Білім беру бағдарламасы 6В01 «Педагогикалық ғылымдар» Шифр атауы Қызылорда 2023 ж



бет28/35
Дата16.10.2023
өлшемі483,78 Kb.
#115546
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
oku-adistemelik keshen. pedagogika 23-24

Ұлттық-аймақтық елді мекеннің өзіндік ерекшелік, талаптарына (тілі мен әдебиетіне, мәдениеті мен өнеріне және т.б.) байланысты анықталады.
Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының бағыт-бағдарына сәйкес оқу пәндерінің енгізілуімен белгіленеді.
Оқу жоспарыоқу орнында игерілетін оқу пәндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тәртібін, әр пән бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылындағы апта мен айларды анықтап беретін құжат.
Оқу жоспары түбір (типтік) және нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына сәйкес жүргізілетін барлық оқу пәндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пәндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді:
а) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік);
ә) оқушылардың қалауы бойынша (аймақтық бөлік);
б) мектеп (ЖОО) кеңесінің бекітуімен өтілетін пәндер (мектептік (ЖОО) бірлік).
Жалпы білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспары негізгі нормативтік құжаттың бірі болып табылады және ол жұмыстық оқу жоспарларын жасауға негіз болады. Базистік оқу жоспары тұрақты және жылжымалы болып екіге бөлінеді. Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық түрлерінде (бағдарлы мектеп, гимназия, лицей, жеке меншік мектеп) оқылып, оқушыларды жалпы мәдени және ұлттық мәні бар құндылықтарға баулып, қоғамдық мұраттарға сәйкес келетін жекебастық қасиеттерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Жылжымалы бөлім оқушылар дамуының жеке сипатын жетілдіретін, олардың жекебастық ерекшеліктерін, мүдделері мен бейімділіктерін дамытуға, бар ынтасымен қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп білуге мүмкіндік жасайды. Ол таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады.
Оқу бағдарламалары түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) және авторлық болып бөлінеді.
Түбір (типтік) бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пән бойынша құрастырылады.
Оқу-жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО-да жетекші кафедра) шешімімен бекиді.
Авторлық оқу бағдарламасында білім стандартының талаптары міндетті түрде сақталады, оқу материалын ұсынуда оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерде автордың тарапынан өзіндік көзқарасы болуы мүмкін.
Оқу-әдістемелік кешен жүйесінің әр пән бойынша негізгі құрамы бағдарлама болып табылады. Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды жаңа оқу жылы бойынша бөлінген бөлімдермен тақырыптардың мазмұнын және мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде және сабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы.
Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама.
Қазақстандағы жаңа типті мектеп түрлері: 1) жалпы білім беретін мектеп; 2)гимназия; 3)лицей; 4)шағын жинақталған мектеп.
- жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады; жалпы білім беретін мектеп, шағын мектеп болуы мүмкін, яғни оқушылар санының аздығына сәйкес, қосылған сыныптар жұмыс істейді;
- гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;
- лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады, бастауыш және орта кәсіптік оқыту.
- шағын жинақталған мектеп сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақталған мектептің ерекшелігі мұғалімнің қызметіндегі көп пәнділік, мектеп басшыларының әкімшілік міндттерді қоса атқаруы болып табылады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті –бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар.
Жаңа типті мектептердегі оқу-тәрбие беру жүйесінің қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Оқыту процесіндегі субьектілердің (білім беру жүйесінің қызметкерлері, оқушылар мен тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары) әлеуметтік кепілдері мен олардың құқықтары, міндеттері ескерілген.
Білім беру мекемелерінде педагогикалық қызметпен айналысуға, тек соған сәйкес білімі бар азаматтар ғана құқылы. Олар кәсіби қызметін жүргізуге жағдай жасауды талап етуге, білім берудің мемлекеттік стандарттарын сақтай отырып, педагогикалық қызметтерінің әдістері мен түрлерін еркін таңдауға, ғылыми зерттеулердің бағыты мен олардың нәтижесін педагогикалық тәрбиеде қолдауға құқылы.
Практикалық сабақтар:
№1 практикалық сабақ тақырыбы. Тақырыбы: Педагогиканың ғылымдық мәні.
1.Педагогиканың ғылым ретіндегі мақсат міндеттері, қызметтері, зерттеу мәселелері.
2.Педагогиканың негізгі ұғымдары және олардың өзара байланысы.
3.Педагогиканың арнайы ғылым-білім саласына бөлінуі және оның көрнекті өкілдері.
4.Педагогикалық теориялардың әдіснамалық негіздері.
5.Педагогика және оның адамтану ғылымдарымен арақатынасы.
6.Педагогикадағы зерттеу әдістері.
7.Педагогиканың ғылым салаларына жіктелуі
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Педагогика курсының құрылымын анықтаңыз.
Тапсырма 2. Педагогиканың негізгі категорияларының мазмұнын ашыңыз.
Тапсырма 3. Қоғамның қәзіргі даму кезеңіндегі педагогиканың негізгі міндеттерін атаңыз.
Негізгі әдебиеттер:1, 2, 3, 4, 6, 8.
Қосымша әдебиеттер: 16, 17, 19, 20, 21, 22, 26,
№2 практикалық сабақ тақырыбы. Педагогикадағы жеке тұлға мәселесі.
Жоспар:
1.Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі көзқарастар.
2. Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі.
3. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің концепсиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет