Білім беру бағдарламасы «7M041 Бизнес және басқару»



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата22.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95720
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Магистерский проект Сейдишова Д (1)

Әдеби шолу 
Бұқаралық спорт – бірқатар қажетті функцияларды атқаратын, адами 
капиталды жетілдіруге және жалпы қоғамның әлеуетін арттыруға мүмкіндік 
беретін әлеуметтік құбылыс. Дене шынықтыру мен спорт адамның жалпы 
денсаулығын жақсартуға қажетті жеке және қоғамдық элементтердің 
тасымалдаушысы және оның қоғамдық қызметін жетілдірудің құндылықтары 
болып табылады. 
Бұқаралық спорт түсінігіне дене тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу, жалпы 
физикалық дамуда өзіндік талдау мен өзіндік бақылау, сауықтыру, қимыл-
қозғалыс мүмкіндігі мен дағдыларды жетілдіру, физикалық рекреация 
деңгейінде жаттығу, дене бітімі мен мүсінін қалыптастыру барысындағы 
адамдардың іс-әрекеті кіреді. Бұл жерде рекреация белсенді физикалық 
жаттығулар, әуесқой спорт, сергіту ойындары мен табиғат күштерін пайдалана 
отырып демалуды қалыптастыратын кешенді сауықтыру шаралары деп 
көрсетілген. Мұндай жаттығулар үлкен физикалық күш жұмсауды, шамадан 
тыс жүктеме мен еріксіз күш салуды қажет етпейтін дені сау адамдарға 
арналған жаттығулар, алайда, мұндай жаттығулар барлық жағынан мықты 
тәртіптілік, сергіту мен сауықтыру әсерін береді. 
Бұқаралық спорт саласына келесі тармақтар кіреді: емдік гимнастика, 
бейімдеушілік дене тәрбиесі, өндірістік гимнастика, кейбір тыныс алу 
гимнастика түрлері (йога), фитнес, туризмнің қарапайым түрлері, сондай-ақ, 
қарапайым сергіту ойындары мен таза ауадағы ойындар да кіреді. Сонымен 
қатар, аталған санатқа жаяу жүру және велосипедпен серуендеу, қыс кезіндегі 
шаңғымен жүру, сауықтыруға арналған жүгіру, атлетикамен айналысуды 
(гірмен, гантельдермен, резеңке эспандермен жаттығулар кешендері), 
қарапайым 
гимнастикалық 
кешендерді 
(кермелердегі, 
сырықтардағы 
жаттығулар) жатқызуға болады. Бұқаралық спорт деп кешенді емдеу 
жаттығуларымен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ, қатысушылардың 
негізгі мақсаты жарыстарға қатысып, спорттық атақ алуды көздемейтін, 
адамдардың тек физикалық өзін-өзі жетілдіру мақсатында спорттың әр түрімен 
немесе физикалық жаттығулармен айналысу жүйесін айтуға болады. 
Осыған орай, бұқаралық спорт өмірлік тәжірибеге дайындау, өзіндік 
физикалық әл-аухатын оңтайландыру мен дамыту көрсеткіші ретінде адамның 
қимыл-қозғалыс әрекетін ұтымды пайдалану болып табылатын спорттың 
құраушы бөлігі деп тұжырым жасаймыз. Бұқаралық спорт миллиондаған 
адамдар үшін өзінің физикалық қабілеттері мен қимыл-қозғалыстық 
мүмкіндіктерін жетілдіруге, денсаулығын жақсартуға және шығармашылық 
тұрғыда дамуға мүмкіндік береді, яғни қазіргі заманғы өндірістің ағзаға 
тигізетін кері әсерлері мен күнделікті өмір талаптарына қарсы тұра алады 
деген сөз. 
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттер талдауы дүниежүзіндегі адамзат 
тарихында тән мен рух мәдениетінің түрлі деңгейдегі мәселелері тұрақты 
қызығушылықты тудырып отырады деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді. 



Ежелгі афиналық, спартандық және римдік білім беру жүйесінде аталған 
мәселеге аса назар аударылған (мұнда ең алдымен дене және әскери тәрбие 
жайында айтылып отыр). Б.з.д. V–IV ғғ. Атақты ежелгі грек дәрігері мен 
ойшылы Гиппократ өзінің еңбектерінде эллиндердің денсаулығын жақсарту 
мәселесінде салауатты өмір салтын жоғары қою қажет екендігіне жиі назар 
аударған. Өзінің «Ауа, су мен жерлер туралы» атты шығармасында ғалым 
аурудың басым бөлігі адамның іс-әрекетінен, тіпті, ойларынан, өмір сүрудің 
сыртқы жағдайлары мен табиғи факторлармен туындайтындығын көрсетеді. 
Қоршаған орта, адамның еңбек ету мен жеке басы дағдылары ағзаның белгілі 
бір дертке шалдығу мен сәйкесінше қауіп-қатер бейімділігін арттырады [3]. 
Белгілі ойшыл Ибн Сина да өзінің «Канон» атты еңбегінде салауатты өмір 
салты туралы өзінің жеке концепциясын ұсынады. Одан кейінгі салауатты өмір 
салты туралы зерттеулер мен оған тәрбиелеудегі ғылыми-педагогикалық әдіс-
тәсілдер тек кейінгі орта ғасыр, қайта жаңғыру дәуірінде ғана жаңартылды. Ол 
кездері Ф.Бэкон, Б.Спиноза тәрізді философ-материалистердің салалық 
еңбектері ерекше танымалдыққа ие болған [4]. XVII–XVIII ғасырларда ғылыми 
қоғамдастықта адамдардың тіршілігің басты жағдайлары мен олардың 
денсаулыққа деген әсерінің деңгейін зерттеуге бағытталған арнайы жұмыстар 
көптеп пайда бола бастайды. Нақтылайтын болсақ, Б.Рамаццини еңбектің 
жағдайы мен сипатының басты мәнге ие екендігі мен оның денсаулыққа әсері 
туралы теориясын бірінші орынға шығарды. Ол денсаулықтың жеке, топтық 
және қоғамдық деңгейлерін бөліп қарастыруға мүмкіндік берді. 
Орта ғасыр, сонымен қатар, Жаңа және Қазіргі заман тарихы 
кезеңдерінде өскелең ұрпақты салауатты өмір салтымен қамтамасыз ету 
қажеттілігі идеясы біршама танымал болды. Әрі қарай аталған идеяларды өз 
еңбектерінде Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, П.Ф. 
Лесгафт, А.С. Макаренко және басқа да ойшыл ғалымдар, педагогтар мен 
тәрбиешілер дамытып, негіздей бастайды. А.Шопенгауэр «адам бақытының 
оннан тоғыз бөлігі оның денсаулығына негізделген, онсыз ешбір сыртқы 
байлық оған еш рахат әкелмейді» деп атап өткен [5].
1950-1960 жылдары әлемнің әр түрлі елдерінің дәрігерлері оқушыларда 
алыстан көрмеу, дене бітімінің бұзылуы (сколиоз), анемия және жүйкенің 
жұқаруының пайыздық көрсеткіштерінің артқандығын аңғарған, олар аталған 
науқастарды 
«мектеп 
аурулары» 
санатына 
жатқызады. 
Дәрігерлердіңбалалардың денсаулығындағы аталған ақауларға жасаған талдауы 
оларға оқытуды ұйымдастырудың қанағатсыз деңгейде екендігі және оның бала 
денсаулығына қатты зиян келтіретіндігі жайлы тұжырымға келуге мүмкіндік 
берді. Білім беру жүйесінің кемшіліктері қатарында мамандар төмендегі 
белгілерді атап өткен: мектеп үстелдерінің қате құрылымы, сыныптардың 
жеткіліксіз түрде жарықтандырылуы, ғимараттардың сирек желдетілуі және 
оқушылардың 
сабақтарының 
шамадан 
тыс 
көптігі. 
Оның 
үстіне,
К.Д. Ушинский адам табиғатының өз ерекшеліктеріне негізделген салауатты 
өмір салтын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін әзірлеуді және қолдануды кеңес 
етеді. Оның пікірі бойынша, тәрбие іскерлігінің ережелері мен қағидаларын 


10 
білу және қолдану жеткіліксіз, сондай-ақ, адам табиғатының заңдарына да 
сүйену қажет, себебі ол бала денсаулығын сауықтыруға көмектеседі [6]. 
Әрі қарай салауатты өмір салты мәселесімен негізінен Е.Н. Медынский, 
В.А. Зеленко, Д.Ю. Элькина айналысқан. Қарастырылып отырған ғылыми білім 
саласына дене тәрбиесінің ғылыми негізделуі жүйесі мен сәйкесінше 
дәрігерлік-педагогикалық бақылаудың негізін салушыға айналған П.Ф.Лесгафт 
ерекше үлес қосқан. Оның пікірі бойынша, дене тәрбиесі адамның жан-жақты 
дамуының басты құралы болып табылады және ақыл-ойлық, адамгершіліктік 
және эстетикалық тәрбиеге тура әсер етеді. Аталған ғалым тұқымқуалаушылық 
баланың физикалық және рухани дамуында шешуші рөлді атқармайтындығына 
назар аударған, сондықтан аталған факторға басты мән беріп керек емес деген 
пікірді ұстанған. Балалар үшін олардың тәрбиеленіп жатқан ортасы маңызды
оның үстіне, салауатты өмір салтының қалыптасуына басты мән берілуі керек. 
П.Ф. Лесгафтың пікірі бойынша физикалық білім беруде басты орында 
денсаулық, өз әрекеттері мен ойларын басқару дағдыларын меңгеру, сондай-ақ 
ағзаның физикалық қабілеттерін дамыту мен қимыл-қозғалыс белсенділігін 
қамтамасыз ету тұруы керек [7]. 
1960-1970 жылдары ғылыми қоғамдастық дене тәрбиесі ағза биологиясы 
мен адамның тұлғасының қалыптасуына тура әсер етеді деген ортақ пікір 
қалыптастырды. Г.Г.Шахвердов, Г.Г.Наталов, Н.И.Пономарев тәрізді ғалымдар 
тәрбиенің әр алуан түрлерін дамыту қажеттілігіне назар аударады: ақыл-ой 
тәрбиесі, дене тәрбиесі, эстетикалық, адамгершіліктік тәрбие, мәдениеттің 
жоғары деңгейін дамыту және ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. 
Дене саулығы - бұл адамның жалпы дамуы мен өмірінің «тірегі» болып 
табылады. Дене белсенділігі денсаулыққа маңызды пайда әкеледі және 
жұқпалы емес аурулардың алдын алуға ықпал етеді. Сонымен қатар, 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша физикалық 
белсенділіктің жеткіліксіздігі әлемдегі өлімге алып келетін қауіптің және 
жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, қант диабеті секілді инфекциялық 
емес ауруларға шалдығудың дамуының негізгі факторларының бірі болып 
табылады; әлемдегі әрбір төртінші ересек адамның белсенді емес, 
дүниежүзіндегі жасөспірімдердің 80% -нан астамы физикалық белсенділіктің 
жетіспеушілігін сезінеді [8]. 
Қазақстанда тұратын адамға ЖҚА төрт негізгі топтан (жұқпалы емес 
аурулардан) мерзімінен бұрын қайтыс болу ықтималдығы (яғни 70 жасқа 
толмаған) 2016 жылы 27% құрады. Жүрек-қан тамырлары аурулары елдегі 
мезгілсіз өлімнің негізгі себебі болып табылады, ерлер арасындағы өлім-
жітімнің жоғарылауы және ерлердің денсаулығына әсер етуі гендерлік 
алшақтыққа ықпал етеді. Бағалау нәтижесінде ересектердің 26% -ы 
гипертониядан, 12% -ы қант диабетімен ауырады. Оның үстіне, ерлердің 44% 
темекі шегеді; 54% алкоголь ішеді; алкоголь ішетіндердің 62% -ы соңғы 30 күн 
ішінде кем дегенде бір рет 60 және одан көп грамм таза алкоголь ішкен; ересек 
топтың жарты бөлігі артық салмақпен немесе семіздікпен ауырады, бұл ДДҰ 


11 
Еуропалық аймағындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі; тұзды пайдалану өте 
жоғары. 
ЖҚА-мен байланысты адамдардың ерте өлімі, сырқаттану және 
мүгедектік аурулары әлеуметтік-экономикалық дамуға кері әсер етеді. Әлемнің 
көптеген бөліктеріндегі сияқты, Қазақстандағы ЖҚА денсаулық сақтау 
саласында, әлеуметтік қолдау мен әл-ауқат шығындарының күрт өсуіне және 
өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соқтырады. 2016 жылғы көрсеткіш бойынша 
Үкімет ЖҚА 4 негізгі тобын емдеуге шамамен 0,3 триллион теңге жұмсаған.
Келтірілген экономикалық залалды талдау денсаулық сақтау саласына, 
оның ішінде ЖҚА емдеудегі мемлекет шығындары тек «айсбергтің шыңы» 
екенін көрсетті: еңбек өнімділігінің төмендеуімен байланысты экономиканың 
жасырын шығындары 6,5 есе асады және 2 триллион теңгені құрайды. Жалпы 
алғанда, қазіргі кезде ЖҚА-ның Қазақстан экономикасына келтірген зияны 2,3 
трлн. теңгені құрайды, бұл 2017 жылға арналған елдің жылдық жалпы ішкі 
өнімінің 4,5% -на тең. 
Халықты сауықтыру саласына деген мемлекет тұрғысынан назардың 
жеткіліксіздігі мен жаңа әдіс-тәсілдердің болмауы ондаған жылдар бойы 
аталған саланың сапалы түрде өзгермей, бір қалыпта қалып қоюына алып келді. 
Қазіргі таңда бұл мемлекетке үлкен нұқсан тигізіп отыр. Мұның өтемі 
халықтың физикалық денсаулық деңгейінің төмендеуі, бұл көрсеткіш 
экономиканың жанама және тура әлсіреуіне алып келеді. Қалыптасқан күрделі 
жағдайлар демографиялық көрсеткіштер мен медициналық статистика 
сандарынан бейнелейді. Әрине, мәселе тек дене шынықтыру және спорт 
саласына ғана қатысты емес, ол сонымен қатар, халықтың тіршілік деңгейіне де 
байланысты. Алайда қазіргі біздің зерделеп отырған тақырыбымыз сол 
халықтың тіршілік сапасына тура байланысты 
[9].
«Жоғары жетістік спорты» деп те аталатын үлкен спортқа қарама-қайшы 
түсініктегі бұқаралық спорт – бұл «бәріне ортақ спорт» болып табылады. 
Шындығына келгенде, ол әрбір адамға Олимпиада хартиясында жазылған 
спортпен айналысуға деген ажыратылмас құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді. Бұқаралық спорттың әлеуеті өте жоғары, себебі ол адамның тұлғасының 
дамуына ғана емес, сонымен қатар, физикалық және рухани қасиеттердің 
дамуына да, сол тіршілік сапасына да қатты әсер етеді [10]. 
Дамыған шет елдерде спорт саласы бұқаралық спорт немесе барлығына 
арналған спорт, жоғары жетістіктер спорты (олимпиадалық) және кәсіби спорт 
деп бөлінеді. Аталған спорттық шаралардың түрлерімен әр түрлі спорттық 
ұйымдар айналысады. Оның үстіне, жоғары жетістіктер спортын дамыту
мемлекет пен ұлттық мемлекеттік және қоғамдық спорттық ұйымдардың 
құзіреттілігі. Бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттің муниципалдық және 
жергілікті билік органдарының, спорттық ұйымдар мен осы деңгейдегі 
мекемелердің және, әрине, халықтың құзіреті. Кәсіби спорттың дамуын жеке 
коммерциялық құрылымдар муниципалитет пен жергілікті билік органдарынан 
аздаған көмек ала отырып жүзеге асырады [11]. 


12 
Қазіргі таңда педагог ғалымдардың пікірі бойынша, өкінішке орай, ЖОО 
студенттерінің денсаулықты қалай жақсарту қажет туралы білімі жеткіліксіз, 
олар адамның денсаулығынаәсер ететін факторларға мүлдем назар аудармайды 
десе де болады. Мамандар денсаулыққа деген мұндай бейжай қатынастың 
себебі жеке тұлға мен дене шынықтырумен айналысуға деген ынтаның 
жеткілікті деңгейде қалыптаспауында деп есептейді, ал бұл өз кезегінде 
тұлғаның физикалық және кәсіби маңызды қасиеттерінің жалпы деңгейін 
төмендетеді. Қазіргі таңда студенттердің тек кішігірім пайызы ғана салауатты 
өмір салты туралы дұрыс тұжырымға ие, ал қалғандары зиянды әдеттерден жай 
ғана бас тарту жоғары оң нәтижені қамтамасыз етеді деп ойлайды. 
Салауатты өмір салты құрамына әлеуметтік, еңбек және физикалық 
белсенділік кіреді, сондай-ақ, жеке психологиялық жайлылық пен отбасыдағы 
жақсы көңіл-күйді де жатқызуға болады. С.Д.Аспандияров атындағы Қазақ 
Ұлттық Медициналық Университет ғалымдары (Алматы қ.) зерттеу жүргізген, 
ол бойынша сауалнамаға қатысқан бірінші курс студенттерінің тек 19,3% ғана 
өздерінің денсаулық жағдайын «өте жақсы» деп бағалаған, 60,6% өз 
денсаулықтарын жақсы деп бағалауға болады деп көрсеткен, ал 19,1% 
денсаулықтары қанағаттанарлық жағдайда және 1,0% «нашар» деп бағалаған. 
Айта кетерлік жайт, жоғары курс студенттері өз денсаулық жағдайын басқаша 
бағалаған, олардың тек 10,0% денсаулықтарын «өте жақсы» деп бағалаған, 
26,6% - қанағаттанарлық деп есептесе, 3,4% денсаулықтары «нашар» деп 
көрсеткен. Оның үстіне, студенттердің функционалдық жағдайына жасалған 
талдау келесі көрсеткіштерді көрсеткен: жоғары деңгей – 1,8%, орташа деңгей – 
7,7%, төмен – 21,5%, өте төмен – 69%. Сауалнамаға барлығы 422 студент 
қатысқан(75,4% - қыздар және 24,6% - ұлдар), олардың ішіндегі бірінші курс 
студенттері 54,8%, ал жоғары курс студенттері – 45,2%, сауалнама 
қатысушыларының жасы: 18-19, 20-22 жас аралығы – 37,2%, 16-18 жас 
аралығы, және тек 1,7% жасы 22 жастан асқан.
Осының барлығы ЖОО-дағы дене тәрбиесінің гуманистік міндеттерінің 
бастапқы шебінде физикалық қабілеттерді дамытуға деген тұрақты ынтаны 
қалыптастыру тұруы керек екендігін дәлелдей түседі. Аталған міндетті 
оқытушының кәсіби іскерлігі мен оның дене тәрбиесін оқытудағы арнайы 
педагогикалық әсері арқылы реттеуге болады, ал ол өз кезегінде студенттердің 
салауатты өмір салтын ұстануына деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. 
Оның үстіне, ынталандыру факторлары дене тәрбиесінің мазмұны, оны жүзеге 
асыру тәсілі мен ұсынылатын талаптар жүйесі болуы тиіс. 
Тұрақты физикалық белсенділіктің денсаулыққа деген пайдасы ересек 
адамдарға жақсы таныс. Физикалық белсенділікті ынталандыру стратегиялары 
қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің созылмалы аурулардың алдын алудың 
маңызды 
тәсілдеріне 
айналған. 
Физикалық 
белсенділік 
бойынша 
нұсқаулықтарды орындаудың таралуы 18 бен 24 жас аралығында төмендей 
түседі, себебі ол кезде жастар жоғары білім алады. Университет студенттерінің 
жартысы дерлік физикалық белсенділіктің ұсынылатын деңгейіне де жете 
алмайды. ≥18 жас тобындағы мәліметтер студенттердің 66,9% қозғалмайтын 


13 
өмір салтын ұстанатындығын немесе 2018–2019 жж. бойы физикалық 
белсенділік деңгейі төмен болғандығын көрсетеді. Оның үстіне, университеттің 
жатақханалары мен қалашықтарында тұратын студенттердің белсенділігі 
төменірек болып, денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал.
Осылайша, бұқаралық спорт негізгі мазмұны адамның қимыл-қозғалыс 
әрекетінің өмірлік тәжірибеге даярлау факторы ретінде дұрыс пайдалану, өзінің 
физикалық жағдайы мен дамуын оңтайландыру болып табылатын спорттың 
құраушы бөлігі болып табылады. Бұқаралық спорт миллиондаған адамдарға 
өздерінің физикалық қабілеттері мен қимыл-қозғалыстарын жетілдіруге, 
денсаулықтарын жақсартып, шығармашылық өмірін ұзартуға мүмкіндік береді, 
бұл дегеніміз ол адам ағзасына замануи өндіріс пен күнделікті өмір 
жағдайының зиянды әсеріне қарсы тұруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет