4. Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31.10.2018ж. №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген.
1. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ
1.1 Мамандық бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Білім беру бағдарламасының мақсаты: су ресурстары және суды пайдалану саласындағы бәсекеге қабілетті, әртүрлі су шаруашылығы және ауылшаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын және басқаратын түлектерді дайындау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
-қоғамда әлеуметтік-жауапкершіліктік тәртіпті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларын түсіне білу және оны сақтау;
- бүкіл өмір бойы оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін, кәсіби мансапта кездесіп отыратын барлық өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын базалық бакалавр дайындығын қамтамасыз ету;
- дамудың жоғары жалпы интеллектуалды деңгейіне, сауатты және дамыған сөйлеу шеберлігіне, ойлау мәдениеті мен ғылыми қызметті ұйымдастырудың кәсіби қызметі саласындағы жағдайларды қамтамасыз ету.
- өз мамандықтары бойынша неғұрлым тез жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету немесе кейінгі оқу деңгейінде білімін жалғастыру мақсатында су шаруашылығы және ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану салаларындағы түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру.
1.2 Біліктілік және қызметтер тізімі
Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке 6В08610 –«Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша «ауылшаруашылығы бакалавры» дәрежесі тағайындалады.
6В08610 –«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша бакалаврлар Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмастан су шаруашылығы маманы, жобалаушы ретінде, ғылыми-зерттеу мекемелері, жобалау және конструкторлық, ауылшаруашылық ұйымдарында бастапқы қызметтер атқара алады
Достарыңызбен бөлісу: |