Білім беру бағдарламасы 6В01 «Педагогикалық ғылымдар» Шифр атауы Қызылорда 2023 ж



бет2/35
Дата16.10.2023
өлшемі483,78 Kb.
#115546
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
oku-adistemelik keshen. pedagogika 23-24

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Пәннің мақсаты: Орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асыруда болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Болашақ мұғалімді даярлауда кəсіби педагогикалық іс-əрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.

Міндеттері:
-студенттерге педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары педагогикалық процестің әдістері, формалары және құралдары туралы білімдерді, оларды практикада қолдану біліктерін меңгерту;
-болашақ педагогтерді кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясымен қаруландыру;
-студенттерде өзіндік білім алуға және педагогикалық іс-әрекетке деген қызығушылықты қалыптастыру;
-болашақ мұғалімдерде тұлғалық, кәсіби (гумандық, педагогикалық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, педагогикакалық әдеп, төзімділік т.б.) сапаларды қалыптастыру;

Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер:
-ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, әлемдік білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде түсінеді;
-педагогиканың териялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды; тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын; педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технлогиясын; мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін біледі;
-педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыруды; сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыруды; оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдауды; оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдауды; білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғынады; 
-ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті; педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы; педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субьект-субьектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру; білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану; педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қолдану, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу; кәсәби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарды икемді және мобилді болу дағдыларын меңгереді, қолданады;
-білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кәсіби міндеттерді орындауда; қазіргі мектептегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет саласында; білім беру жүйесін басқару мәселелерінде; кәсіби біліктіліктер мен дағдыларды әрі қарай дамыту тәсілдеріне  құзыретті болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет