Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит


Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша бухгалтерлік есеп принциптері



бет7/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша бухгалтерлік есеп принциптері

Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарына сәйкес, соның ішінде стандарт №1 «Есеп саясаты және оны ашу» бойынша келесі принциптер бар.


Есептеу принципі – кәсіпорындағы кез – келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
Үздіксіз принципі – ұйымның бухгалтерлік есеп ақпаратты пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына баға беруінен көмектесуі керек.
Түсініктілік принципі – бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оның пайдаланушыларға шешім қабылдау барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі.
Маңыздылық принципі – бухгалтерлік ақпараттың мәліметтері қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға шешім қабылдау үшін қажет болумен түсіндіріледі.
Сенімділік принципі – берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл ақпарат сенімді болып табылады.
Бейтараптық принципі – ақпарат сенімді болу үшін алдын – ала бір шешімді қабылдауға арналмаған болу керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылу мен белгілі бір шешім қабылдауға немесе оды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптасуға әсер етіп болса, онда бұл ақпарат бейтарап болайды.
Сақтық принципі – бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын бейнелейді және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы шешім қабылдайды.
Толықтылық принципі – ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болуы үшін толық болудың қажет етеді.
Дәйектілік принципі – кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын, есепті кезеңнің басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.



      1. Қаржылық есеп берудің элементтері.

Қаржылық есеп беру қаржылық есеп беру элементтерінен құрылады. Активтер, міндеттемелер және меншік капиталы секілді элементтер кәсіпорынның қаржылық құрамын, ал табыс және шығыс – қызмет нәтижесін сипаттайды. Элементтер келесі деңгейлермен байланысты:



  • баланстағы қаржылық жағдайын өлшеу: активтер, міндеттемелер, меншік капитал;

  • табыс немесе шығыс туралы есеп беру қызметінде нәтижелерді өлшеу: табыс, шығыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет