Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит


Қаржылық есеп беру экономикалық ақпараттың қайнар көзі және қолданушылардың классификациясы



бет4/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Қаржылық есеп беру экономикалық ақпараттың қайнар көзі және қолданушылардың классификациясы

Қазақстан Республикасында «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Заңы бар. Ол 26 желтоқсан 1997 жылы қабылданып, 26 маусым 2002 жылы оған көптеген өзгерістер және толықтырулар кіргізілді, ол әр кәсіпорынның қаржылық есеп берудің құрамын реттейді:

    1. Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы есеп беру (№1 Форма);

    2. Табыс және шығын туралы есеп беру (№2 Форма);

    3. Ақша қозғалысының туралы есеп беру (№3 Форма);

    4. Меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру (№4 Форма);

    5. Кәсіпорын есеп саясатының барлық төрт есеп берулерге түсініктеме хаты.

Қаржылық есеп беру - өткен кезең бойынша жұмы нәтижесін және талаптарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістер және қызметтер, қаржылық жағдайы туралы ақпаратты беру.
Бірақ бухгалтерлік есеп беру пайдаланушыларға толық ақпаратты бере алмайды, өйткені қаржылық нәтижелер өткен кезең бойынша беріледі. Бірақ бұл ақпараттан қомпания келешекте қызмет көрсету үшін мерзімді бюджеттерді құра алады.
Бухгалтерлік баланс – белгілі бір күнге кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсететін жылдық есеп берудің негізгі нысаны.
Шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижесі туралы есеп беру - белгілі бір кезең бойынша табысты құру туралы немесе кетіру туралы қызмет ақпаратын жүзеге асырады.
Ақша қаражаты туралы есеп беру – компанияға барлық түскен ақша қаражаттарын сомалып және олардың қайта пайдаланатыны туралы. Бұл есеп беру жақында ғана пайда болды, өйткені 30 жыл аралығында шаруашылық – қаржылық қызмет нәтижесі туралы есеп беру кезінде тек қана кәсіпорынның қаржылық жағдайының өзгеруін көрсетеді.
Меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру – есеп кезең аралығында компанияның өзгерістері көрсетіледі, осында әр акционердің капитал туралы ақпарат беріледі.
Түсініктеме хатында келесі ақпаратты ашу қажет:

  1. актвитермен иелік құқықтарын шектелуі;

  2. міндеттемелер арқылы берілген кепіл;

  3. актвитер және міндеттемелер;

  4. зейнетақыны қамтамасыз ету кестесі;

  5. келешек ұзақ мерзімде инвестициларды қаржылыандыру үшін арналған құралдар.

Қаржылық есеп берудің классификациясы. Есеп беруді бірнеше белгі бойынша классификациялауға болады: уақыт бойынша, құрал бойынша, тағайындалуы бойынша.
Уақыт бойынша есеп беру: күндік, апталы, айлық, тоқсандық, жарты жылдық, тоғыз айлық және жылдық.
Құрал бойынша есеп беру: жылпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы есеп беру кезінде кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық және қаржылық қызметін толық көрсетеді.
Арнайы – кәсіпкерліктің тек қана салалық жақтарын сипаттайды.
Тағайындалуы бойынша есеп беру ішкі және сыртқы. Сыртқы есеп беру – сыртқы пайдаланушыларға ақпаратты қамтамасыз етеді. Ішкі есеп беру – кәсіпорынның өзінің ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қаржылық есеп берудің және бухгалтерлік есептің пайдаланушылары. Бухгалтерлік ақпараты сыртқы қолданушыларға жатады:

  • кредиторлар – уақытша кәсіпорынға беретін ссуда: оларға несие бойынша төлемдерді уақытында төленетіні туралы ақпарат қажет;

  • инвесторлар – табыс алу мақсатында өзінің қапиталын кәсіпорынға салады. Инвесторларға кәсіпорын туралы ақпарат өте қажет, бұл ақпарат бойынша олар өз капиталын дұрыс салғанын шешеді.

  • дебиторлар – кәсіпорынға берешек тұлғалар. Оларға берешекті қайтаруға мүмкіндігі туралы ақпарат қажет.

Дүниежүзілік тәжірибе негізінде инвесторлар және кредиторлар негізгі қолданушылар ретінде қарастырылады.

  • кәсіпорын жұмысшылары – уақытында еңбекақыны төлеу, зейнетақы қорларын есептеу және жұмыспен орналасу.

  • жеткізушілерге де – уақытында оларға тиіс төлемдерді төлейтіні туралы ақпарат қажет.

  • клиенттерге – тауарларды, қызметтерді тұрақты уақытында жеткізіп беруі туралы ақпаратты қамтамасыз етеді.

  • салық органдары – кәсіпорындар табысты болуына мүдделі, өйткені осы жағдайда бюджет табыстары үлкееді, мемлекет жұмысшылары лкен еңбекақыны алып тұрады.

  • аудиторлар – меншік тұлғалардың мүдделерін қорғау қажет, біріншіден әкімшіліктен және салық органдарынан. Тәуелсіздік – аудиторлардың үміт символы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет