Өткізу формасы: практикалық жұмыс
Бағалау критерийлері: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды мектепте алған біліміне сүйене отырып, кеңістіктік ойлау қабілеті мен композициялық ойын, зейінін, графикалық орындау шеберлігі мен сызбаны сауатты орындау қабілеттілігі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1,2,3,4 (негізгі), 2,3,4 (қосымша)
№12-практикалық сабақ
2 академиялық сағат
Тақырып: Тіліктер. Тіліктер туралы түсінік. Тілік пен қиманың айырмашылығы. Тіліктің сызбада белгіленуі. Қарапайым тіліктер. Қарапайым тіліктердің классификациясы. Көрініс бөлігі мен тілік бөлігін біріктіру.
Тақырып мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, қарапайым тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. С.К.Боголюбов. Задания по черчению. №59 тапсырма. Аксонометриялық проекциялары бойынша берілген модельдердің үш проекциясының сызбасын орындау. №60 тапсырма. Берілген екі проекциясы бойынша үшінші проекциясын тұрғызу.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
№59 графикалық тапсырма тетікбөлшектердің аксонометриялық проекциялары бойынша берілген модельдердің үш проекциясының сызбасын орындауға арналған жаттығулардан тұрады. 1 есеп – фронталь тілікті орындау; 2 есеп – горизонталь тілікті орындауға, №60 тапсырма тетікбөлшектің проекцияларын сызғанда схемада көрсетілгендей етіп тіліктерді және тілік бөлігі мен көрініс бөлігін біріктіре орындауға арналған.
Өткізу формасы: практикалық жұмыс
Бағалау критерийлері: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды мектепте алған біліміне сүйене отырып, кеңістіктік ойлау қабілеті мен композициялық ойын, зейінін, графикалық орындау шеберлігі мен сызбаны сауатты орындау қабілеттілігі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1,2,3,4 (негізгі), 2,3,4 (қосымша)
№13-практикалық сабақ
2 академиялық сағат
Достарыңызбен бөлісу: |