Мал мен иесінің айтысы. Ерте кезде “Мал мен иесінің айтысы” айтысы болған. Ол төрт түлікті өсіру үшін оның күтімін жақсарту, қорасын, жем-шөбін даярлау керектігі сөз болады. Және ол әдетте шаруаға икемі жоқ, салақ, бейқам адамдарға арналады. Мұндай адамдардың малы бағусыз, күйсіз келетіндігі айтылады. Мысалға осы тақырыптағы мына бір айтысты алайық:
Мал иесі: Неғып жүрсің, қу жалғыз шолақ сиыр,
Сиырымен Айтақтың болдың үйір.
Үй маңына көдені жұлып жатпай,
Сен шолаққа бір сойқан болды биыл.
Сиыр: Жасағанның жарлығы тастан
Сүмеңдетіп арыттың кер жорға атты.
Үй қасында көденің түк дәмі жоқ,
Қара өлеңнің қамыспен түбі тәтті, -дейді.
Өлі мен тірінің айтысы. Қазақтың айтыс өлеңдері жайынан жазған еңбегінде Сәбит Мұқанов мынадай пікір айтады: «Ислам дінінің заңында,-дейді ол,- өлікке дауыс шығарып жылау, әсіресе әйелге жылау, «күнә» болған. Бірақ бұл «күнәны» қазақ халқы еш уақытта тыңдаған емес, одан тыйылған да емес». Расында да, қазақ халқы нағыз діншіл, дін сөзіне жан-тәнімен берілген халық емес. өткен кезде қазақтар құдайды басына қиыншылық іс түскен жағдайда ғана есіне алған, сол қиыншылықтан құтқар днп жалбарынған.
Сүре айтыс, түре айтыс, қайым өлеңдері Мазмұнына байланысты айтыстың түрі екеу: біріншісі – түре айтыс, екіншісі: сүре айтыс. Алғашқысында айтысушылар бірін-бірі түре қуалап, қысқаша жауап қатады. Мысалы: «Жар-жар», «Бәдік». Ал екіншісінде олар кеңінен көсіліп, түйдек-түйдек ойлар айтады, ұзаққа сілтейді. Бұлардың сайысы өткір әлеуметтік, қоғамдық мәнге ие болады. Өмір шындығы, жетістік-кемшіліктер ашық айтылады. Жеңу, жеңілу де қисынды, аталы сөз түйініне келіп тіреледі.
Қайым өлең –қазақ ауыз әдебиетіндегі айтыс өлеңнің бір түрі.
Әдетте қыз бен жігіттің, құрбы-құрдастардың өлеңмен әзілдесуі. Бұл түр айтыста көбіне бұрын ел ауызында айтылып жүрген өлеңдерден құралып, айтыс үстінде, тақырыбына қарай кейбір шумақтары иә жолдары жаңадан шығарылып, өзгеріп отырады. Бір өлеңшінің ұйқасын, тіпті бірнеше өлең тармағын екіншісі қайталап пайдалануға болады. Көбіне 11 буынды қара өлең өлшемінде шығарылады. Мысалы: Ұлбике мен Күдері қожаның, Омарқұл мен Тәбияның айтысы.