Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет32/33
Дата25.11.2023
өлшемі418,31 Kb.
#126224
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

 
Қамқоршылық
– он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқықтары мен заңды 
мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. 
Құқықтық акт
– республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті органдар 
қабылдаған құқық нормаларын немесе жекелеген құқықтық ұйғарымдарды қамтитын белгiленген 
нысандағы жазбаша ресми құжат. 
Лицей
– негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын және қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім 
алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген 
жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін оқу орны. 
Нормативтiк құқықтық акт
– республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi 
орган қабылдаған, заң нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын 
тоқтататын немесе тоқтата тұратын, қағаз жүзіндегі жазбаша ресми құжат және белгiленген 
нысандағы соған барабар электрондық құжат. 
Нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi
– нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк 
құқықтық актiлер сатысындағы заңды күшiне қарай алатын орны. 
Нормативтік емес құқықтық акт
– құқық нормаларын қамтымайтын, өз құзыреті шегінде 
уәкілетті орган шығарған (қабылдаған), жеке белгіленген тұлғалардың заңнамада белгіленген 


құқықтары мен міндеттерін қолданатын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларды, 
сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілерді нақтылайтын жазбаша 
ресми құжат. 
Оқу бағдарламасы
әрбір оқу пәні, әрбір оқу сабағы және (немесе) модуль бойынша 
меңгерілетін білім, білік, дағдылары мен құзыреттерінің мазмұны мен көлемін айқындайтын 
бағдарлама. 
Оқу жоспары
– тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, оқу сабағы 
және (немесе) модульдердің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбек сыйымдылығын), кәсіптік 
тәжірибені, білім алушылардың басқа да оқу қызметінің түрлерінің және бақылау нысандарын 
реттейтін құжат. 
Оқыту
– білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім, білік, дағдылар мен құзыреттерді 
игеру, қабілеттерін дамыту, өз білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін жинақтау және 
өмір бойы білім алуға ынтасын қалыптастырубойынша қызметін ұйымдастырудың мақсатты 
бағытталған процесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет