ынтымақтастықты ынталандырады және дамытады. Осыған байланысты дамушы елдердің
қажеттіліктеріне ерекше назар аудару қажет.
Тәрбие білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады. Отбасылық тәрбие міндеттері
18-бапта қарастырылған.
18-бап
1. Ұйымға мүше мемлекеттер баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ата-анасының
екеуінің де ортақ және тең жауапкершілігі қағидатының танылуын қамтамасыз ету үшін
барлық мүмкіндікті жасайды. Баланың тәрбиесі мен дамуы үшін бірінші кезекте ата-анасы
немесе тиісті жағдайларда заңды қамқоршылары жауап береді. Олардың негізгі міндеті
баланың мүдделері болып табылады.
2. Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру және
жәрдемдесу мақсаттарында үйымға мүше мемлекеттер ата-аналарға және заңды
қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындауда тиісті көмек
көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етеді.
3. Ұйымға мүше мемлекеттер ата-аналары жұмыс істейтін балалардың өздеріне күтім
жасайтын қызмет көрсету орындары мен балалар мекемелерін пайдалану құқығын
қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қарастырады.
Балалардың тәрбие алу құқығын қамтамасыз етуде Конвенцияның 29-бабы аса
маңызды болып табылады.
29-бап
Ұйымға мүше мемлекеттер білім беру баланың:
- жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын, ақыл-ой және дене
қабілеттерін барынша толық дамытуға;
- адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысында жария етілген қағидаттарды құрметтеуге;
-
баланың ата-анасына, өз мәдениетінің ерекшеліктеріне, тіліне және
құндылықтарына, өзі тұрып жатқан елдің және өзі шыққан елінің ұлттық құндылықтарына,
сондай-ақ басқа өркениеттерге құрметпен қарауға;
- баланы еркін қоғамдағы өзара түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, ерлер мен
әйелдердің теңдігі және барлық халықтар, этникалық, ұлттық және діни топтар арасындағы,
сондай-ақ жергілікті халық өкілдері арасындағы достық рухында саналы өмірге дайындауға;
- қоршаған табиғатты құрметтеуге тәрбиелеуге тиіс екендігімен келіседі.
Достарыңызбен бөлісу: