Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны Басқару психологиясының әдістері
Басқарудың әдістерін тиімді пайдалану
Басқару қызметі - бұл ұйымды басқару функцияларын орындау бойынша еңбек қызметінің ерекше ұйымдастырылған түрі.
Оның басты мақсаты - ұжымның алдында тұрған міндеттерді шешу бойынша басшының мақсатты және үйлестірілген қызметін қамтамасыз ету.
Басқару психологиясы ғылым ретінде ең негізгісі бақылау мен эксперимент болып табылатын әрқилы психологиялық әдістерге сүйенеді.
Бақылау өзінің сипаты мен мәні бойынша ақиқатты бейнелеудің күрделі обьективті психологиялық үрдісі. Оның күрделілігі бір жағынан ұйымның қызмет етуінде зерттеушінің бақылаушы ретіндегі рөлі бақыланушыларға нақты ықпал ететін табиғи жағдайында жүргізілуімен, екінші бір жағынан ақпараттың іріктелуі мен жалпылануымен міндеттеледі. Сонымен бірге, көп жағдайда зерттеуші енжер рөлде болады, өйткені ол адамдардың үрдістерге, деректерге және құбылыстарға деген көзқарастарын немесе қатынасын тіркеп қана отырады.
Бақылау ақпаратты жинау әдісі ретінде әрқилы жағдайларда қолданылады. Біріншіден, жоспарланған зерттеудің бағытын нақтылау үшін алдын ала мәлімет жинауда. Осындай мақсатпен қолданылатын бақылау зерттелінетін құбылысқа деген көріністің ауқымын кеңейтеді, маңызды жағдайлардың ерекшеленуіне, «әрекет етуші» адамдардың анықталуына ықпал етеді. Екіншіден, бақылау психологиялық ақпаратты алудың басқа амалдары болмаған жағдайларда қолданылады.
Бақылауда бейнеленуі тиіс маңызды элементтердің ықтималды тізімі бар:
а) бақыланушылар – жағдайларға қатысатын адамдардың саны, топтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, ондағы өзара қатынастардың сипаты, жағдайға қатысушылардың арасында рөлдердің үлестірілуі;
ә) жағдай – бақыланған жағдайдың орналасқан жері және заттардан құралған ортаның іс-әрекетке деген ықпалы;
б) топ іс-әрекетінің мақсаты – бақыланған жағдайдың кездесоқтығы немесе заңдылығы, топтың жиналуына ықпал еткен нақты ресми немесе биресми мақсаттардың бар жоқтығы, жағдайға қатысушылардың әртүрлі мақсаттарының үйлесімдігі немесе қарама-қайшылығы;
в) әлеуметтік мінез-құлық – бақыланған топ іс-әрекетінің сипаты, іс-әрекет стимулдары, іс-әрекеттің кімге (неге) бағытталғандығы, топтағы психологиялық ахуал, сол орынға тән әлеуметтік мінез-құлық, бақыланған топ мүшелерінің мінез-құлықтарындағы ықтималды ауытқулар;
г) бақылау жиілігі мен ұзақтығы –жағдайды бақылау уақыты, ұзақтығы және қайталанушылығы, оның бірегейлігі.
№4 дәріс тақырыбы: Қазіргі ұйымның басшысы және көшбасшысы