Р.Б.Кэттелдің 16 факторлы тұлғалық сауалнамасы.
Мақсаты – жеке тұлға ерекшеліктерін 16 биополярлық көрсеткіштерді (факторларды) талдау арқылы анықтау.
Кеттел жасаған 16 факторлық тест адамның кісілік қасиеттерін көптеген бір-бірімен байланысты көрсеткіштер көмегімен бағалауға мүмкіндік беретін әдістемеге жатады. Оның үлкендерге және жеткіншектер мен жас өспірімдерге арналған варианттары бар. Бұл кітапта орта және жоғары сынып оқушыларына арналған варианттар берілген.
Орындау ережесі: «Сіздерге бірнеше сұрақтар берілген. Жауаптарыңызды арнайы шкала бойынша өңдеу арқылы әрқайсыңыздың өзіңізге тән ерекшеліктеріңізді анықтауға мүмкіндік туады. Тесттің әр тапсырмасына үш вариант жауап берілген. Олардың ішінде дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс. Сондықтан, тапсырманы орындау барысында онша көп ойланбастан, сұрақтарға бірінші дұрыс деп тапқан жауапты тауып, оның әріптік белгісін параққа жазып беру керек.
Жауап парақ үшке бөлінген. Егер сіз жауаптардың ішінен «А» вариантын дұрыс деп тапсаңыз, онда бірінші бағанға белгі қоясыз, «В» вариантын дұрыс деп тапсаңыз – орта бағанға белгі соғып, ал «С» вариантын дұрыс десеңіз – үшінші бағанға белгі қоясыз.
Тестті орындау ережесі түсіндірілгеннен соң әр балаға сұрақтар жинағы мен жауап беру бланкісі таратылып беріледі.
Орындау уақыты – 30 минут.
Жауаптарды өңдеу ережесі.
Жауап парағы төрт бағанға бөлінген болу керек. Біріншісінде сұрақтар номерлері жазылған, ал қалған үшеуі «А», «В», «С» жауаптардың бағандары. Тексерілуші «А» вариантты таңдап алса біріншісіне, «В» – екіншісіне, ал «С» жауап дұрыс десе үшінші бағанға белгі қояды.
Жауап парақтағы белгілерді өңдеу үшін оларды 16 фактордың көрсеткіші бойынша жүйеге келтіру қажет. Өйткені әр фактордың көрсеткіші сұрақтардың ішінде шашыранқы орналасқан. Оларды төменде берілген кесте бойынша жүйеге келтіріп өңдеп шығу керек.
Бағалау шкаласы:
Жауап кілтпен сәйкес келгенде:
А-0,1,2 балл;
В-0,1 балл;
С-0,1,2 балл болып бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |