Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр



бет38/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Әдебиеттер: 1,3,5,10

3-4 практикалық сабақ тақырыбы: Мектеп оқулықтары жайында зерттеулер жүргізген авторлар жайында мәлімет дайындау


Сабақтың мақсаты; студенттерді бастауыш сыныптың Дүниетану оқулықтарымен, оқулық авторларымен таныстыру
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар;

  1. 1-4 сыныптарға арналған Дүниетану оқулықтарымен танысу

  2. 1-4 сыныптарға арналған Дүниетану оқулықтарын талдау

  3. Оқулық авторлармен танысып мәлімет жинау

Әдістемелік нұсқаулықтар; Студенттер «Дүниетану» пәнінің мақсат міндеттерін жазбаша және ауызша түрде қарастырады, бағдарлама мен оқулықты талдайды, олардың салыстырмалы түрде шынайлығы мен маңыздылығы туралы ойланады, өз көзқарасын айтады және қорғайды. Оқулықтағы тапсырмаладың күрделілігін, жас ерекшеліктеріне сәйкестігін жұптық топтық жұмыстарбарысында талдайды.
Өткізу формасы; «Бумеранг»
Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Студенттердің барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, оқытушы өзі сұрақ қоюына болады, әр топқа.
Бағалау критерийлері;

90-100

Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.

70-89

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.

50-69

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.

0-49

Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет