Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны Басқару іс-әрекетінің негізгі қызметтері
Іс-әрекет құрылымының негізі компоненттері
Басқару іс-әрекетінің шарттары
Жетекшінің ұйымдастыру жүйесіндегі іс-әрекеті негізгі орын алатындықтан, оны зерттеу басқару іс-әрекетінің бастаушы мәселесі болып табылады. Бұл әрекетті психологиялық зерттеудің қиындықтарын, іс-әрекет мәселесін жалпы ұйымдастырушылықтан бөліп көрсету қажет. Олар төмендегілерден көрінеді:
Жетекші іс-әрекеті ұйым қызметінің барлық жақтарымен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар басқару іс-әрекетінің мәселесі басқарудың барысында ерекше сала ретінде қарастырылуы тиіс. Басқару іс-әрекетінің психологиясын қарастыруда басқару теориясынан байқалатын кең ауқымды оң және теріс нәтижелері болады.
Басқару іс-әрекеті тұтастай пәндер кешенінде зерттелді, бұл кезде оның психологиядан тыс жақтары: ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық т.б. басым болды.
Басқару іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан психологиялық зерттеу өте қиын, өйткені бұл жерде психикалық нақтылық сияқты айқын емес сала зерттеу тақырыбы болып табылады. Сондықтан басқару іс-әрекетінің ішкі мазмұнына қарағанда, оның сыртқы байқалымдары көбірек зерттелген. Бұл іс-әрекетті танудың негізгі принципі оның ішкі және сыртқы мазмұнын талдауды сабақтастыру болып табылады.
Іс-әрекет ұғым ретінде жалпы ғылыми категорияға ие. Ол көптеген ғылымдарда қарастырылады. Жалпы түрде ол қоғамдық қатынастардың жеке формасы ретінде анықталып, тұлғаны еңбектің қоғамдық бөлінуі құрылымына қосылу тәсілін сипаттайды.іс-әрекетті қарастыратын әрбір ғылым, бұл жалпы философиялық анықтаманы өзінше нақтылайды. Бұл ғылымдарда алынатын білім біріктіру қажеттілігі іс-әрекетті зерттеуде кешенді принцип ретінде көрсетіледі. Іс-әрекетті кешенді зерттеуде психология жетекші рөл атқарады.
Іс-әрекет – бұл субъектінің қоғамдық мәні құндылықтарды жасауға байланысты болмысқа және саналы қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған қоғамдық тәжірибені игеруге қатысты белсенді қатынасының формасы.