«Жастықтың оты жалындап...»Абайдың 1891 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 13 шумақтан тұрады, көлемі 52 жол. Ақын бұл өлеңінде де отты, тегеуірінді жастық шақ тақырыбына қайта оралады. «Жастықтың оты жалындап, жас жүректе жанған шақ» балауса өмірдің барламасындай болса, «Талаптың аты арындап әр қиынға салған шақ» алуан өнерге, ақындыққа құлаш ұрудың айшықты айғағыңдай сезіледі. Осындай шандез шақта талпынып, «Ақылмен тауып айласын», «талайғы кәрі дүниенің бір кетігін ұстап бағуға» үндейді ақын. Өмір үшін сондай бейнет-күресте «досыңа достық білдіріп, дұшпанға әділ болу - адамға басты қарыз іс» екенін зерделетеді. Ақын сырт көзбен барлап, пайымдап қана қоймай, өлеңге өзі араласып, жастықты «ары кеткен алдағыштардан» өзі арашалап алары да бар. Сөйте отырып: «Балы тамған жас қамыс - ормасаңшы көктейін» тәрізді тамаша бейнелі сурет салады.
3. Абайдың ағартушылық қызметі. Бұл тақырыптағы өлеңдерінің («Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Білімдіден шыққан сөз» т.б.) мазмұны. Оқудағы басты мақсатты «Ата-анаға көз қуаныш», «Тайға міндік», «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңдерінде ары қарай дамытуы. Абайдың ақыңдық жолға бет бұрғаңдағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш біддіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.
Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Бұл — өткенге кұр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма Абай ақындығының халықтық, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді. Кейінгі туыңдыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.