16) кәсіби қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;
17) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда
кәсіби дағдыларын сақтау және арттыру үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы
бойынша тағылымдамадан өтуге;
19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, әрекеттеріне және
шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануға;
20) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды
өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
Педагог материалдық қамтамасыз етілуге, көтермеленуге құқылы («Педагог мәртебесі
туралы» Заңның 8-бабы, 9-бабы).
Достарыңызбен бөлісу: