Глоссарий
Әдістемелік кабинет
– білім беру процесінің ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етілуін,
нәтижелерін талдау мен бағалауды, педагогтердің шығармашылық өсуіне және кәсіби тұрғыдан
өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен
таратуды қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарының құрылымдық бөлімшесі.
Бала
– он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.
Баланың заңды өкілдері
– ата-ана, баланы асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы,
патронат тәрбиелеуші, баланы асырап алған ата-аналар, Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін
қорғауды жүзеге асыратын басқа да тұлғалар.
Бейін алды даярлық
– білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім
беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.
Бейінді оқыту
– білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере
отырып, оқыту процесін саралау және даралау, білім беру процесін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: