Педагогикалық (үздіксіз) практика есебі
Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есеп
Студент: Серік Айсұлу
Курс: 3
Факультет: Педагогика жоғары мектебі
Мамандық: Музыкалық білім беру
Мектеп: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып: 6 «Ә»
05.09.2022 жылдан – 14.12..2022 жылға дейін
Мен, Серік Айсулу, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Педагогика жоғары мектебі 6В01404 «Музыкалық білім беру» мамандығының 3 курс студенімін. 2022 жылдың 05 қыркүйек – 14 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы әкімдігінің «З.Ахметов атындағы №16 орта мектеп» педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибесінен өттім.
Іс-тәжірбиемнің мақсаты – Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «З.Ахметов атындағы №16 орта мектеп» сабақ беру қызметінің жұмыс бағыттарымен, құжаттарды жүргізу ерекшеліктерімен, дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру критерийлерімен, сонымен қатар педагогикалық жұмыстың ерекшеліктерімен танысу.
Педагогикалық іс-тәжірбиеден өту барысында жоспарлаған нақты міндеттер мынандай болды:
Мектеп және сынып ұжымымен танысу;
Музыка пәні мұғалімімен, сынып жетекшісімен және олардың нақты алдағы мақсат-міндеттерімен, жоспарларымен танысу;
Мектептің даму тұжырымдамасымен танысу;
Мектептің оқу тәрбие үрдісінің ерекшеліктерімен танысу, талдап зерттеу;
Сынып жетекшісімен әңгімелесу арқылы сынып ұжымының тауқыметін және атқарылып жатқан жұмыс бағыттарын анықтау;
Сынып ұжымының бас құжаттары, күнделіңтері, сынып журналы, музыка пәніне деген дайындық және қызығушылық деңгейін анықтау;
Музыка пәні мұғалімінің іс-әрекетімен танысу;
Пән мұғалімінің сабағына қатысу;
Оқу жоспарын, пән мұғалімінің күнтізбелік жоспарын, сынып жетекшінің тәрбие жоспарын оқып үйрену;
Іс-тәжірибе кезінде қатысқан сағаттардан алған құнды әдістемелік және дидактикалық тәсілдер, жаңашыл әдістерді үйрену. Осы міндеттерге байланысты сабақ жоспарын, күнтізбелік жоспарлар құрдым.
Бірінші күні мектеп ұжымымен, сынып жетекшісімен, сыныппен таныстым. Мектептің жалпы ережелерімен таныс болдым. Менің сынып жетекшілік жұмысыма жетекшілік еткен музыка пәні мұғалімі Сағындықова Шынар Айтказиновна болды. Ол кісі маған мектеп құжаттары қалай екенін, көптеген мағұлмұттар берді. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімнің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Сол күні сыныпта қанша оқушы бар екенін, топ белсенділерін, топ ұжымында қанша ұл және қыз балалар санын анықтадым.
Бұл мектепте музыка пәні 2 бағатта жүреді. Біріншісі кәдімгі ән сабағы, екіншісі домбыра сабағы. Ұлттық педагогикалық әдіс-тәсілдерді негізге ала отырып Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры, Алматы қаласындағы «Көкіл» мектебінің директоры, күйші-композитор А.Ы.Райымбергеновтың жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1-7 сыныптарына арналған «Мұрагер» бағдарламасы шығарылған. Мен өзіме берілген 6 «Ә» сыныбының музыка сабақтарына WhatsApp бағдарламасы арқылы таныстым, және қашықтықтан оқыту жүйесінде музыка сабағы қалай өткізілетінін, бірінші сабақта мұғалімнің өзін-өзі қалай ұстау керек екенін, оқушылардың өздерін қалай ұстауын байқадым. Келесі апталардан бастап сабаққа белсене қатысып, WhatsApp бағдарламасы арқылы оқушылармен тіл табысуға тырыстым.
Іс-тәжірибе барысында мен жалпылай оқыту, әңгімелесу, саралап оқытуды, модульдік оқыту технологиясы, оқушылармен жұмыс жасауды әртүрлі оқыту формаларын, қашықтықта оқушылармен қалай жұмыс жасау керек екенін жете түсініп, үйрендім.
Іс-тәжірибе кезіндегі қиындық туғызған мәселелер де болды. Атап айтар болсам:
Алғашқыда балаларға үйрену қиындау болды;
Алғашқы сабақта сәл қобалжу болды;
Кей уақытта, сабақ үстінде оқушылармен тақырыпты талдау кезінде уақыттың жетпей қалуы орын алды;
Бұл қиыншылықтар пән мұғалімі мен сынып жетекшісімен бірге отырып шешілді. Балаларды тәрбиелеу әрі қызық, әрі қиын екеніне көз жеткіздім және өзімді әлі де жан-жақты жетілдіру керек екендігін түсіндім.
Іс-тәжірбиемнің мақсаты – жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерді терендету және бекіту, алған білімдерін іс-жүзінде, оқушылардың оқу-тәрбие жұмыстарын бақылауда және талдауда біліктілермен, іскерліктермен қаруландыру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың психология және педагогика ілімдеріне сүйене отырып – жас және жеке тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенділігін пайдалана отырып, іс-тәжірибе жетекшімнің әр түрлі оқыту әдістерін үйреніп, болашақ мұғалім өмірімен етене танысу.
Мен, педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірбиесінің алғашқы күндерінде мекемедегі жетекшінің құжаттарымен, іс-қағаздарымен, іс-тәжірбие барысындағы жоспармен таныстым. Берілген құжаттармен қалай жұмыс істеу керек екендігін үйрендім. Жетекшіммен бірге сабақ беру жүйесімен танысып, қажетті іс-қағаздармен, олардың құралдарымен танысып, іс-қағаздар жұмыстарын құруға көмектестім. Мұғалімнің сабағана қатысып отырдым. Сабақ күндегідей дәрежеде емес бүгінгі сабақ өте жоғары дәрежеде өтті. Мұғалімнің сабақ өту жоспары қатты қызығушылық тудыратындай болды. Сабақта қолданған көрнекілік құралдары маған қатты ұнады. Сабақ өтуге деген құлшынысым ашлып, болашақта негізгі аспаб жетекшім Ардак Камелхановна секілді үлкен маман иесі болуды армандадым. Менде сол секілді көрнекілік құралдарын болашақта өз сабақтарыма қолдануды жоспарлап, сабағымды бұданда жоғары дәрежеде өткіземін деп алдыма үлкен мақсат қойып, соған қалайда
Білім алушы практиканттың жетістіктері мен жазалары
Осы іс-тәжірибе өту барысында мен мектеп базасымен жұмыс істеуден білімімді тереңдеттім. Осы іс-тәжірибені өту барысында көптеген жетістіктерге жеттім.
Практика өту барысында теориялық және практикалық білімдер алдым;
Оқушылармен жұмыс жасаудан білімімді шыңдадым;
Мекеменің қызметінің негізгі бағыттарын зерттедім;
Мекемедегі білім беру жүйесімен таныстым.
Достарыңызбен бөлісу: |