Білім беру бағдарламасы 6В01404- музыкалық білім беру Серік Айсұлу Серікқызы


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет2/12
Дата09.07.2023
өлшемі103,05 Kb.
#104122
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Айсұлу практика 16 мектеп (1) (1)

1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Шәкәрім көшесі 89
Мектеп директоры: Сауырбаева Г.К.
Салынған және пайдалануға берілген жылы: 1978 жыл
2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаладағы жетінші қазақ мектебі болып №16 орта мектебі өз жұмысын бастады. Мектептің өзекті тақырыбы: «Оқушылардың жеке тұлға ретіндегі эстетикалық мәдениетінің педагогикалық-психологиялық жағдайын қалыптастыру». Жер телімінің көлемі: 2,4 га; Барлық бөлмелердің жалпы көлемі: 5541,4 м² Барлық бөлмелердің жұмыс көлемі: 3260,21м² . Ғимараттың көлемі: 27694 м³
Қызметкерлер саны: 131 қызметкер, соның ішінде: Педагогикалық қызметкерлер: 94 мұғалім; Қызмет көрсету түрі: білім беру; Жобалық қуаты: 1176 оқушы.





2. Музыка пәні мұғалімін кәсіптік ғылыми-әдістемелік негізде дайындауға музыкалық білім беру теориясының орны
Жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларында музыка мұғалімін даярлауда мынадай пәндерге көңіл қояды:
- музыкалық білім беру теориясы; - музыкалық білім беру әдістемесі; - музыкалық білім беру тарихы;
- музыкалық психология және музыкалық іс-әркетінің психологиясы; - музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамасы;
- музыкалық – педагогикалық жаттықтыру;
- тәжірибешілік.
Музыкалық білім беру әдісі – музыка мұғаліміне теориялық заңдылықтарды меңгерту барысында, танымдық және шығармашылық қаблетін дамыту үшін, әртүрлі музыкалық мектептердің бағдарламарын зерттей отырып, музыкалық білім берудің ұйымдастырушылық әдістәсілдерін тәжірибешілікпен дамыту.
Музыка – педагогикалық тәжірибешілік – мұғалімнің музыканың барлық түрімен айналысатын оқушыларға білім берудегі педагогикалық ұйымдастырушылық әрекеттерінің тәжірибешілікпен ұштасатын бірлігі. Музыкалық білім беру тарихы – музыкалық білім берудің әр түрлі жақтарын бүгінгі күн тұрғысынан әлемнің тарихы негізде жүйелеп қарастырады. Музыкалық психология және музыкалық іс-әрекетінің психологиясы – музыкалық білімді жоғарғы кәсіби деңгейге көтеру мақсатында психологиялық аспектіні білім берудің негізгі ірге тасы негізінде пайдалану. Музыкалық білім берудің педагогикалық әдіснамасы – болашақ мамандығын музыкант - педагог ретіндегі мұғалімнің ары қарайғы ізденіс іс-әрекетін ретке келтіріп, таныстыруды мақсат етеді. Тәжірибешілік – мектепте өтетін музыка пәндерін, әсіресе «Музыкалық білім беру теориясын» меңгертудің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушыға жеткізу, болашақ музыка мұғалімінің тәжірибесіне негізделеді. Музыкалық білім беру – музыкалық қызметіне, іс-әрекетіне қажетті білімді жинақтаудағы дағды, машық, сондай-ақ, оқы барысында меңгерген білімнің жиынтық нәтижесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет