Білім беру бағдарламасы «7M041 Бизнес және басқару»



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата22.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95720
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Магистерский проект Сейдишова Д (1)

 
Жобаның мақсаты.
 
Қазақстанда бұқаралық спортты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар 
әзірлеу. 



Жобаның міндеттері: 
− Бұқаралық спорттың түсінігі мен мәнін ашу; 
− Қазақстанда бұқаралық спортты дамытудың заманауи механизмінің 
ерекшеліктерін талдау; 
− Қазақстанда бұқаралық спортты дамытудың өзекті мәселелерін айқындау; 
− Бұқаралық спортты дамытудағы шетелдік озық тәжірибені қолдану 
мүмкіндіктерін айқындау және тиісті ұсыныстар енгізу. 
Зерттеу объектісі.  
 
Бұқаралық спортты дамытуға байланысты қоғамдық құқықтық 
қатынастар. 
 
Зерттеу пәні.
 
Республикадағы бұқаралық спорттың қазіргі жағдайы мен даму 
перспективаларының ерекшеліктерін көрсету. 
 
Гипотеза немесе күтілетін нәтижелер.
 
Қазақстанда дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың 
санын 
арттыру, 
адам 
өмірінің 
құндылықты-бағытталған 
дәлелді-
ынталандырушы факторларының дұрыс ықпалы мен спортпен шұғылдануда 
материалды-техникалық негіздердің қалыптасуы арқылы жүзеге асуынан 
тұрады. Материалды-техникалық негіздер ең алдымен басқару органдарының 
менеджментімен және жеткілікті қаржыландырумен байланысты. Сондықтан, 
бұқаралық спорт индустриясын басқару мен қаржыландыру тәсілдеріне өзгеріс 
енгізе отырып, халық санының спортпен шұғылдануға деген қызығушылығы 
мен оның дамуы қарқынды болатыны күтілуде. 
Зерттеу әдістері.
Зерттеу барысында ғылыми танымның талдау және синтез, дедукция 
және индукция, абстракция, теориялық модельдеу сияқты теориялық әдістері 
мен кабинеттік зерттеулер қолданылды. Алынған тұжырымдар ғылыми 
зерттеудің басқа әдістерімен толықтырылып, тексерілді: мемлекеттік 
статистика 
деректерін, 
нормативтік 
актілерді, 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының материалдарын және басқа да әдістермен талдау жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет