Білім беру бағдарламасы: 6В01709 «6B01709 Қазақ тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»


Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)



бет3/5
Дата24.01.2023
өлшемі27,05 Kb.
#62674
1   2   3   4   5
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1.Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3.Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5.Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6.Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7.Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1.Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
2.Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
3.Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
4.Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
5.Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
6.Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
7.Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
8.Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


Бағалау критериі
100 балл - мақаланың негізгі мазмұны жазылған, студент мәтіннің негізгі идеясын мазмұндап бере алады және өзінің осы негізгі қарастырылып отырған мәселеге байланысты көзқарасын білдіру.
89 балл – мақалаың негізгі мазмұны жазылған, сонымен қатар студент өзінің сөзімен негізгіні баяндап бере алады.
79 балл – мақаланың негізгі түсініктемлері толық көрсетілмеген, тек мәтіндегі ерекшелеген мазмұнды ғана жазған.
69 – мақаланың мәтінінің ішінен тақырыптың мазмұнын ашпайтын жеке түсініктемелер ғана жазылған,
59 – мақаланың кез-келген бөлігін жазған.
50 – тапсырма орындалмаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет