Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет61/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Әдістемелік нұсқаулықтар:

  • Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

  • Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өткізу формасы: сұрақ-жауап
Бағалау критерийлері:

  • Қазіргі қытай қазақтары тіліндегі әліпби туралы, оның Байтұрсын әліпбиінен айырмашылығын білу;

  • Әліпби мен емлеге байланысты басты өзгертулерді ажырата алу;

Әдебиет: 5,13,20,32,40

12 семинар сабақтың тақырыбы: Латын графикасына негізделген қазақ жазуы


Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Латын графикасына өтудің тілдік және тілдік емес себептері қандай?

  2. Жазуды ауыстыру қашан, қандай оқиғадан кейін басталды?

  3. Латын әліпбиінің алғашқы жобаларына ортақ қандай ерекшеліктерді атар едіңіз?

  4. Қазақ-латын әліпбиіндегі әріп саны қанша және графикалық ере-кшеліктері қандай болды?

  5. Баку конференциясында қабылданған әліпби мен емле талаптарынан қандай тұжырымды байқайсыз?

1-тапсырма. Берілген сөздерді 1929 жылы қабылданған латын алфавиті бойынша жазыңыз: Социалист, программа, химия, банк, холдинг, пресс-конференция, хат.
2-тапсырма. Бос орындарды 1929 жылғы әліпбидегі тиісті әріптерді қою арқылы толтырыңыз: P_jonis, qar_vlь, o_ьnçьq, qol_at, әlipbi_, ca_ьmpaz, dokt_r.
3-тапсырма 1929 жылғы латын әліпбиі бойынша берілген мәтіндегі қателерді табыңыз. Cana teqьnalog - pedagogtьn mymkindigin kyçejtetin qural, biraq ol muğalimdi almastьra almaidь. Kampvter mymkindikteri pьsьjqologьja men dьjdaktьjk turğьsьnan taldanьp, kerek kezinde pedagogjkalьq talaptarğa saj qoldanьluvь kerek. Bilim beryv cyjesindegi qajta quruvlardьn negizgi suvbektisi muğalim. Qazirgi mektepke çьğarmaçьlьq izdenis qabileti damьğan, cana pedagogьjkalьq tehnalogьjalardь cete mengergen, mamandьq çeberligi qalьptasqan muğalimder qacet. Cana aqparattьq teqьnalogьjmen orьndalatьn qьzьmet өzinin kez kelgen naqtь formasьnda tijimdirek orьndaladь, adam өrkenijetti bola bastajdь.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет