адам психикасындағы қабылдау, түйсік, байымдаумен сөйлеудің байланысын, оның тіл жүйесіне қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Этникалық тіл білімі. Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт. Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған. Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт.
Синхрониялық тіл білімі – тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды. Диахрониялық тіл білімі – тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі.Оны тарихи тіл білімі деп те атайды. Дескриптивтік тіл білімі – Америка үндістерінің тілін зерттеуге байланысты америкалық структурализм құрамында 20 ғасырдың 30-50- жылдарында пайда болған тіл білімі. Математикалық тіл білімі – табиғи және кейбір жасанды тілдердің құрылысын аппарат арқылы формалды түрде зерттеп сипаттайтын тіл білімі. Қолданбалы тіл білімі – тілді практикалық талаптарға сәйкестендіріп қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыратын тіл білімінің саласы.Ол ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың орта кезінен белгілі болды. Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы. Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы. Бұл салалар жеке тілдер туралы ғылымның да, жалпы тіл білімінің де қарауына жатады.Әрине, әрқайсысында әр түрлі көлемде сөз етіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет