Білім беру бағдарламасы 6В05314-«Химия» /білім беру бағдарламасының коды және атауы/ Тараз 2023



бет6/25
Дата11.10.2024
өлшемі3,3 Mb.
#147678
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
зертханалык жумыс МИП2023

6. Зертханалық жылытқыш құралдар

Химиялық зертханада әртүрлі жылытқыш құралдар (электр плиткалары, кептіргіш шкафтар, моншалар, муфель пештері, спирт шамдары, т.б.) қолданылады.


Спирт шамы аз уақыт қана жылыту қажет болғанда пайдаланылады. Спирт шамында қыздырғанда пробирканың ауызын өзіңе қарама-қарсы жаққа бағыттау керек. Екі бүйірге бағыттаған болсаңыз сұйық қайнап жаныңда тұрған басқа студенттерге шашырауы мүмкін.
Су моншасы – химиялық тәжірибе жүргізгенде комната температурасынан жоғары температураны алу үшін және оны тұрақты ұстап тұру үшін қолданылатын құрал. Су моншасы беретін ең жоғарғы температура 100оС. Жүз градустан жоғары температура алу үшін қолданылатын моншалардың түрлері:
- май моншалары (100-300оС);
- металл моншалары (150 – 500оС);
- тұз моншалары (150 – 500оС);
- құм моншалары (200 – 300оС).
Муфель пештерін затты қатты қыздыру үшін (1000оС-қа дейін) қолданады. Сандық анализдің гравиметриялық анализінде кептірілген тұнбаға түсірілген форманы муфель пешінде массасы тұрақтанғанша қатты қыздырады өлшенетін форма алу мақсатымен.
Кептіргіш шкафтар 100-300оС аралығында температура береді. Кептіргіш шкафтарда затты құрғағанша (суынан арылғанша) кептіруге болады.

3 Зертханалық жұмыс




Жоғары молекулалық қосылыстар туралы жалпы түсінік


Құрал-жабдықтар мен реактивтер: полимер, этил спирті, петролейн эфирі, хром қоспасы, ацетон, сүзгі қағазы, сым, таразы, стакан, пикнометр, ағынды сулы насос, пробиркалар, микробюретка немесе пипетка 2-5 мл


Жұмыс мазмұны мен орындалу реті


Тәжірибе 1. Ұнтақ тәрізді полимердің тығыздығын анықтау

Ұнтақ тәрізді полимерлердің тығыздығын көлемі 10 - 20 мл пикнометр көмегімен анықтайды. Қолданар алдында пикнометрді хром қоспасымен жуып, дистилденген су және спиртпен шайып, ағынды сулы насоспен жуады. Құрғатылған пикнометрді 0,0002 г дәлдікпен өлшеп, кішкене сүзгі арқылы дистилденген сумен белгіден жоғары 2-3 мм- ге дейін толтырып, термостатқа 20°С температурада 20 минутқа қояды. Содан соң сүзгі қағаз көмегімен судың деңгейін пикнометрдегі белгіге дейін жеткізіп, аузын тығынмен жауып, термостаттан шығарады. Пикнометрдің сыртын жақсылап сүртіп, 0,0002 г дәлдікпен өлшейді.


Құрғатудан кейін пикнометрге 1-3 г анықталатын полимерді салып, зат салынған пикнометр салмағын өлшейді. Содан соң заты бар пикнометрге полимер ерімейтін және ісінбейтін сұйықтықты құяды. Пикнометрге сұйықтықты зат деңгейінен сәл жоғары құяды. Ауа көпіршіктерінен арылу үшін толтырылған пикнометрді жай қыздырып, тығындамай шайқайды. Одан соң пикнометрді белгіден 2-3 мм жоғары толтырып, термостатқа орнатып, сұйық деңгейін белгіге жеткізіп, пикнометрді өлшейді.
Зерттелетін заттың салыстырмалы тығыздығын келесі формула арқылы есептейді:

мұндағы, G — зерттелетін полимер массасы, г;
P0 - бос пикнометр массасы, г;
P1 - пикнометрдің сумен массасы, г;
P2 - пикнометрдің зерттелетін сұйықтықпен массасы, г;
P3 - пикнометрдің сұйықтық пен затпен массасы, г




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет