ж әрпі орнына и таңбасы, с әрпі орнына ш таңбасы жазылып кеткен.
Түбірдің соңы қандай дыбыс болса да қосымша ұяңнан не үндіден басталған.
Дауысты дыбыстардың алдынан үнсіз алиф пен дыбыстық мәні бар маддалы алиф жүйелі түрде жазылған.
VIII-XIX ғғ. қадим жүйесімен жазылған қазақ қолжазбалары 1732 жылғы Әбілхайыр ханның патша атына Таукелев арқылы жазған хаты;
Әбілхайыр ханның Ресей патшасы Елизаветаға 1742 жылы жолдаған хабарламасы;
Абылай сұлтанның Сібір губернаторы Сухаревөа 1745 жылы жазған хаты;
1748 жылғы кіші және орта жүз старшиналарының патша атына Нұралыны хан қылып бекіту жайында жазған өтініші;
Тіленші Бөекнбай ұлының 1783 жылы Шерғазы сұлтанға жолдаған хаты;
Кіші жүз старщиналары мен ақсақалдарының 1785 жылы ІІ Екатеринаға жазған хаты;
Нұралы ханның 1785 жылы Игельстромға жазған хаты;
1785 жылғы кіші жүз ақсақалдарының Әбілқайыр балаларын хандықтан аластауын сұрап ІІ Екатеринаға жазған хаты;
Ералы сұлтанның Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды тұтқұннан босатуын сұрап полковник Д.А.Гранкинге 1787 жылғы 4 тамызда жазған өтініші;
Қара Көбек би мен Шұбар бидің Орал қазақ әскерінің атаманы Д.Дансков пен Сібір және Уфа өлкесінің губернаторы А.А.Пеутлинді орнынан алуын сұрап А.А.Безбородкоға 1790 жылы жазған хаты;
Сырым Датовтың 1790 жылы ІІ Екатеринаға жолдаған хаты;
Тіленші Бөкенбайұлының Айшуақ сұлтанның Орал қазақ әскерімен бірігіп қазақтарды тонағаны туралы Шерғазы сұлтан Қайыпұлына 1793 жылы жазған хабарламасы;
Кіші жүзсұлтандарының 1794 жылы ІІ Екатеринаға жазған өтініші;
Айшуақ сұлтанның ішкі істер министрі В.П.Кочубейге 1803 жылы жазған хаты;
Кіші жүз сұлтандары мен старшиналарының 1803 жылы қабылдаған анты;
1808 жылғы Қаратай ханның Орынбор шекара комиссиясына жолдаған хаты;
Айшуақ ханның император І Александрға Жантөре ханның өлгенін мәлімдеп Шерғазы Айшуақұлын хан тағайындауын өтініп 1809 жылы қарашада жазған хаты;
Бөкей ордасы сұлтандарының Шөке сұлтанға Бөкей ханның өз ұлы Жәңгір сұлтанды тақ мұрагері деп өсиет еткендішін мәлімдеген 1815 жылғы 25 маусымда жазған хаты;
Шерғазы ханның К.В.Нессельродке Бөкей Ордасы сұлтандарының Орал маңындағы далаға көшуіне рұқсат сұрап 1821 жылы 5 тамызда жазған хаты;
Орта және кіші жүз сұлтандарының Шерғазы ханның орнына Арғынғазы сұлтанды хан қоюын сұрап губернатор П.К.Эссенге 1817 жылғы 6 тамызда жазған өтініші;
Шерғазы ханның сыртқы істер министрлігіне губернотор П.К.Эссен мен шекара комиссиясының төрағасы Г.М.Веселицконың үстінен жазған 1819 жылғы қыркүйектегі арыз-шағымы;
Шерғазы ханның император І Александрға Арғынғазы сұлтанның өзіне жасаған шабуылы туралы 1820 жылы қаңтарда жазған хабарламасы;
Арғынғазы сұлтанды Ордаға жіберуін өтініп билер мен сұлтандардың 1822 жылы І Александрға жазған өтініші;
Шерғазы сұлтанның К.В.Нессельродке Арғынғазы сұлтан мен Қара Жігіт молданы Петербордағы қамаудан шығаруын сұрап жазған 1822 жылғы қазандағы өтініші;
Байұлы руының атаманы Д.М.Бородингке қазақ арасындағы дау-дамайдың Арғынғазы сұлтанның Ресейде тұтқындалуынан кейін бірден өршіп кеткенін жазған 1822 жылғы мәлімдемесі;
1822 жылғы 24 желтоқсанда жазылған Жоламан Тіленші және би, старшина, батырлардың Орынбор әскери губернаторы П.К.Эссенге Арғынғазы сұлтанды босатуын және Елек пен Орал өзені аралығындағы жерді қазақтарға қайтаруын сұрап жазған өтініші;
Кіші жүз сұлтандарының губернатор П.К.Эссенге Орал бойындағы қазақтарға Жәңгірді хан сайлауын сұрап 1824 жылғы 3 қаңтарда жазған өтініші;
Қаратай ханның губернатор П.К.Жссенге 1825 жылғы22 қазандағы мәлімдемесі;
Әбілхайр ханның патша атына 1832 жылы Таукелев арқылы жолдаған хаты;
Қарабай ұлының 1835 жфлф генерал Минске жолдаған арызы;
Махамбет Өтемісұлының 1839 жылы Хиуадан жолдаған хаты;
Сұлтан Т.Саматовтың 1845 жылы Н.И.Ильминскийге жазған хаты;
1852 жылғы Орынбор шекара комиссиясының жергілікті әкімшілік орындарына жолдаған нұсқауы;
Тілмаш Ш.Көшербаевтың 1859 жылғы Н.И.Илбминскийге жазған хаты;
Н.И.Ильминскийдің 1859 жылы Самрекеге жазған хаты;
Шыңғыс Уалихановтың 1860 жылы Шоқанға жазған хаты;
Шоқанның 1860 жылы әкесіне жазған хаты;
Ы.Алтынсариннің 1883 жылы Б.Кейкинге жолдаған хаты;
Абайдың қатысуымен 1885 жылы Қарамолада жасалған ережелер;
Генерал Таубенің 1890 жылғы бұйрығы
№9 дәріс тақырыбы: Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилері