Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Айтыс Айтысты мазмұны, тақырыбы, түріне қарай жіктеу, зерттелу тарихы



бет36/43
Дата20.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#51329
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

Айтыс
Айтысты мазмұны, тақырыбы, түріне қарай жіктеу, зерттелу тарихы.
Айтыс – қазақ және қырғыз, қарақалпақ халықтарында ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр,қарсылас екі ақынның топ алдында өлең, өнер жарыстырып кезекпен қолма-қол суырып салып айтқан ұйқасты өлеңіне құрылады. Айтыс – өмірдегі әлеуметтік тартыстар мен адам қатынастарына негізделген желіге құрылып, кезектесе айтылатын қисынды, дәлелді, ұтқыр өлең. Оған көбіне жүйрік, ақпа-төкпе, суырып салма ақындар қатысады. Олар екеуара немесе әлденешеу болып та айтысуы мүмкін. Қарсылас екі ақын импровизаторлық тәсілмен табан аузында өлеңмен сайысып, бір-бірін сөзбен жығуға тырысады.
Айтыс – эпостан гөрі нақты өмірге жақын тұрған, мадағы мен сатирасы егіз поэзия, түрлі өнердің басын біріктіріп тұрған синкреттік салт өлеңдері. Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы «Жар-жар» мен «Бәдік» жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да ұласқан.
Айтыс – қарсылас екі ақынның топ алдында өлең, өнер жарыстырып кезекпен қолма-қол суырып салыП айтқан ұйқасты өлеңіне құрылады. Айтыстың түп мақсаты - ұту, қарсыласын қисынды да уәжді сөзбен қапысын тауып тосып, еріксіз тізе бүктіру. Осы талаптарға сәйкес әріптес екі ақын да айтыс үстінде жеңудің сан алуан айла-шарғы, амал-жолдарын қарастырады. Бұл ақындық дарын, төселген қабілеттен тыс, кәнігі шеберлік, қалт жібермес алғырлықты талап етеді. Айтыс ел өмірімен ертеден етене болып, біте қайнаса келе, жанрлық жағынан көркейіп, түрленіп, толыса түсті. Бертін келе ақындар айтайын деген ойын қызықты да тартымды етіп беру үшін, өлеңді көбінесе айтыс түрінде құруға зер салып отырған. Соның нәтижесінде ақын өзінің сүйікті серігі домбырасымен, астындағы атымен, тіпті, айналадағы жан-жануарларыменайтысу тәсілін ұстанады. Бұл жәйт біздегі мысал айтыстарының жеке сала болып қалыптасуына жол салды. Жұмбақ айтысы мен жазба айтыс дәстүрінің тууы да осы игі бастамамен тығыз байланысты.
Алпысыншы жылдары жарық көрген үш томдық «Айтыс» жинақтарында кеңес дәуіріндегі айтысты 1920-1940, 1940-1945 және 1946-1957 жылдар арасына бөлу де бой көрсетті. М.Жармұхамедов болса, өзінің айтыс туралы «Айтыстың даму жолдары» атты еңбегінде оның санын он түрге жеткізген.
Аталған жайлар ескеріліп, XIX ғасырдан бері туған айтыс поэзиясын мына түрлерге бөлуге болады: 1. Ру айтысы (Жанақ пен бала), 2. Салт айтысы (Ақбала мен Боздақ), 3. Жұмбақ айтысы (Сапарғали мен Нұржан), 4. Әлеуметтік айтыс (Біржан-Сара, Құлмамбет пен Жамбыл), 5. Кеңес дәуіріндегі айтыс (Жамбыл, Нұрпейіс, Нартай, Қуаныш, Доскей, Шашубай, Кенен, Бұдабай, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Сәт, Нұрқан), 6. Қазіргі кезең айтысы (Әсия Қалыбекова, Айтақын Бұлғақов, Аманжол Әлтаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Ринат Зайытов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет