Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. Е.А.Василенко. Практикум по черчению. №9 тапсырма. 47-52-беттер. Штрихталған қабырғасы фронталь проекция жазықтығына параллель орналасқанға дейін детальды ойша бұрыңыз. Жаңа орналасуы бойынша тетікбөлшектің үш көріністен тұратын сызбасын орындаңыз. Берілген екі проекциясы бойынша сызбаның үшінші көрінісін тұрғызу, өлшемдер түсіру. С.К.Боголюбов. Задания по черчению. №45 тапсырма.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Графикалық тапсырма тетікбөлшектердің алдынан, үстінен және сол жағынан қараған көріністерінің сызбаларын тұрғызуға арналған жаттығулардан тұрады. Бұл тапсырма детальдың кеңістіктегі орнын өзгертіп орындауға арналған.
Өткізу формасы: практикалық жұмыс
Бағалау критерийлері: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды мектепте алған біліміне сүйене отырып, кеңістіктік ойлау қабілеті мен композициялық ойын, зейінін, графикалық орындау шеберлігі мен сызбаны сауатты орындау қабілеттілігі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1,2,3,4 (негізгі), 2,3,4 (қосымша)
№11-практикалық сабақ
2 академиялық сағат
Тақырып: Қималар. Қима туралы түсінік. Қабаттасқан қималар. Оңашаланған қималар. Қималардың белгіленуі.
Тақырып мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, қималарды орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. Р.С.Миронова, Б.Г.Миронов. Сборник заданий по черчению. №46 жаттығу. 176-184-беттер. Қарау бағытын А стрелкасы бойынша алып, біліктің басты көрінісін сызып, көрсетілген үш қиманы орындаңыз.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Графикалық тапсырма тетікбөлшектердің басты көрінісінің сызбасын тұрғызып, қиюшы жазықтықтармен көрсетілген үш қиманы орындауға арналған жаттығулардан тұрады. А жазықтығы қимасын қиюшы жазықтықтың жалғасына, Б жазықтығымен қимасын – сызбадағы бос орынға, В қимасын – проекциялық байланыста орыналастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |