Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет26/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Тілдің фонетикалық жағынан дамуы.
Әдетте тілдің дыбыстық құрылымы те баяу өзгереді. Солай дей тұрсақ та, тіліміздің артикулациялық базасында біраз өзгерістердің болғандығын байқау қиын емес. Айталық, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бәрінің де жуан-жіңішке сыңарлары бар. Тек «Е» дыбысының ғана жуан сыңары жоқ. Неге? Себебі бұл дыбыс – А мен Ә-нің аралығынан кейіннен жасалған дыбыс.
Сондай-ақ араб тілінің әсерінен тілімізге Х (хабар), Ф (Фатима) дыбыстары, орыс тілінің әсерінен В (тап- таву, теп – теву, таува) дыбысы еніп, артикулациялық базамыздан орын алып бара жатыр.
Ескерте кететін тағы бір нәрсе: қазақ сөзін, қазақ сөйлемдерін орыс тілі екпінімен, орыс тілі акцентімен айтушылық – тілімздің дыбыстық құрылымының даму мәнбісі емес. Өйткені мұндайлар тіл дамуы болып есептелмейді. Ол, керісінше, қалыптасқан өз заңы бар тілді бүлдіру болып саналады.
Біздің жоғарыда келтірген мәнбірлеріміз – қазақ тілі фонетикасының дамуы жөніндегі мысалдарымыз. Ал дүние жүзі тілдеріне ортақ фонетикалық өзгерістер қандай?
Олар негізінен екі түрлі болады. Бірі – алдыңғы ұрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты (фонеманы) кейінгі ұрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Яғни бұрын жеке-жеке болған екі дыбыс тілдің даму барысында бір ғана дыбысқа айналады. Бұл тіл білімінде конвергенция деп аталады.
Екіншісі – бұған керісінше: Алдыңғы ұрпақ тілінде бір дыбыс (фонема) немесе бір дыбыстың варианттары болып келетіндер кейңнгң ұрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетеді. Яғни бір фонеманың варинаттары жек-жеке фонемаларға (дыбыстарға) ажырайды. Бұл – дивергенция деп аталады.
Тілдің лексикалық жағынан дамуы
Тілдің лексикалық құрамы оның басқа салаларына қарағанда өзгеріске бейім тұрады. Оның себебі лексика қоғам өмірімен тығыз байланысты. Қоғам өміріндегі өзгерістерді, жаңалықтарды лексика тез қабылдап, оларға бірден ат, атау береді. Сөйтіп, тілдің сөздік құрамы дами түседі.
Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: бірі – әр тілдің өзіндік байырғы элементтері негізінде, екіншісі – басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.
Бірінші тәсіл – тілдің сөздік қорын байытудың ең маңызды, ең өнімді жолы. Бұл тәсіл бойынша түбір сөздерге түрлі жұрнақтар қосу арқылы, екі сөзді біріктіру, қосарлау арқылы, немесе тілде бұрыннан бар сөздердің ескі мағыналарын өзгертіп, жаңа мағынада қолдану арқылы, болмаса бұрынғы мағыналарының үстіне қосымша жаңа мағына үстеу арқылы тіліміздің лексикалық құрамы дамып отырады. Сөздік құрам дамуының екінші көзі – басқа тілдерден сөздер ауысу жолы. Бұған мысал ретінде тілімізге араб, моңғол, орыс тілдерінен ертеректе ауысқан сөздерді келтіруге болады. Мысалы: дос<дост, бөтелке<бутулка, сот<суд т.б. Бұлар, сөз жоқ, тілімізді байытты.
Бірақ басқа тілдерден енген сөздердің бәрі тілді байыта бермейтіндігін есте ұстауымыз керек. Мәселен, қазақ тіліне орыс тілінен сөз ауысу Қазан төңкерісіне дейін де, кейін де болды. Осының “дейінгісі “ тілімізді байытса, “кейінгісі “ қайта, керісінше, тілімізді шұбарлады. Оның себебі Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер тіліміздің ішкі заңына бағынып енді де, ал кейін енген сөздер тіліміздің заңына баңынбай, орыс тіліндегі айтылуы мен жазылуын сақтап енді. Мысалы: абстракт, гиперболоид, маклер, плеоназм, скетч, хлорофилл, эффект, т.б. Мұндайларды тіл білімінде варваризмдер деп атайды.
Тілдің сөздік құрамының дамуы туралы айтқанда екі нәрсені ескеру керек. Оның біріншісі – сөздік құрамның дамуы оның сан жағынан ғана көбеюімен өлшенбейді. Ол сөздердің мағыналарының молдығымен де өлшенеді. Мәселен, орыс тілінің 17 томдық түсіндірме сөздігінде 120 мың сөз бар. Ал қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде 67 мың сөз бар. Есесіне, орыс тіліндегі әр сөзге орта есеппен 1,2 мағынадан келсе, қазақ тіліндегі әр сөзге 1,7 мағынадан келеді.
Екіншісі – тілдің сөздік құрамы өзгерімпаз дегеннен оның барлық тармақтары бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпауға тиісті. Айталық, тіліміздегі сын есімдер, сан есімдер, етістіктер, есімдер, үстеулер өте баяу өзгеріп, берен-саран ғана жаңа сөздер қосылса, ал зат есімдер, оның ішінде ғылыми-техникалық, экономиялық терминдер жиі өзгеріп, уақыт өткен сайын көптеген жаңа сөздер қосылып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет