Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр



бет23/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
Дүниетану Силлабус

Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Оқыту формасының сыныпсификациясын мазмұндау
2. Сабаққа қандай талаптар койылады
3. «Дүниетануді оқыту әдістемесі» пәні сабағы және сабақтар жүйесі


15-16 дәріс тақырыбы: Көрнекілік құралдарды қолдану
Жоспар:

  1. Көрнекі құралдар жайлы түсініктерін қалыптастыру

  2. Көрнекілік құралдарды пайдаланудағы түсінік

Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ15. Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық, графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар; техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; кеспе, үлестірмелі қағаздар.
Практикалық жұмыстың барысында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеуі керек. Көрнекілік әдісі мен практикалық әдіс кезеңіндегі оқушылардың бақылауының айырмашылығы жер мен көктей. Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді,өлшейді,есептейді келтіреді т.б. Осындай бақылаудың нәтижесінде оқушылар құбылысты дәлелдейтін материалдар жинайды. Осындай бақылаулар және эксперименттер сабақтарды,үйде, экскурсия кезінде, мектептің оқу-тәжірбие учаскісінде жүргізіледі.Оқушылар оны ауызша немесе жазбаша тапсырма бойынша жүзеге асырады.
Көрнекілік әдісін қолдану,оқушылардың жаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.
1.Табиғи түріндегі (табиғи тірі обьектілер және препараттар).
2.Бейнелеу құралдары (таблицалар, сызба нұсқалар, муляждар, бейнефильмдер)
Әсіресе табиғи обьектілерді демонстрациялау пәнді оқытудағы тиімділігі өте жоғары. Оқушылардың санасында өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырылады. Дүниетанупәнін оқыту әдістемесі пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан, тірі табиғат мүйісінен т.б. дайындауға болады.
Педагогикадағы дидактикалық тәсілдің бірі - көрнекілік әдісі. Көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы сезініп,түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру болып табылады. Көру арқылы қабылданған ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталатынын ескерсек, кейбір заттарды тіпті көрнекіліксіз есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрған заттарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру. Көрнекілік арқылы оқушылардың қоршаған орта мен өмір құбылысын және заттарды салыстыра отырып ойлап, қабылдау арқылы оқушылардың сана-сезімі қалыптасады, мәселені түйсіну деңгейі артады.
Көрнекілік әдіс – барлық пәнде сабақ сайын қолданылатын әдіс болып табылады. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты болдатыны анық.Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен де өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды және оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Көрнекілік әдістерін екі топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар: плакат, кесте, картина, карта, суреттер, үлгілер көрсетіледі. Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. Оқу процесіне жаңа ақпараттық-техникалық құралдарды енгізу оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтуде. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге, интербелсенді тақталарға, электрондық оқулықтарға ерекше көңіл бөлініп, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлер енгізілді. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік беріп отыр.
Оқу процесінде қолданылатын көрнекілік түрлерін атап өтсек: -Табиғи көрнекілік: оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстырады. -Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды. -Суретті көрнекілік: нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, мылқау кинофильмдер). -Жасанды көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, плакаттар, портреттер, панорама. -Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, үнтаспаға жазылған материалдар, т.б. -Символдық және графикалық көрнекілік: карта, жоспар, сызба, диаграмма. (абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді) -Техникалық көрнекіліктер: киноаппараттар, диафильмдер, диопроэкторлар, эпидиаскоптар, телевизор, радио т.б.
Оқытудың көрнекілік әдісінің мынадай шарттарын ұсынуға болады:
көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақтылау;
құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
сабақта көрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ көп көрнекілік қолданбау, себебі балалардың назары басқа жаққа ауып, тақырып бойынша ең негізгіні түсінбей қалады;
көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің әсері мол болатындықтан, көрнекілікті балалармен бірге жасау;
көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім беру қиын. Мысалы ағылшын тілін, немесе кез-келген басқа тілді үйретуде де ең нәтижелі және жиі қолданылатын әдіс – көрнекілік әдіс.
Әсіресе, бастауыш және орта буын оқушыларына түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтар мен макеттерді көрсету арқылы сөздерді, сөз тәркестерін үйретіп, сөйлеуге баулуға болады. Көрнекілік өтіп жатқан тақырыпқа сай, көзге тартымды, эсттетикалық жағынан талапқа сай, көлемі ірі. екі немесе үш түстен болуы қажет деп есептеймін. Мысалы, «Спорттық киімдер», «Дүкенде», «Дәрігерде» тақырыптарын өткенде киімдердің, қажетті заттардың суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді, бұйымдарды көрсету арқылы жүзеге асыруға және әр түрлі тірек кестелер, тірек сөздер, сызбалар арқылы да сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады. Ы. Алтынсарин: «балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Сондықтан оқушыларға білімді сапалы меңгертуде көрнекілік әдісін пайдаланудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет