Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет10/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
Дәрістер

«Білімдіден шыққан сөз». Білімдіден шыққан ақыл сөз көкірегі бітеу, кеңілі қараңғы тасыр адамға емес, көкірегінде көзі бар талапты адамға кез болғанда ғана одан пайда болатынын толғай отырып, ақын жақсы мен жаманның бойына, мінез-құлқына тән басты-басты бірнеше белгілерді көрсетеді. Ақын жаманға тән мынадай ерекшеліктерді атайды: түзу сөзге сенбеу, тыңдауға, ұғуға құлқы, ынтасы жоқ, бойкүйез, бірақ тыңдауға құмарсып, ұққыш жансып бекер шабыну, ақыл, ойында байлам жоқ, айтшыл да тойшыл, қызшыл да қызықшыл болып, біресе ыржаң, біресе қылжаң қағу. Мұндай жан үшін ақыл да бір, денедегі арам бөз де бір. Қулықсұмдық не есек, иә болмаса сұлу қыз, батыр мен барымташы жайы айтылған қысыр, қыңыр сөз болмаса, жаманның жабық көкірегіне білімнің, ақылдың сөзі ене алмайтыны шыншылдықпен суретті де, бейнелі баяндалады. Мұндай ит мінезге ақын сөз парқын білетін талапты адамның қасиеттерін қарама-қарсы қояды. Жақсы деген жанның көкірегінде білімдіден шыққан сездің нұрын керіп, сырын тани алатын кез болатынын, жүрегі сезімді, көңілі сергек келетінін бірде бейнелеп, бірде пернелеп айту арқылы ұлы ақын өз шығармасының мазмұнын байытып, ажарын аша түседі. Абайдың ақындық-азаматтық талабы, эстетикалық нысанасы тұрғысынан келгенде, терең айтылған білім сөзін көңілінің көзі ашық, ойы сергек жақсының шын көңіл беріп, жаны еріп ұғуы ғибратты іс қана емес, үлкен ғанибет болып табылады. Өлеңнің 1-шумағы 7 буыңды қара өлең үлгісімен, қалған шумақтары ғаруз үлгісімен жазылған.
«Тайға міндік...» - Абайдың 1890 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 9 тармақты 5 шумақтан тұрады. Мазмұнына, тақырып тегіне, сын-сырына қарағанша «Сап, сап көңлім» атты өлеңмен бір бітімдес, екеуі де бір мезгілдің туындысы. Ой түсе бастаған сыншыл, өр талапты ақынның жастық толғауын танытады. Енді азаматтық санада өзіне жаңа өр, өріс белгілеп отырған ойшыл жас бұл кезге шейін басынан өткен балалық пен бозбалалық, жігіттік шақтарын сынай шолып өтеді. Бір өзі емес, қазақтың жасының бәріне де ой сала, шіміркене жырлайды. Өлеңінде келтірген дәл деректі бапалық суреттері, бозбалалық алданыш, жұбанышы, болымсыз тәрбие, шала сауаттылық, арзан әуейілік және солардың нәрсіз нәтижесіндей дайынсыз күйде үйлі-баранды өмір бастау - осының бәрін де ақын салқын оймен қатаң сынай келіп, оқу-тәрбиенің өзінше өрісін мақсат еткен бағыт байқатады.
«Қайын бардық, Қатын алдық, Енші тиді аз ғана. Шаруа атандық, Еңді ойландық, Қала берді бозбала. Бұрынғы қайда? Ойбайла- Не пайда?» деген соңғы жолдарында өткен өмір жолына өкіне қараған ширығуды танытады. Бұл өкініші - өзін-өзі қамшылап, намысты талапқа бет қойған, ізденген жігердің өкініші. Ақын тіл, теңеуде, өмірлік нақтылы деректерін тізіп теруде ақындық тың жаңа үлгіде жолын іздей бастаған өнерпаз сезіледі, шумақ, ырғақ, ұйқас құбылыстарымен де өлеңге жаңаша соны түрлер енгізуді мақсат еткен талабын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет