Сабақты қорытындылау: Абайдың неше қара сөздері бар?
Абай қара сөздерінің жанрлық ерекшеліктері мен автордың суреткерлік әдіс – тәсілдері қандай?
Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы.
« Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс»
Нұрсұлтан Назарбаев
Үйге тапсырма: Абайдың қара сөздерін оқу және одан өз түсінгендерін баяндау