Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр


Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық



бет37/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
7. Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық.

1-2 практикалық сабақ тақырыбы: Дүниетану пән ретінде маңыздылығы


Сабақтың мақсаты; Дүниетану пәнінің мектептерде оқу ерекшелігін түсіндіру
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар;

  1. Дүниетану пәні жайлы түсінік

  2. Дүниетану пәнінің ерекшеліктері

  3. Дүниетану пәнінің мектептерде оқылу себептері

Әдістемелік нұсқаулықтар; Студенттер «Дүниетану» пәнінің мақсат міндеттерін жазбаша және ауызша түрде қарастырады, бағдарлама мен оқулықты талдайды, олардың салыстырмалы түрде шынайлығы мен маңыздылығы туралы ойланады, өз көзқарасын айтады және қорғайды. Оқулықтағы тапсырмаладың күрделілігін, жас ерекшеліктеріне сәйкестігін жұптық топтық жұмыстарбарысында талдайды.
Өткізу формасы; «Дөңгелек үстел»
Топқа 1 парақ беріледі. Топ студентінің бірі сол параққа осы тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір студент мәтінді оқиды, топ болып талдайды.
Бағалау критерийлері;

90-100

Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.

70-89

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.

50-69

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.

0-49

Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет