Білім беру бағдарламасы Қарағанды 021 Дәріс «Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша



бет3/18
Дата21.09.2023
өлшемі259,72 Kb.
#109607
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
қазіргі қазақ тілі дәрістер

Негізгі әдебиеттер
1. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. –Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. – 448 б.
2. МәшҺүр-Жүсіпов Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – Павлодар: Павлодар унив-ті басп.. 1999. -384 б.
3. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. –Қарағанды: Гласир, 2009.-400 б.
4. Нұрғалиев Р. Телағыс. - Алматы: Жазушы, 1986. - 440 б.,
5. Еспембетов А. Уақыт өрнегі. – Алматы: Інжу-маржан, 2005. -515 б.
6. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. - Алматы: Ғылым, 1982. - 147 б.,
7. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. - Алматы: Ер-Дәулет, 1996. - 252 б.,
8. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. Сын-зерттеу. – Астана: Елорда, 2001. – 312 б.

Қосымша әдебиеттер
1. Ысқақбай М. Шығарма шырайы - шындық. Алматы: Рауан, 1994. 240 б.
2. Дәстүр және жаңашылдық. - Алматы: Ғылым, 1980. - 367 б.
3. Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. Әдеби сын. - Алматы: Жазушы, 1997. - 196 б.
4. Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начала ХХ века и современность). - Алматы: Ғылым, 1998. - 394 с.
5. Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. Алматы: Жазушы, 1988, 189 б.
6. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы. Алматы, Қазақ университеті, 2002, 311 б.
3 - Дәріс

« Қазіргі қазақ әдебиеті» пәні бойынша

Қазіргі қазақ поэзиясындағы өлең өлшемдері: дәстүр және жаңашылдық

1. Қазіргі қазақ поэзиясында дәстүрлі өлшемдердің жаңғыруы
2. Қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңа лирика

1. Жыраулар поэзиясы қазақ поэзиясының аса бір жарқын үлгілері ретінде ғасырдан ғасырға рухымен бірге көшіп отырады. Оны ғалым Б.Ыбрайым «қазақтың көркемдік ойының аса бір айтулы кезеңі» ретінде жоғары бағалайды. Толғаулар қазақ поэзиясының ғана емес, қазақ тарихының да шынайы шоқтығы екені белгілі. Жыраулар поэзиясы өлеңінің ішкі сарайы мен сыртқы сипатының бірдей ой мен идеяны дөп жеткізген ерекше шымыр да, жұмыр, өткір де шыншыл шығармалар. Оның бұл ерекшелігі қазіргі поэзияның биігінен көрініп жүрген ақындардың бойына заман мен қоғам болмаса, ел өміріндегі келелі мәселені айтқанда жыраулардың әуені өзінен өзі оралса керек. Ақындар тарихы тақырыпты қозғап, өткенге өлгенде ғана емес, бүгінгі барымыз бен бағымызды,яғни ел мен жер туралы толғанғанда да жырауларша тебіреніп, толғауларша тіл тиегін ағытады. Сондықтан толғаулар үрдісі қазақ поэзиясында берік орныққан, келелі ой мен кесек жырлардың белгісі болып қалатыны анық. Халық туғызған барлық үлгілер қазір қазақ поэзиясында екінші түрге айналып, жаңа сипатқа ие болуда. Ауыз әдебиетінің ең өзық үлгісі болып танылған жыраулардың поэзиялық дәстүрі қазақтың жазба әдебиетінен де қалмай заманнан заманға жылжып келеді. Әр кезеңде өзіндік сипатта көрінетін жыршылық, жыраулық үрдіспен жазба әдебиеттің басында тұрған Абай мен Шәкәрім де жазған. Абайдың «Сап сап көңілім» өлеңімен Шәкәрімнің «Ескі ақындық» өлеңдері жырау толғауларының ырғақтық-интонациялық құрылымына негізделгені белгілі. Жыраулар екі түрлі өлең өрнегімен толғаған.Оның кең жайылған үлгісі – жеті-сегіз түйдекпен, екіншісі – белгілі жүйеге бағынбайтын ұзынды-қысқалы тармақтардың араласа түзілуінен туған еркін кесте, яғни айнымалы ырғақ. Оның бірінші үлгісі қазіргі поэзияда көп қолданылмайды. Қолданылса да, тарихи тақырыпта жазылған поэзиялық шығармаларды қазақ халқының хандық дәуіріндегі өмірінен шынайы сурет жасау мақсатында көрінеді.


М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасындағы Райымбек үні, Фариза Оңғарсынованың «Алмас қылыш немесе мен Махамбетпен қалай кездестім» атты поэмасындағы Махамбет сөзі осы үрдіспен беріледі. Ал жекелеген өлеңдердің тақырыптық тұрғыдан трансформацияланған сипатта, тек Мұқағалидің «Тұлпарларыммен біргемін», «Басыма менің бақ қонды» өлеңдері жыр үлгісімен өріледі.
Іздесең мен кімде-кім
Қаладан іздеп жүрмегін!
Үйіме де іздеп кірмегін!
Аязды боран, ақ таудың
Арасында өмір сүргемін
Солармен мәңгі біргемін.
Жетелеп мені ілгері
Күндерім менен түндерім
Төсек сап қардан бір керім
Қарымы құрық ілгемін
Іздесең мені кімде-кім
Сол жерден келіп бір көрін!
Өлеңдегі жеті-сегіз буынды өлшемдердің алмасуы да, ұйқасу реті де еркін. Оның осы құрылымы өлеңнің ішкі тақырыптық, мазмұндық ерекшелігіне, экспрессивтік – эмоцияналдық өрісіне деп келген. Өлең мазмұны лирикалық кеіпкердің «аязды боран,ақ таумен» бірлігі, табиғаттың төл перзенті екендігін мақтанышпен жария ету. Аязды боран, ақ таудың өрлігі мен албырттығына сай қуатты сөз кестесіне салып отыр. Ақтамберді, Мұрат, Бұқар жыраулардың толғауларының дүмпуі сезіледі. Шумақта ой қазығы бірінші оралымда беріледі, екінші оралымда ой көріктеніп, айқындала, нақтылана түседі. Ақынның «Дариға жүрек» поэмасының «Аққудай еді» атты бір өлімі осы көне өрнекпен өрілген. Дариғаның жеке басының асылдығы, қасіретінің қалыңдығы оның жалпы тағдыры осы бір шумақтарда асқан бір ширыққан сезіммен көрінеді. Бұл ішкі желіске сыртқы өлшем қанат бітіріп, шырқау шыңға шығарған. Жарын жоғалтқан жаралы жандардың символындай болған дариға сезімнің, әйел жүрегінің бар иірімін, тілегінің тасқынын сезіндіре білген бұл жыр қазақ поэзиясының аса көркем үлгісі екендігінде дау жоқ.
Жолбарыс бақай – білегі,
Құлан жон жанның бірі еді
Құлпыра соқса реңі,
Құтыра соқса жүрегі,
Қыранды құрда іледі:
Қос уыс бұрым арқада.
Қос жылан болып жүреді.
Егіз шың тұрған кеудеде,
Еңістің жатыр сілемі:
Қос жанар бірден жалт етсе,
Жарқ етіп шыққан күн еді.
Даланың жалғыз гүлі еді,
Екеуі болса бірі еді,
Біреуі болса өзі еді.
Бұл шумақтар «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің келбетін сипаттаған қуатты әуенді еске түсіреді. Жеті-сегіз буынды тармақтар еркін ұйқас жөнімен ой-өрісіне сай үндесе отырып, жүйрік, жеңіл мәнер туғызады. Бұл үлгілер жыр-дастандар мен толғаулардан таныс үлгі. «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүніс арудың сұлулығын сипаттаған жолдардың жүрісі мен тынысы еске салады. Дариғаның сырт келбетінің сұлулығы мен жан дүниесінің тазалығын суреттеген ақын сұм соғысқа сұлулық пен тазалықты қарсы қояды. Дариға сынды арудың сағын сындырып, сұлулықты тасқындаған жыр үлгісіне салу поэманың өзегі болған Дариға жүректің қасиетін шынайы экспресиввті, эмоцияналды бояумен қанық жеткізіп, толыққан дүние жасау мақсатында туса керек
Бұрын жырларға негіз болған жеті-сегіз буынды өлшемдерге ұлы Абай үлкен реформа жасап, тың өрісін ашқалы қазақ поэзиясының сан алуан тақырыптағы өлеңдерінде тұғыр болып келеді. Бұл дәстүрлі өлшемдермен қазіргі қазақ поэзиясында көбінесе жеке бас лирикаларына құрылымдық негіз болып жүрген жайы бар. Оған бұл өлшемнің қысқалығы мен ширақтығы, әрі жеңілдігі сеп болса керек. Бүгінгі поэзияның тақырыптық идеялық, көркемдік, эмоцианалдық талаптарына сай өзгеріп, кең қолданысқа ие болған жыр үлгісі өзгермеген қалпында көбінесе тарихи жырларда қолданылып жүр. Толғаулардың айнымалы ырғаққа негіз болатын аралас буынды өлшемге құрылған түрі қазіргі поэзияда кең қолданыс тауып отыр.
Кезі-кезі келгенде
Еділ- Жайық қосылып бу көтереді дегейсің
Еділ – Жайық қосылып бу көтереді дегенше
Исатайдың баласы ту көтереді дегейсің
Мынау қара халықтың қақырамас қорғаны
Жақиядай ұландар – сонау заңғар аспанның
Жұлдызындай көбейсін.
Солай демей не дейсің.
Домбырама екі ішек тақтым, толғай, толғай да
Біреуі – оның Ақ Жайық
Біреуі – Еділ болмай ма.

Өлең жолдарынан Қазтуғанның өр үні, кесек ойларының ебі байқалады, арындаған қуаты мен тынысы сезіледі. Ақын Жаркен Бөдешұлының «Жақия» атты поэмасының «Махамбеттің айтқаны» атты бөлімінен алынған шумақтар он үш – он төрт буынды өлшемге негізделген. Мұндай өлшемдер Т.Айбергенов, М.Айтхожина, М.Шаханов, Ф.Оңғарсынова шығармаларының құрылымдық негіздеріне айналған. Бұл өлеңде ұйқасу жүйесі мен шумақталу тәртібі болмағандықтан, ұйқас пен шумақ сияқты ырғақтық негіздерге берік байланбағандықтан толғаумен сабақтас. Екіншіден, өлеңнің екінші жаққа, тыңдаушыға тікелей бағытталуы, «Еділ – Жайық қосылып ту көтереді дегенше», «Солай емей не дейсің» сияқты кей тармақтардың тұтастай қолданылуы, өлеңнің тақырыптық көркемдік сипаты толғауға бейімдейді. Толғауларды толғау етуде олардың құрылымы, сыртқы сипаты ғана емес, ішкі сарайының, яғни тақырыптық және көркемдік идеялық ерекшеліктерінің рөлі зор. Жыраулардың айнымалы ырғаққа құрылған толғауларының ырғақтық –интонациялық сипатын көбінесе тарихи жырлар мен қоғамдық – азаматтық үні айқын жырлар танытады. Қазіргі поэзиялық шығармалардың басым көпшілігі айнымалы ырғаққа құрылған.


М. Ақдәулетұлының «Мәжнүн» деген өлеңі айнымалы ырғаққа құрылғанымен ішкі сарайы лирикаға құрылғандықтан, әрі өлеңге жүректің нәзік үні, пәк сезімнің сыйқырлы әуені арқау болғанмен, бұл әуен нәзік сыйқырлы емес, өзгеше альырт, адуынды, мінезді әуен. Қазіргі қазақ поэзиясындағы бір-біріне ұқсамайтын сан алуанды құрылымдар өлеңнің ішкі сарайына дөп келіп, шырайын ашып, түрлендіре түсуі қазақ өлеңінің ырғақтық – интонациялық мүмкіндігінің сарқылмас молдығын айғақтайды. Қазақтың жыраулық үлгісін қазақтың лирикаларына құрылымдық негіз болуы оның жаңа ырғақтық – интонациялық мүмкіндігінің ашылуы, толғаулар сарынының тақырыптық – идеялық жаңаша жаңғыруы. Бұл қазіргі қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық ретінде бағалануы қажет. Зерттеуші С. Ержанова қазіргі поэзияның жанрлық – көркемдік ерекшелігін талдай отырып, қазіргі поэзияда ерекше көрінетін нысан ретінде «нәзік лириканы бойына сіңірген жыраулық дәстүрдің жаңғыруын» атап көрсетеді.
Қазақ өлеңі тақырыптық –идеялық, көркемдік сапа тұрғысынан ғана емес, құрылымдық жағынан да аса қарқынды даму үстінде. Қазақ өлеңінің өлшемі өлеңнің ішкі сапасына өлшем ғана болып қоймай, оның ішкі сыры мен көркем дүниесін жарқырата аша алатын қос қанатына айналған.
Тарихи тақырыптарға, аңыз-әңгімелерге, өткен дәуірлерге қаламды көп тартқан ақын Мұхтар Шаханов болғандықтан толғаулардың жаңғырығы ақынның өлеңдерінде айқын көрінеді. «Мұхтарды жұрттың ыстық қабылдауының бір екінші бір себебі – оның оттты жырларындағы өткірлік. Батырлық алдымен поэзияға қажет. Олай болса, жұрттың шын жүректен қол соғатыны алдымен ақынның батылдығы. Шындыққа еш бүкпесіз тура қарайтын батылдығы». Жыраулар мен ақындар арасындағы сабақтастықтың негізі осы болса керек. Ақын өлеңдерінің жырау толғауларындай азаматтық –философиялық бағыты айқын, әрі декламациялық сипаты күшті. Жырлаулар толғауларын өткір мәселеге орай суырып-салып шығарғаны белгілі. Ақын да өз шығармаларын қалың оқырманға тікелей арнағандықтан, тақырыбы азаматтық – гуманистік, үгіт-насихат, тәлім-тәрбиелік бағытта болғандықтан осындай ырғақтық –интонациялық әуен өзінен -өзі туады. Шаханов поэзиясы нағыз халықтық поэзия екендігі даусыз. Ақын шығармаларының елге кең тарап, ерекше ілтипатқа ие болғандығының сыры осында.

Бар қазақты тамсандырған,


Таңнан таңға ән салдырған,
Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің.
Зорсығанның көбісі құр сүлде,
Ешкім көзі тірісінде
Ән көгінен дәл өзіңдей табылған жоқ нар сенім,
Қандай ғажап кереметің бар сенің.
Ұлылықққа еліктегіш отысыз, нәрсіз көздер көп,
Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп.

«Қалдаяқов өзені» өлеңнен алынған үзіндіде ырғақ жасауға сегіз, он бір, он бес буынды өлшемдер қатысады. Алуан түрлі ырғақтық құрылымдардың сабақтасуынан туған мәнер де құнарлы. Алынған шумақта өлеңнің мазмұндық өрісіне сай ырғақтық – интонациялық кестесі бірнеше топқа жіктеледі. Бұл құрылымдар өзара үш буынды бунақтардың ұйқасушы негіздері арқылы байланысады. Өзара егіз ұйқас арқылы байланысқан 1-2, 4-5 тармақтарды 3-6-7 тармақтардың өзара ұйқасы және олардың соңғы бунақтарының үш буынды болуы сабақтастырады, 8-9 тармақтар өзара ырғақтық симметрия мен дыбыстық үндестік дәнекер болып тұр. Толғаулардың өр азаматтық үні ақын Ұлықбек Есдәулеттің «Ақтабан шұбырынды. Қожаберген жырау», «Қобда. Исатай қабірі басында», «Қазақстан», «Қазақстан, сен өлсең», «Қара Ертіс» сияқты өлеңдерінен сезіледі. Бұл өлеңдердің көпшілігі жеті буынды жыр үлгісімен өрнектелген. Жеті буынды жыр өрнегі дәстүрлі жырларша ой ағынымен еркін арындамай, ақын өлеңдерінде шумақтарға жіктеліп берілген. Өлең шумақтарының ұйқасу реті еркін және ырғақтық – интонациялық құрылымы айнымалы.

Қазақстан, сен өлсең,
Жалқаулықтан өлерсің,
Аласармай өр еңсең,
Аңқаулықтан өлерсің,
Анталаған өздері
Қанталаған көздері
Қорқаулықтан өлерсің.

Еліне жырауларша батыра сөз арнаған ақын жаны елі үшін жаралы, көңілі қаяулы, артына алаңдаулы. Оның үні жыраулардай айбатты, нық, қатал естіледі. Мұндай үнмен халқының ақылы мен асылы болған абыздар ғана сөз айта алса, ақын да бүгінгі еліне көрегендікпен жыр айнайды. «Өлерсің» деген сөзді ұйқас негізі ретінде алып, бірнеше тармақ соңында қайталау арқылы екпін түсіруі өлеңнің экспресивтік – эмоцианалдық бояуын қалыңдатып, тыңдаушыға әсері күшті сезіледі. «Қара Ертіс» өлеңінің ырғақтық негізін бірыңғай сегіз буынды өлшемнің 3+2+3 өрнегі құрайды.


Қара Ертіс, саған қайранмын:
Қайырылып артқа қарамай
Қақтығып келіп қарадай,
Қаймығу білмес баладай,
Қойып бір кеттің Зайсанға
Қоңырқай тартқан қоладай.

Ұйқас негіздерінің бірдей тұлғалануы, әрі өзара толық дыбыстық үндестікте болуы мен тармақтардың барлығының қ дыбысынан басталуы өлеңнің ырғақтық – интонациялық мәнерін ширата түсіп, Ертіске тікелей тіл қатуы өлеңнің пафосын биіктетіп, толғаулар деңгейіне жақындатады. Өлеңінде Ертіске деген тымқуыт сезімдері яғни, ақынның алаң көңілі мен күпті күдігі, жалпы азаматтық поэзиясы арқау болғандықтан жыраулық сарын өлеңінің ішкі сарайының тереңінен оның болмысының бір қыры ретінде көрінеді.

Қаталап өлген
Қара жер
Қанымды іш те,
Қана бер.......
Құралайдың күнінде
Қырқалансам
Қаһарыма
Қормал болмас түбінде,
Қорқып жатпай інінде,
Қарсы келсе хан егер!
Құдіреті күшті құдайым,
Қызыл қары, сары бала,
Қайғы жұтқан кейуана,
Қаңғып қалған пәруана мынау жұрт ымды
Қан аңсаған қылыштан аман қаға гөр!

«Қобда. Исатай қабірі басында» атты реквиемде тармақтардағы буын сандары жеті-сегіз буыннан он екі буынға дейін ауытқиды. Өлең ырғағы айнымалы, буын сандары әртүрлі өлшемдер өзара еркін сабақтасып, құнарлы ырғақтық-интонациялық жүйе жасайды. Өлеңнен Доспамбет пен Ақтамбердінің отты, уытты, адуынды толғауларының арыны байқалады. Өлең ұйқасы жырлардың желісіне сай ой орамалына сай еркін үндеседі. Тармақтардың ұйқас негіздерінің бірыңғай үш буынды болуы буын сандарындағы айырманы байқатпай, шымыр, келісті, жатық мәнер туғызады. «Құралайдың күнінде қырқарлансам қаһарыма» деген жолдарда ырғақ ізінен ауытқып, мәнерін түрлендіріп қана қоймай, логикалық екпін түсіп, осы тұста мазмұндық өріс шарықтау шегіне жетеді. Мұндай әдіс, яғни ой өзегі айтылған тұста өлеңнің ырғақтық-интонациялық өрісін түрлендіру арқылы немесе дыбысталуы тұрғысынан ой екшеу арқылы назар аудару жыраулар поэзиясына тән. Он екі буынды өлшеммен берілген соңғы тармақтарды тағы бір негізгі ой ұйтқысыз беріледі. Жұмыр да жатық, әрі жеңіл жеті-сегіз буынды өлшемнен туған мәнердің он екі буынды өлшемге кенет ауытқуы бұл тармақтарды ерекше оқшаулап, ырғақтық-интонациялық мәнерді өзгерту арқылы ой екпінін түсіреді.


Өлеңде барлық тармақтың бірыңғай қ сияқты қатаң дыбыстан басталуы өлең өзегіндегі қасірет пен қаталдықты көрсеткендей. Қ дыбысы арқылы өлеңнің эмоцианалдық-экспресивтік бояуы ашыла түседі. Бұл амал ежелден қазақ поэзиясына етене сіңген, оған жазба ақындары да жиі жүгінеді. Мысалы, «Өлген көңіл, ындынсыз өмір» өлеңінде де Шәкәрім қ дыбысынан бастау арқылы жаралы жүрек қасіреті мен оның тағдырының қайғылы, әрі қаралы шешімін шынайы көрсеткен-ді. «Қабағынан қар жауған, Қараңғы бұлт жоғалды. Қас қараймай беті ауған, Қаһарлы жел де оңалды.»
Ақын Б.Беделханұлы «Әже әңгімесі» атты өлеңінде жыр үлгісін белгілі бір шумақ шеңберіне сыйдырады. Жеті-сегіз буынды өлшемдердің еркін сабақтастығына негізделген жыр ағыны жыраулардағыдай еркін арындамай, белгілі бір тармақ сандарымен шектелген шумаққа телінеді. Бұл шумақтарда тармақтардың ұйқасу реті ой оралымына сай еркін құрылады.

...Қасқалдақтан қан кетер


Жас боздақтан жан кетер
Ах ұрып қалған армандар
Адасып жүріп алға өтер.
Жүйкені қылдай ысқылап,
Қорқыттан қобыз-зар жетер.

Ақын өлеңдеріндегі шумақ тармақтарының ұйқасу реті әрқайсысында әртүрлі, ұйқас кестесі еш шумақта бірін-бірі қайталамайды. Бұл шумақта ұйқас өрнегі – ааәаба болса, келесі шумақта – ааәабава. Бұл өлеңдегі әже әнінде жырау толғауларындағындай адам мен қоғам туралы көргендік жасау, кесек ойлар түйіні беріліп, заман зары айтылады.


Қорыта айтқанда, қазіргі поэзияда дәстүрлі өлшемдер мен өзіндік тың құрылымдардың негізінде жыр жазып жүрген ақындар бар. Соңғылары өз поэзиясында жыраулар секілді өлеңнің ішкі сарайын сыртқы пішіні арқылы аша түсіп, өлеңнің ырғақтық-синтаксистік құрылымына ерекше екпін түсіреді. Осы тұрғыдан алғанда бұл қазіргі өлең өнерінің жыраулар поэзиясымен сабақтастығының негізі. Ал жыраулар поэзиясы қазіргі поэзияда өзінің бастапқы қалпында көріне бермейді. Бүгінгі ақындардың шығармашылығында көбінесе тарихи тақырыптағы жырларда толғаулар үрдісі анық байқалады. М.Мақатаевтың «Райыбек, Райымбек», «Дариға жүрек» сияқты поэмаларының жекелеген бөлімдерінде, М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы», «Шыңғыз ханның қателігі», М.Сатыбалдиевтің «Махамбеттің монологы», Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш», Ж.Бөдешұлының «Жақия» атты поэмаларында кейіпкерлердің монологтары мен диалогтарында толғаулар үрдісі сақталған.
Жаңа ұлттық поэзияда жыр үлгісі тақырыптық-идеялық тұрғыдан толық жаңармаған құрылымдық жағынан бірқатар өзгеріске ұшыраған. Қазақтың дәстүрлі жырлары бұл күнде еркін түйдектелмей, шумақ шеңберімен шектелгенін Ұ.Есдәулет, Б.Беделханұлының өлеңдерінен көруге болады. М.Мақатаев өлеңдерінде жырдың ырғақтық-интонациялық құрылымы өз ерешелігін сақтап, бастапқы болмысы бұзылмай беріледі. Ақын бұл ырғақтық-интонациялық жүйені тақырыптық жағынан жаңарта алған. Яғни, жоғарыда аталған ақындардың барлығында бұл құрылым тарихи тақырып аясынан табылса, Мұқағалидың «Басыма менің бақ қондың», «Тұлпарларыммен біргемін» өлеңдерінде ақынның адами сезімдерінен сыр сабақтайды.
Толғаулардың ұзынды-қысқалы өлшемдердің сабақтастығына құрылған айнымалы түрі қазіргі поэзияда кең қанат жайған. Жалпы бүгінгі қазақ поэзиясына айнымалы ырғақтық-интонациялық құрылым тән. Ойға үлкен орын беріліп, мәнері мың түрленіп, жанды,сұлу жеткізу үшін еркін құбылып,түрленетін ырғақтық жүжеден онтайлысы жоқ. Айнымалы ырғаққа құрылған өлеңнің барлығынан толғаулар табы табылмайды. Толғауларды толғау ететін оның азаттық өр үні мен келелі тақырыптық ерекшелігі. Айнымалы ырғаққа құрылған өлеңдердің тақырыптары сан-салалы. Жыраулар өлең шығарушы ғана емес, олар халық қамқоршысы, хан кеңесшісі болғандықтан аса өткір елдік мәселелерді ғана толғаған. Жырау заманының сәуегейі, адамзаттық даналық ойдың қазынасы болған. Толғаулардың еркін үлгісі Т.Әбдікәкімов шығармашылығында өзгеше жаңғырады. Ақын өлеңдерінде ұзынды-қысқалы өлшемдер еркін, жүйесіз сабақтасып,адамзаттың рухани бастауын биік көтеріп келеді.
2. Қазіргі қазақ поэзиясының тағы бір даму арнасы – жаңа лириканы дамыту үрдісі. Бұл үрдістің басында Е.Раушанов, Ұ.Есдәулет, Г.Салықбай поэзиялары көрінеді. Қазақтың жаңа лирикасын жасаушылардың бірі Г.Салықбай поэзиясының ішкі сарайы аз сөзді, «көп сезімді» қалпында көрінсе сыртқы ырғақтық жүйесі әр алуандығымен ерекшеленеді. «Күрделі заманның өнері де күрделі. Өлең аз сөйлеп, көп аңғартатынды шығарды» деген Қадыр ақынның сөзі Гүлнәр өлеңдеріне бағытталғандай. Оның өлеңіндегі айтылмаған сөздерді ырғақтық-интонациялық жүйесінің тың құрлымы мен тыныс белгілері алмастырады. Өлеңнің ырғақ жүйесі мен тыныс белгілер жүйесі көркемдік-бейнелілік қуат алған. Қазақ лирикасы эмоцианалдық мазмұнын жеткізу амалымен баий түсті. «Но взаймодействие звука и слуха невозможно без участия «третьего лица» - тишины, и легко убедиться, что это действующие лицо в поэзии Ахматовой весьма активно» [115,128] – деп зерттеушілер А.Ахматова өлеңдерінің терең сыры мен нәзік сезімталдығы – үнсіздігінде еркіндігін дөп басып айтып отыр. Бұрынғы лирикаларда сөздер неғұрлым мол болып, көркемдегіш құралдардың сан алуан түрлерімен жасанып шығатын лирика бұл күнде үнсіздігімен ойландырып, сезімнің тылсым тұңғиығына тартқандығымен құнды.

Күн еріп кетті.......


Тәтті тамшылары тілімде қалды.
Ыстық тыныштығы үнімде қалды.
Түнеріп кетті.
Дүние.

Осы жаңбыр саған арналады!


Күн жылап тұр......
Мен жылаған жоқпын.
Өзіме ұнаған жоқпын.
Тұнжырап тұр
Дүние.

Осы жаңбыр саған арналады.

Күн үндемейді.....
Менің де тілім қашты.
Жақындағы жұлдыздар жымыңдасты.
Күлімдемейді
Дүние.

Осы жаңбыр саған арналады.



Өлең шумақтарындағы бірінші тармақтан соң болатын үнсіздік, соңғы тармақтың екі тармаққа сынып, сынған бунақтар арасында пайда болатын үнсіздіктен, айтылмаған сөзден өлеңнің мән-мағынасы жеңілдеп тұрған жоқ, керісінше осы үнсіздіктер мазмұнға ой мен сезім салмағын салып тұр. Өлеңде лирикалық кейіпкердің жан дүниесіндегі күйзелісі үш жақты жеткізіледі. Бірінші лирикалық тұлға – күн, екінші бірінші жақтан баяндалатын лирикалық кейіпкерлер – Мен болса, үшінші – лирикалық тұтастық – дүние. Күн бірінші шумақта еріп кетеді. Яғни тура мағынасында лирикалық кейіпкердің шуақты күндері еріп, жоқ болғанды білдірсе, жылап тұрған күн мұңға толы мазасыз күндерді меңзейді, ал соңғы шумақтағы күлімдемейтін күндер лирикалық Менің жанын суытып, жүрегін қаритын күндердің суықтығы. Лирикалық мәннің тәтті тамшылары мен ыстық тыныштығынан айрылғанын түнерген дүние сипаты сездірсе, екінші шумақта лирикалық менің драмасы күшейе түседі. Яғни, өзінің тағдырын мойындағысы келмеген өзінен де, өзгеден де безініп, қайғының қатпарына кете барады. Жылаған күн мен тұнжыраған түн кейіпкер болмысын аша түседі. Күннің үнсіздігі мен меннің тілсіз қалуы, күлкіден қалған дүние меннің басына бұлт үйірілген осы шағын айғақтайды. Ақын поязиясында қазақ әдебиетінде ежелден бар үрдіс психалогиялық параллелизм жаңаша жаңғырады, және жүйелі көркемдік сипат алады.
5-11-11-5-3 аралас ырғақты тармақтардан тұратын шумақта бес буынды 1-4 тармақтар, он бір буынды 2-3 тармақтар өзара ұқсас. Ырғақтар түзеді, әрі ұқсайды. Үш буынды соңғы тармақ жеке қалғанмен, оның артықтығы сезілмейді, оның себебі мағыналық және ырғақтық жағынан алдыңғы тармақпен бірлікте. Бұл бунақтың жеке тармаққа тасымалдануы өлең интонациясын түрлендіріп, және бұл сөзге ерекше екпін түсіп, өлеңнің эмоцианалдық реңкін ашып тұр. Ал еш шумақ құрамына енбей, қайталанатын он буынды тармақ бұл өлеңнің қызығы іспетті. Алдыңғы шумақтарда айтылатын ой мен сезім иірімі осы тармақпен аяқталыа отырады.
Екінші шумақтың ырғақтық суреті – 5-6-8-4-3, үшінші шумақ мынадай ырғақпен өрнектеледеі – 5-7-11-5-3. Осындай бірін-бірі қайталамайтын ырғақтық-интонациялық жүйе өлеңінің ішкі тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелік ерекшелігінен туындап отыр. Өлеңдегі ой образдылығы мен өлең интонациясының әр алуандығы ой мен сезімге аса көркем, аса тереңдің дарытқан. Ал өлең құрылымын көркемдіктің маңызды шешімі ретінде бағалап, өлеңдерінде ырғақтық-интонациялық жүйенің сан түрін жасай білген ақындар көп емес. Г.Салықбай поэзиясы жаңа заманның жалқы адамының ішкі күйін, бар қалтарыс- бұлтарысымен, әрбір сәтін бақылайды. Сондықтан оның өлеңдері дауыстап оқуға емес, өз-өзімен жеке қалып, зерделей оқып, жүрекпен ұғынуға арналған.
Мұндай сөз орнына үнсіздік пен тыныс белгілер жүйесін қосатын ақындар қатарында Е.Раушанова та бар. «Тыныштық семантикасы күрделі, әрі көп қырлы» [115,153] деген пікірге сай ақын лирикасында жиі пайдаланылатын үнсіздіктің мән-мағынасы, емеуріні алуан түрлі. Үнсіздік көбінесе көп нүкте немесе ұзындығы-қысқалы тармақтар арасындағы сабақтастықта көрінеді. Е.Раушанов шығармаларында көп нүтке тармақ басында не соңында келеді. Ол үзілістен кейін айтылар ойға эмоцианалдық мазмұн береді, логикалық екпін түсіріп, өлеңнің идеялық негізін анықтайды.

Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,


Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды,рас,түнімен
Терезем.

Толымсыз сөйлемдер ертінде көрінген қысқа тармақтарды өлеңдегі сезі мен эмоция жинақталады. Қара жаңбыр тілімен сөйлеген аспан,ағыл-тегіл түнде жылаған терезе лирикалық кейіпкердің жан күйзелісінің тереңдігінің өлшемі іспетті. Терезем сөзінің бір тармақта жалғыз берілуі мұңлы сезімнің соншалықты ауырлығын, оның нәзіктігі мен биіктігін байқатқандай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет