Білім беру бағдарламасы 6В05314-«Химия» /білім беру бағдарламасының коды және атауы/ Тараз 2023


Тәжірибе №2 Полимердің ерігіштігін анықтау



бет7/25
Дата11.10.2024
өлшемі0,51 Mb.
#147678
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
зертханалык жумыс МИП2023

Тәжірибе №2 Полимердің ерігіштігін анықтау

Полимердің ерігіштігін анықтаудың оларды өңдегенде және құрылыс ерекшеліктерін (сызықты, үшөлшемді) зерттегенде үлкен маңызы бар.


Полимердің еруі полимерлі молекулалар мен ерігіштік молекулалардың әрекеттесу қосындыларының өзара энергиясы. Полимер молекулалары және еріткіш молекулаларының өзара әрекеттесу энергияларынан асқанда жүзеге асады.
Полимерлердің еру процесі ерекшеліктерге ие:

  • еру процесі алдында көлемде оның ұлғаюымен жүретін ісіну процесі байқалады;

  • ісіну кезінде еріткіштің қозғалғыш молекулалары полимердің молекулалары арасына өтіп, молекулааралық байланыстарды үзу нәтижесінде тізбекті үзеді;

  • содан кейін ғана макромолекулалар жайлап еріткіште диффузияцияланады, нәтижесінде біртекті гомогенді жүйе пайда болады.

Берілген гомологтық қатардың полимер ерігіштігі молекулалық массасы өскен
сайын төмендейді. Химиялық құрамы және молекулалық салмағы бірдей болған кездегі тармақталған құрылысты полимерлер оңай ериді.
Аморфты полимерлер кристалдық полимерлерге қарағанда айтарлықтай оңай ериді. Макромолекулада сутектік байланыстарды түзетін топтардың болуы еру процесін қиындатады. Осындай әсерді ароматтық циклдер де көрсете алады, яғни ол тізбекте қаттылық қасиетін береді. Тізбек арасындағы көпіршелік байланыстардың азғана саны да полимерлерді ерімейтін күйге келтіреді. Қиғаш байланыстардың жоғары жиілігінде полимер ісіну қабілетін жоғалтады.


Ерігіштікті сандық анықтау

Таза, құрғақ пробиркаларға 10 мл құрғақ ұнтақталған полимерді салады да, микробюретка немесе градуирленген тамшуыр арқылы 2 мл еріткіш қосады. Пробиркаларды тығынмен жауып, 24-48 сағат бөлме температурасында


(арасында шайқайды) қояды. Егер біртекті ерітінді пайда болса, онда полимер бұл еріткіште ери алады деп есептеледі.
Сонымен қатар полимердің бұл еріткіште ерімеуі де мүмкін. Бұл жағдайда қоспаны еріткіштің қайнау температурасына дейін қыздырады, еріген жағдайда ерітіндіні суытады да, полимердің ерітінді түрінде қалатыны немесе тұнбаға түсетіні анықталады. Егер полимер ерімей ісінсе, онда ұқсас еріткіштер мен олардың қоспаларын қолдану қажет.
Берілген типіне қатты әсер ететін еріткішті қолданғанда да ерімей ісінсе, полимер үш қатарлы құрылымды болғаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет