Білім беру бағдарламасы «6В03105 психология: практикалық психологты даярлау»



бет108/113
Дата09.05.2022
өлшемі0,69 Mb.
#33278
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Нәтижелерді есептеу

Әр шкала бойынша жауап белгісін (+ немесе–) ескере отырып, баллдар сомасы есептеледі. Ұпайлардың плюс сомасы неғұрлым көп болса, бұл эмоционалды көрініс соғұрлым айқын болады.



15-апта бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Қарым-қатынасты жақсартуға арналған жаттығулар мен тренингтер.

1 – жаттығу «Таныстық»

Бұл жаттығу қатысушылардың бір – бірімен сәлемдесіп, танысуына арналған. Әрбір қатысушы өзінің есімін айтып, оның қандай мағына беретіні жайлы және ол жайлы басқа да мәліметтер береді. Мақсаты: барлық қатысушылар бір – бірінің есімдерін есте сақтап қалулары керек.



2 – жаттығу «Комплименттер»

Қатысушылар өзі қалаған адамды таңдап, оған допты лақтырып бір комплимент айтады. Қатысушылардың барлығы комплиментке ие болулары қажет.



3 – жаттығу «Мыналар ауысады»

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Ол орын ауыстыру кезін айтып тұрады. Мысалы: ол «бүгін сабақта 5 алғандар орындарын ауыстырады» дегенде олар орындарын ауыстырады. Сол уақытта жүргізуші уақытша босаған орынға отырып үлгеруі керек. Орынсыз қалған қатысушы жүргізуші болады.



4 – жаттығу «Қозғалыспен көрсету»

Қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Оларға қағазға жасырылған сөздерді жеребе бойынша таңдау ұсынылады. Әрбір топ қағазда жасырылған сөзді немесе сөйлемді тілдік символдарды қолданбай, тек қозғалыспен келтірулері керек. Мысалы: эмоциялар (қорқыныш, ашу-ыза, қызығушылық, қуаныш). Әр топ, көршілес топтың қағазында қандай сөз жасырылғанын табуы керек.



5 – жаттығу «Шатыспақ»

Қатысушылар екі топқа бөлініп, олардың әрқайсысынан екі адам сыртқа шығып тұрады. Сол уақыт ішінде екі топтың қатысушылары қолдарын бір – бірімен алмастырып, өрмек тәрізді шатыстырады. Сыртқа шығарылған екі қатысушының міндеттері, белгілі уақыт аралығында шатысқан өрмекті қолдарын үзбей шешіп алу.



«Күн шуағы»

Әрбір топ мүшесі таза параққа өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттер мен мінездерді тізбектеп жазып шығады. Енді күнді бейнелеуге тырысады. Күн нұрының қысқа шуағы жағымсыз, ал үзын шуағы жағымды қасиеттер болуы тиіс. Осылайша әркім өзіне сипаттама береді. Күн нұрының ұзын шуақтары мол болса, оның бейнесі де әдемі, ал олай болмаған жағдайда жағымсыз мінездерді жоюға күш жұмсалуы тиіс. Оқушының көмегімен оқытушы тақтаға топқа арналған күнді салуға тырысады. Жағымды қасиеттердің, жағымсыз мінездердің санына байланысты топтың бейнесі айқындалады.



«Мейірімді жүрек»

Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың! Сен ізеттісің!



«Сиқырлы орындық»

Бір бала ортаға қойылған «сиқырлы орындыққа» отырады. Өзгелері ол туралы жылы сөздер немесе жеке басының жақсы жақтарын айтады. Отырған баланың басынан, иығынан сипап, құшақтап, бетінен сүюге болады.



«Бір – бірімізді қалай танимыз?»

Сиқырлы қорапшадан бір сыныпта оқитын балалардың есімдерін кезекпен алып шығып, олардың жақсы, жағымды жақтарын айтуы тиіс. Мысалы: Бұл – Ғайша, ол – кішіпейіл, әрі жақсы дос. Бұл – Досан, ол – сабырлы, әрқашан көңілді.



Сыйласа білесің бе?

Мұғалім сыйластықты білдіретін және сыйластықты білдірмейтін сөздерді араластырып алдын ала сөз тіркестерінің тізімін құрастырады. Оқылған сөз тіркестерін балалар ойын барысында «дұрыс» деп тапса, қолдарын шапалақтайды. Егер «бұрыс» деп тапса, алақандарын екі жаққа жаяды.

Сөз тіркестерінің үлгісі төмендегідей беріледі, мұғалім оны өзі тарапынан құрастырған сөз тіркестерімен жалғастырып айтуына болады.

Сөз тіркестерінің үлгісі:

- үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру;

- кішілерді жәбірлеу;

- үлкен кісінің айтқанын тыңдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет