11.Курстық жұмыстар жазу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар (бар болса)- қарастырылмаған
12. Бағалау критерийлері:
Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша пайызбен анықталады::
Қ% = 1Р(30%) +2Р(30%) +Е(40%) түсіндірме:
1Р – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
2Р – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші;
Е – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші.
Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері
90-100
Зертханалық жұмыстарда есептеу нәтижесі толық болуы.
Теорияны практикада өте жақсы қолдана алады. Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
70-89
Зертханалық жұмыстарда есептердің кем дегенде жартысынан көбінің болуы.
Теорияны практикада қолдана алады, бірақ аздап қиналады.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
50-69
Теорияны практикада қолдану ол үшін қиындау болады.
Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
0-49
Зертханалық жұмыстарда есептердің болмауы немесе сапасының төмен болуы. Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның жауаптарында қателіктер бар.