Білім беру бағдарламасы 7M01109 Педагогика және психология, 7M03104 Психология, 7M01307 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 7M1402 Дене шынықтыру және спорт, 7M01501 Математика, 7M01504 Физика, 7M01507 Химия, 7M01509 Биология, 7M01510


Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру. Дәріс мазмұны



бет10/42
Дата23.09.2023
өлшемі135,97 Kb.
#109971
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
Баскару психология 1курс

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны:

  1. Басқару ғылымының даму тарихы

  2. Басқарудың психологиялық теориялары.

Әлеуметтік құбылыс ретінде және адам тәжірибесінің саласында басқару ғылыми зерттеу пәні болғаннан әлдеқайда ерте пайда болды. Адамдарға бірлесе жұмыс істеуге қажеттілік пен қабілеттілік тән болғандықтан, бұл олардың іс-әрекетінің үйлесуін, келісуін, кооперациялануын, яғни бірлескен іс-әрекеттерін басқаруды талап етеді.
Біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бұрын Ежелгі Мысырда басқару үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, орталықтандыру қажеттілігі танылған. Оларсыз Мысыр пирамидалары, қалалар мен сәулет ғимараттарын тұрғызу мүмкін болмас еді. Басқару қызметінің алғашқы принциптері мен басқару функциялары және антикалық әлемде атап өтілді. Іс жүзінде қызметті басқару жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды пайдаланды. Мемлекетті басқару туралы ой Сократ баяндады. Бірте - бірте басқаруды ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері туралы теориялық түсініктердің туындауы үшін алғышарттар қалыптаса бастады. ХХ ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеудің дербес саласы болып есептелінбеді.
Басқару теориясы дербес ғылыми пән ретінде тек ХХ ғасырдың басында ғана, психологияның даму тағдырын қайталай отырып рәсімделді.
Алғаш рет басқару жайында Фредерик Уинслоу Тейлордың 1911 жылы «Принципы научного управления» атты еңбегінің пайда болуымен айта бастады. Онда басқарушы еңбектің негізгі механизмдері, заңдылықтары, қағидалары көрсетілген.
Фредерик Уинслоу Тейлор - американдық инженер, Еңбек және менеджменттің ғылыми ұйымының негізін қалаушы.
Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915жж.) Ғылыми менеджменттің атасы.

  • Еңбек өнімділігін арттыратын әдістерді құрастырды;

  • Жұмыскерлерді дайындаудың ең тиімді жүйесін құрастырды;

  • Кәсіби қайта дайындауды қолданды.

Сәл кейінірек ХХ ғасырдың 1920 жылдары кен өндіруші және металлургиялық компанияның басшысы, танымал француз инженері Анри Файоль менеджмент қағидаларының бірізді жүйесін сипаттады, басқаруды ерекше және дербес қызмет ретінде қарастыра бастады.
Анри Файоль - француз тау-кен инженері, менеджмент теоретигі және тәжірибесі, әкімшілік (классикалық) басқару мектебінің негізін қалаушы.
А.Файоль басқару қызметінің тиімділігін арттыруды оның психологияландыруымен байланыстырды.

3 дәріc тақырыбы: Басқару психологиясының әдістері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет