Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет11/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Әдебиеттер тізімі:

  1. Қалижанов У. Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы.– Алматы: Әлем әдебиеті, 2013. – 500 б.

  2. Ердембеков Б. Абайтану: Оқу құралы.– Астана: Фолиант, 2012. – 432 б.

  3. Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана: Фолиант, 2012. – 400 б.

  4. Молдаханов А. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2011. – 192 б.

  5. Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 9 том. – Алматы: Ел-шежіре, 2011. – 384 б.

4 Лекция


ТАҚЫРЫП: Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы


1. Қазақ поэзиясына табиғат лирикасын тұңғыш енгізген – Абай. Бұл тақырыптағы ақын өлеңдерінің ең көрнекті топтамасы – жыл мезгілдері туралы толғаныстары. Олардағы қазақ ауылының көрінісі. «Жазғытұры» - қазақ ауылының көктемдегі көрінісі.
«Жазғытұры» деген өлеңінде табиғаттың осы табиғаттың осы мерзімге сай бейнелі суретін жасайды, қыстан қысылып шыққан ол қуанышына ортақтас болады. Ақын көктемге күншуақты күн нұрын «ата-анадай елжіреген» деп суреттеу арқылы оқушының жүрегінде махаббат сезімін оятуға тырысады.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып,
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып,-
деп жадыраған кәрі, жастың көңіл- күйін табиғат бейнесімен байланыстыра суреттей келе, елжіреген күн нұры хайуанаттар мен құстарға, өсімдіктер мен орман тоғайға, өзен көлдерге де тіршілік нышанын ала келгенін әсерлі баяндайды. Ақын адам өмірі мен табиғат құбылыстарының арасындағы жалғастық-үндестікті бар жан-дүниесімен сезінеді. Ақын қазақ даласындағы жазғытұры кездің барлық көркемдігін берумен бірге, бұл кезді қазақ халқының еңбекке ұмтылатын, тіршілік үшін күресетін қайнар мезгілі деп таныды.
2. «Жаз». Өлеңнің туу тарихы (Абай мен Көкбай). Ақын шеберлігі.
Табиғатта адам өмір сүрер, тіршілік етер, орта-онсыз өмір сүру мүмкін емес. Өйткені, адам баласы мен табиғат тығыз байланысты. Табиғат - өмір өзегінің қайнар көзі, құпия тылсым дүние. Адамзат баласы табиғатты ауыздықтай алмайды, себебі табиғат адамға бағынбайды, ырқына көнбейді. Дүниеде болып жатқан алапат зілзалалар адамзат өміріне орасан залал әкеліп жатқаны айдан анық. Дегенмен, адамдар табиғатты аялап, қастерлейді және табиғаттағы көркемдікті өте нәзік сезініп, шебер бейнелеп өлең-жырларына қосады.
Абай-асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заман жайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын көрініс табады.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап…
Бұл-әшейін дала суреті емес, даладағы дарқан өмір, өзгеше тіршілік. Жалаң табиғаттың бірыңғай өзін ғана қызықтап, «анау арада гүл жайқалады, сонау арада жапырақтар сыбырласады, мынау жерде өзен сықылықтап күледі» деп сыдыртып өте шықса, табиғатты адам өмірінен жеке-дара бөліп әкетіп, сырттай боямаласа, одан сырлы сурет, терең поэзия тумас еді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет